- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: bukebay.dina
Ішкі істер министрінің бұрынғы бірінші орынбасары және жақында сенатор болған Марат Қожаев Талғар ауданында 16 жастағы жасөспірімді өлтірген күдіктілер сотына қатысты пікір айтты. Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер депутаттан аталған іс бойынша сот отырысын ашық әрі онлайн өткізу туралы қоғам талабына қатысты пікірін сұрады. Өз кезегінде М. Қожаев ашық талқылау сот шешіміне сәйкес болатынын айтты. «Қоғам ашық сот болуын талап етіп отыр. Менің ойымша, қоғамдағы күрделі мәселелерді ашық түрде талқылау керек», — деді сенатор. Айта кетейік, биыл 4 қазан күні Қазақстан судьяларының съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сотты онлайн өткізудің ұтымды жақтарын айтты. Мемлекет басшысы биыл сот отырыстары алғаш рет…
Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан азаматтығын алу үшін жаңа талаптарды бекітті. «Қазақстан Республикасының азаматтына қабылдау немесе азаматтығын қабылдау кезінде қарапайым деңгейде мемлекеттік тілді кемінде 36 балл, ҚР Констиуциясының негіздерін кемінде 9 балл, сонымен қатар Қазақстан тарихын кемінде 15 балл білу көлемі бекітілсін»,- делінген құжатта. Аталған бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі. Бұған дейін министрлік елімізде Республикалық орфографилық комиссия құрылатындығын мәлім еткен болатын. Құжатқа сәйкес, жаңа комиссияның жұмысына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері мен ғалымдар тартылады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанның еңбек нарығындағы бірқатар өзекті мәселені атады. Мәселен, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары соңғы жылда айтарлықтай нәтиже көрсеткен жоқ. «Соңғы 5 жыл еліміз үшін айтарлықтай өзгерістер мен сынақтар кезеңі болды. Біз экономикалық дағдарысты, COVID-19 пандемиясын, сондай-ақ еңбек нарығына айтарлықтай әсер еткен бірқатар ішкі қиындықтарды да басымыздан өткердік. Ең бастысы осы қиындықтарға қарамастан, біз еңбек нарығында тұрақтылықты сақтай алдық», — деп атап өтті министр Мәжілісте «Қазақстанның еңбек нарығын дамыту және кадрлық әлеуетін нығайту» атты Үкімет сағатында. Оның айтуынша, Қазақстанның еңбек нарығының тұрақты өсуіне қарамастан, мемлекеттің тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етіп, өмір сүру сапасын арттыруы үшін одан…
Тұңғыш президенттің ресми сайты домендік атауын nazarbayev.kz-ке ауыстырғаннан кейін, оның ескі домені қорғалмаған күйде қалып, оны алаяқтар иемденіп алды, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты Halyqstan телеграм арнасына сілтіме жасап. Енді онда Нұрсұлтан Назарбаевтың әдеттегі фотосуреттері мен өмірбаянының орнына, онлайн-казиноны дұрыс таңдау туралы ақпарат пен «ең үздік қазақ казиносының рейтингі» ұсынылып тұр. Қызығы сол, сайттың байланыс бөлімінде бұрынғы президенттің атағы әлі де сақталған, e-mail ретінде support@elbasy.kz көрсетілген. Сілтемені адрес жолына енгізгенде сайт ашылмай, 503 қателігін береді. Алайда Google іздеу жүйесі арқылы өткенде сайт еш қиындықсыз ашылады. Оның үстіне, сайтта порталдың қауіпсіз әрі сенімді екендігіне сендіреді. Еске сала кетсек, осы жылдан бастап онлайн-казино жарнамасына заңмен…
Қазақстандық қант қызылшасын өсірушілер егін жинау науқанын аяқтауға жақын. Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдын ала мәліметтері бойынша, биылғы егін көлемі өткен маусымдағыдан екі есе көп болады деген болжам бар, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты Orda.kz ке сілтеме жасап. Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарасақ, биылғы қаңтар-шілде айлары аралығында елдегі зауыттарда 93,4 мың тонна қант өндірілген, бұл 2023 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 35,6%-ға аз. Еnergyprom.kz сарапшыларының айтуынша, қант өндіру көлемінің төмендеуі елдегі жалпы қант ресурстарына отандық өңдеу кәсіпорындарының үлесін де өзгертті. 2023 жылы өндірістің үлесі 43,2% болса, биыл бар болғаны 29%-ды құрады. Елдегі қант қажеттілігін қамтамасыз етуде импорт көш бастап тұр, оның үлесі 71%-ға жетті.…
Көлік иесінің төленбеген 1,3 млн айыппұлы болған, деп жазады inbusiness.kz сайты. Жүргізушінің сақтандыру полисі де болмаған. Ережеге сәйкес, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылған. Арада біраз уақыт өткенде иесі сол автотұраққа келіп, алдымен көлігіне бензин шашып, жағып жіберген. Содан кейін өзіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген. Полиция қызметкерлері мен куәгерлер өртті дереу сөндіріп, жүргізушіні аман алып қалған. Жүргізуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Бүгін оның қайтыс болғанын Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мен Полиция департаменті растады.
