• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Green Kazakhstan» қоғамдық қоры құрылады

«Green Kazakhstan» қоғамдық қоры құрылады

4 сентября, 2024 Қоршаған орта

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы «Green Kazakhstan» қоғамдық қорының құрылатынын ашық жариялауда, деп хабарлайды Баймедиа.кз.

Бұл туралы бүгін пресс-конференцияда «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев пен «Парасат» кәсіпкерлер альянсының басқарма төрағасы Олег Пак «Green Kazakhstan» қоғамдық қорына кеңінен тоқталып өтті.

– Президентіміз жаңа Жолдауында экологиялық мәселелерге тоқталып, ESG қағидаларына сай        жоспарлы жұмыс істеу керегін сөз етті. Мәселен, ірі кәсіпорындар мен орналасқан жердегі тұрғындар арасында жиі-жиі жанжал туындап, түсініпеушіліктер пайда болады. Аталған қағидаға сай жұмыс істеу осындай мәселелерді жеңілдетеді.

«Байтақ» жасылдар партиясының да басты мақсаты экологиялық мәселелерді шешуге бағытталғандықтан бұл тақырыпта тәжірибеміз бар. Соңғы жылдары елдегі экология саласын дамыту үшін халықаралық ұйымдардан, мемлекеттен, елшіліктерден, жергілікті басқармалардан көптеп қаржы бөлінуде. Алайда осы қаражатқа жауапкершілік алып, ашықтықты басты ұстаным ететін халықтың сеніміне ие бірде бір қор жоқ. Мәселе елдің экологиясы мен экономикасына, денсаулық сақтау саласына тікелей байланысты болғандықтан қордың жұмыстары ашық әрі сенімді болуы тиіс. Яғни, қайда, қанша теңге аударылып жатыр, нәтижесінде қанша пайда алынды, барлық қаржылық операциялар туралы ақпарат ашық жарияланғаны жөн. Міне, сондықтан партия елдің сұранысына сай қоғамдық қор құруға шешім қабылдады. Қорды басқармағанмен, оның жоспарлы жұмыс істеуіне қоғамдық бақылау жүргізіп отырамыз.

«Green Kazakhstan» қоры мынадай бағыттарды негізге алып отыр:

  1. Экологиялық бастамаларды қаржыландыру: қор елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жобаларды қолдау үшін әртүрлі көздерден қаражат жинайды;
  2. Экология саласындағы тәжірибе, білім және үздік әлемдік тәжірибелермен алмасу алаңына айналады;
  3. Қор экология мәселелері бойынша қоғамдық пікірді белсенді қалыптастыра отырып, халық арасында экологиялық мәдениетті ілгерілетеді;
  4. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал ете отырып, ұлттық ESG қағидаларын әзірлейді;
  5. Қор Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға белсенді қатысатын болады, – дейді партия төрағасы.

Айта кетейік, жаңа қор ҚР Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларына сәйкес құрылатын болады.

Партия төрағасының айтуынша, қор өз жұмысын жақын арада бастайды. Алға қойған мақсаттарға жету үшін мемлекеттік органдармен, бизнес-құрылымдармен, халықаралық ұйымдармен және жұртшылықпен тығыз ынтымақтасады деп жоспарлануда.

Оқылып жатыр

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

Алдағы күндері күн күрт суытады

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025359 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.