Автор: bukebay.dina

6 қыркүйекте синоптиктер еліміздің бір ғана қаласында қолайсыз метеожағдай күтілетінін болжады, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Синоптиктердің болжамына сәйкес, Ақтөбе мен Алматы қалаларында ауа сапасы ластанады. Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер: Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту; Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту; Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге…

Толығырақ

Статистикаға сүйенсек, 2030 жылға қарай Қазақстанда энергия тапшылығы 30%-ке жуықтайды. Яғни, алдағы 10 жылда елде жалпы қуаты 26,5 ГВт жететін жаңа өндіруші қуаттарды енгізу қажет. Тапшылықтың қауіпсіз, экологиялық таза шешімі – атом электр станциясының энергиясы. Қазір әлемнің дамушы елдері көмір жағудан гөрі атом энергетикасына сүйеніп отырИә, көмірдің 300 жылдық қоры бар Қазақстан үшін бұл станцияны салу қаншалықты орынды деген сұрақ туындайтыны сөзсіз. Алайда қара алтынның қоршаған ортаға келтірер залалы орасан. Сондықтан өндіріс пен экономиканы дамытамыз десек, жасыл энергетика көзін қолдауымыз керек-ақ. 6 қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдумның Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор. Осыған орай еліміздегі беделді саяси…

Толығырақ

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы ел экономикасын декарбонизациялауға ықпал ететін «Green Kazakhstan» атты қоғамдық қор құруды ұсынды, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған экологиялық сын-қатерлерге жауап ретінде партия экологиялық жағдайды жақсартуға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландыратын қоғамдық қор құру идеясын көтеруде. Бұл туралы Астана қаласында партияның бас ғимаратында өткен пресс-конференцияда айтылды. «Green Kazakhstan» қорының жұмысын бастаған соң ұлттық ESG-платформасын құрып, ұлттық ESG қағидаларын әзірлеп енгізуді көздеп отырмыз. Бұл бағытта халықтың сеніміне ие бірде бір қор жоқ. Мәселе елдің экологиясы мен экономикасына, денсаулық сақтау саласына тікелей байланысты болғандықтан қордың жұмыстары ашық әрі сенімді болуы тиіс. Яғни, қайда, қанша…

Толығырақ

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы «Green Kazakhstan» қоғамдық қорының құрылатынын ашық жариялауда, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Бұл туралы бүгін пресс-конференцияда «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев пен «Парасат» кәсіпкерлер альянсының басқарма төрағасы Олег Пак «Green Kazakhstan» қоғамдық қорына кеңінен тоқталып өтті. – Президентіміз жаңа Жолдауында экологиялық мәселелерге тоқталып, ESG қағидаларына сай        жоспарлы жұмыс істеу керегін сөз етті. Мәселен, ірі кәсіпорындар мен орналасқан жердегі тұрғындар арасында жиі-жиі жанжал туындап, түсініпеушіліктер пайда болады. Аталған қағидаға сай жұмыс істеу осындай мәселелерді жеңілдетеді. «Байтақ» жасылдар партиясының да басты мақсаты экологиялық мәселелерді шешуге бағытталғандықтан бұл тақырыпта тәжірибеміз бар. Соңғы жылдары елдегі экология саласын дамыту үшін халықаралық ұйымдардан,…

Толығырақ

Әлеуметтік желілердегі 15 қыркүйектен бастап карантин шектеулері енгізіліп, барлығына бетперде тағу міндеттеледі деген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау комитеті мәлімдеді. – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының  эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес, осы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі. Ал коронавирус инфекциясының жағдайы бақылануда. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді, – делінген ресми хабарламада. Осы ретте, Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардан ресми ақпарат көздеріндегі сенімді мәліметке…

Толығырақ

Отандық медицинаға бөлінген 3,3 триллион теңгенің нәтижесі көрініп жатқан жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек екенін атап өтті. Қазір міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жеке меншік медицинаға зор пайдасын тигізе бастаған. Ал, сала мамандары медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеліп соқтыратынына тоқталды. Мақсұт Құлжанов, медицина ғылымдарының докторы: Цифрландыру жүйесін бір мәмілеге келтіру керек. Қазір бәрі бөлініп-бөлігіп кеткен. Біз емес, бізге дейін 10 шақты ақпаратттық жүйелер. Бір-бірімен келіспейді. Мынаның ақпараты мынаған жалғаспайды деген сияқты.…

Толығырақ

Полиция күдіктіні ұстап, уақытша қамау орталығына орналастырған. Облыс орталығында 10 жасар қызға азғындық әрекет жасаған азамат ұсталды. Ол Павлодар қаласында футбол бапкері болып қызмет еткен. Ер адам кәмелетке толмаған қызға тиісіп, оны кейбір әуретті жерлерін ұстауға мәжбүрлеген. Ол жасөспірімді қонақүйге алып кетіп, кейін үй ауласына қайтарған. Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлады. «Кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді департаменттен.

Толығырақ

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, облыс аумағында жол ережесін бұзушылықты анықтау мақсатында «SuncarSmartQorgau» жүйесі кеңінен қолданылады. «Аталмыш жүйенің көмегімен Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірі көрсетілген Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі анықталып, қолға түсті. Ол қала аумағында үш күнде 39 рет жылдамдық режимін арттырған. Айыппұлдың жалпы сомасы — 1 млн теңге. Көлік арнайы автотұраққа қойылды. Тексеру кезінде көліктің техникалық талаптарға сай еместігі және өзге де жол ережесін бұзу фактілері белгілі болды», – деп хабарлады ведомстводан.

Толығырақ

Экономиканың тұрақты әрі қарқынды дамуы маңызды. Бұл ретте ESG қағидаттарының рөлі басым. Соңғы жылдары жаһандық деңгейде кеңінен қолданысқа еніп келеді. Тіпті экономиканың ажырамас міндетті бөлігіне айналды. Былтырғы президент Жолдауында ESG қаиғдаларын қолданысқа енгізу бойынша тапсырмалар беріліп, кеңінен талқыға түскен болатын. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы аталған бағытта жоспарлы жұмыс істеуге, нақты іске көшуге дайын. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаевтың тапсырмасы бойынша партияның атқарушы хатшысы Нұрлан Көптілеутегі өңірлердегі филиалдардың жұмысын жүйелендіру мақсатында кезекті сапармен Атырау өңіріне келді. «Байтақ» жасылдар партиясының атқарушы хатшысы Нұрлан Болатұлы аталған бағыттағы жұмысты нығайту және өзара ашық диалог құру мақсатында Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Орақұлымен, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы…

Толығырақ

Сондай-ақ, елде діни негіздегі саяси партиялар құруға тыйым салынбақ. Қырғызстанда дін саладағы заңнамалық актілерге өзгертулер енгізуді көздейтін құжат жобасы қоғамның жария талқысына ұсынылды. Қарастырылып отырған өзгерістердің бірі киім кию мәдениетіне қатысты, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Атап айтқанда, бетті бүркейтін және адамның кім екенін тануға мүмкіндік бермейтін киім кигендерге 20 мың сом көлемінде (шамамен 115 мың теңге) айыппұл салынуы мүмкін.  Қырғызстандық 24.kg жазуынша, айыппұлдан еңбек және кәсіби қызметіне байланысты немесе медициналық қажеттіліктер бойынша бетін бүркемелегендер ғана босатылады. Ал қалған жағдайда қоғамдық орындарда және мемлекеттік мекемелерде мұндай киім кигендерге айыппұл салынуы тиіс. Сондай-ақ, құжатқа енгізілуі мүмкін өзгерістер діни негіздегі саяси партиялар құруға тыйым…

Толығырақ