Жоғарғы сот мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді өлтірген екі жігіттің жазасын өзгеріссіз қалдырды. Айта кетейік, сотталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовтың адвокаттары тамыз айында Жоғарғы сотқа екеуін де ақтап алу туралы шағым түсірген. «Судьялар істі кассациялық сотқа жіберуден бас тартты», — делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Осылайша, Жоғарғы сот істі кассациялық сотқа жіберетіндей соттың немесе тергеудің жұмысынан қандай да бір құқық бұзушылықты немесе өзге де негізді таба алмаған. Естеріңізде болса, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде кісі қолынан қаза тапты. Сот үкімі бойынша Денис Тенге шабуыл жасаған Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18…
Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылындағы оқушылардың қатарласына күш көрсетіп, ақша бопсалаған шудан кейін мектеп директоры қызметінен кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткен қыздардың оқиғасынан кейін Кемертоған орта мектебінің директоры Дархан Накысбеков орнын босатты. Бұл ақпаратты өңір әкімдігі растады. «Мектеп директоры өз өтініші негізінде жұмыстан босатылды», – деп атап өтті Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Осыған дейін Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жасар оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, оларды жауапқа тартты.
Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасев Алматы облысының экологиясына 204 миллион теңге зиян келтірген, деп хабарлайды Баймедиа.кз Орда.кз сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы бүгін Антикордың ресми өкілі Данияр Беғайдаров қалдықтар полигондарына қатысты даулы іс бойынша Іле ауданының әкімі Багдат Карасаевтың тұтқындалуына қатысты берген түсініктемесінде айтты. Әкім қоқыс полигондарын сенімгерлік басқаруға тиесілі компанияға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп күдіктелуде. Сонымен қатар, Бегайдаровтың айтуынша, Қарасаев қылмыстық схемаға аудандық қаржы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің басшыларын да тартқан. Ал келісім бойынша қоқыс қалдықтарын жою міндеттемелері орындалмаған. «Оның қызметінен түскен табыс жеке қалтасына кетіп отырған. Заңсыз әрекеттер нәтижесінде Алматы облысының экологиясына 204…
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ЖШС директорының орынбасарына қатысты айыпты үкім шықты, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Сотталушы А. 2023 жылдың шілде айында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты алу мәселесін ҚР Премьер-Министрдің орынбасары арқылы «шешіп бере алатындығын» айтқан. Келесі күні А. К.-ға ҚР Премьер-Министрдің орынбасарымен кездесуге барғанын хабарлап, ол көрсетілген келісім-шартты алуға көмектесуге келіскенін айтқан. Бұл үшін пара ретінде 500 000 АҚШ долларын беретінін ескерткен. 2023 жылғы 9 және 13 шілдеде К. А.-ға 250 000 АҚШ долларын аударған, бұл 111 335 000 теңгеге тең. «А. қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға…