Автор: bukebay.dina

Осы мақсатқа бюджеттен 54 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Аталмыш көмек – табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын азаматтарға ғана беріледі. Ақшалай қолдаудың негізгі мақсаты – еңбекке қабілетті азаматтарға жәрдемдесу арқылы, отбасыларды қиын өмірлік жағдайдан шығару. Бұл көмек кірісі аз отбасылардағы 1 мен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайынғы қосымша төлем ретінде беріледі. Сондай-ақ жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті азаматтарға грант беру секілді жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі. Бүгінде қазақстандықтар қаржылай көмекті алу үшін тұрғылықты жеріне сәйкес, мансап орталығында немесе…

Толығырақ

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп асханаларындағы басты мәселелерді атады. Бейсембаевтың дерегінше, бүгінгі таңда 1,7 млн оқушы мектептерде тегін ыстық тамақпен қамтылған, бұған жергілікті бюджеттен 162 млрд теңге бөлінді. Еліміздегі мектеп асханаларының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне қыркүйек-қазан айларында мониторинг жүргізілді. — Республикалық мониторинг қорытындылары мектептегі тамақтандырудың ұйымдастырылу сапасына қатысты сұрақтардың туындауы атқарушы органдар тарапынан әлі де болса бақылаудың жеткіліксіздігін көрсетіп отыр, бұл заңнама талаптарының бұзылу фактілерінен де байқалып отыр. Дәлірек айтқанда, мониторинг жұмысының барысында 771 бұзушылық анықталғанын атап өткім келеді, — деді министр. Сондай-ақ министрлік мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысына кешенді бағалау жүргізді. — Бағалау кезінде тамақтандыру…

Толығырақ

Мәскеу де, Киев те кең ауқымды соғыс басталғалы бері әскр шығыны туралы мәліметтерді құпия сақтауда, ал ресейлік әскерлер «тірі толқындардың» шабуылдары салдарынан үлкен шығынға ұшырайды деген тұрақты хабарламаларға қарамастан, олардың мақсаты — Украина қорғанысын түгесу. Алайда Ұлыбритания қорғаныс ведомствосының басшысы Тони Радакин Би-Би-Сиге қазан айында ресейлік әскерлер Украинаға 2022 жылдың ақпанында толыққанды шабуыл басталғаннан бері ең көп шығынға ұшырағанын айтты. Оның айтуынша, Мәскеу әскерлері күніне орта есеппен 1500 адам қаза тауып, жараланған, нәтижесінде соғыс басталғаннан бері жалпы шығын 700 000 адамды құрады. Радакиннің айтуынша, қарапайым ресейліктер Украинаның өнеркәсіптік шығысында көп айлық ресейлік шабуыл өз жемісін беріп жатқанына қарамастан, соғыс үшін…

Толығырақ

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ел тарихында алғаш рет жалпыға бірдей декларациялау толық күшіне енеді, деп хабарлайды Баймедиа.кз инбизнес сайтына сілтеме жасап. Бұған дейін шенеуніктер, депутаттар, бизнесмендер ғана табысы мен шығысын салықшыларға жариялап келсе, енді 18 жасар баладан еңкейген шалға дейін жыл сайын, өле-өлгенше мемлекетке барлық дүние-мүлкі туралы егжей-тегжейлі есеп тапсырып тұрады. Тапсырмаса, қаптаған жазаның астында қалады. Мысалы, қазірдің өзінде декларациялаудың үшінші кезеңіне іліккен, бірақ оған мән бермеген азаматтардың банктік шоттары, салымдары, карталары жаппай бұғатталып, несие алу, кредит төлеу, ақша аудару және басқа банктік қызметтерді тұтынудан аласталып жатыр. Алда елді жаппай айыппұл салу жазасы күтіп тұр. «Декларацияны тапсырмаса не болады?…

Толығырақ

Бүгін елордада өтіп жатқан «Әйелдер қанаты: Табысты жыл қорытындысы – ұлттық идеядан жаһандық ынтымаққа» форумында Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов сөз сөйлеп, «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатының бір жылы табысты болғанын айтты. – Әлеуметтік-мәдени даму комитеті әйелдерге қатысты маңызды мәселелерді қамтиды. Парламентте істегенімде біраз ауқымды сұрақтарды бірге қарастырғанымыздан жақсы білемін. Өңірдегі шағын идеялардың еліміз бойынша қалай шешілгенін көріп, тәнті болдық. Ұсақ-түйек проблема демей, жалпы зерттеп, республикалық деңгейге жеткізіп, көп мәселе республика  көлемінде шешіліп отыр. Бүгіннің өзінде Кичинская Юлия   Владимировна мен Әйелдер қанаты үлкен мәселе қозғап, Үкімет тарапынан өзгеріс енгізіп, заң жобасына қабылданды. Бұл – қорғаншылық…

Толығырақ

Алматы облысының прокуратурасы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Мейірімді періште» жекеменшік гимназиясының мұғалімдерінің еңбек құқықтарын қалпына келтірді, – деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты Aikyn.kz сілтеме жасап. «Мектеп басшылығы банкроттық сатысында болғандықтан, мұғалімдерге алты айдан астам уақыт жалақы төлемеген. 56 мұғалімге қарыздың жалпы сомасы 40 млн теңгені құрады. Атқарушылық өндірістер жүргізілгеніне қарамастан, қызметкерлер алдындағы міндеттемелер орындалмаған», – делінген хабарламада. Прокуратураның араласуының нәтижесінде борышкердің жылжымайтын мүліктері анықталып, сатылымға шығарылды. Түскен қаражат қарыздарды өтеуге бағытталып, педагогтердің еңбек құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді. Прокуратура азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастыруда.

Толығырақ

Сот алғашқы үкімін 2020 жылы шығарды. Сол кезде ол жергілікті белсенді Галина Арзамасоваға шабуыл жасағаны үшін жеті жылға сотталды. Екі жылдан кейін Аппазов санаторий-курорттық, су қорғау аймақтары мен суару желілерінен жер телімдерін беру кезінде қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп сотталды. Сот бірінші іс бойынша өтелмеген жазасын ескеріп, оны сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Сөйтсе Аппазов былтыр бостандыққа шыққан. 2023 жылдың қыркүйегінде Қонаевтың соты жазаны жеңілдету туралы өтінішті қанағаттандырған. Аппазов қалған жазасы үшін айыппұл төледі, бірақ оның мөлшері жарияланбады. Қадағалау органы жазаның үштен бірінен астамы өтелгенін, жақсы мінез-құлық танытқанын ескерген. Алайда прокуратура сот шешімін бұзуды талап етіп, шағым түсірді. Апелляциялық сот оны ақпанда қолдап,…

Толығырақ

Бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты екі сот ісі болған. “Бір талап арызды қанағаттандырусыз қалдырған, себебі талапкер – шағым түсіре алмайтын тұлға. Ол петицияның авторы немесе өтініш берушісі болған жоқ. Ол қол қойған мүшелер атынан сотқа шағым түсірді. Тиісті процессуалдық сот шешімдері бар. Екінші талап қою үшін де процессуалдық негіздер болды, бірақ іс жүргізу болған жоқ», – деді министр. Өскемен тұрғыны Серікжан Ахметжанов Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі сотына үкіметке қарсы шағым түсіріп, уақытты өзгерту туралы шешімді заңсыз деп тану және күшін жоюды талап етті. Ер адам өзі өскемендік заңгер екен. Ахметжановтың айтуынша, сотқа шағымдануының басты себебі — балаларының сабақтан үйге қараңғы уақытта…

Толығырақ

Қазақстанда биыл жол апаты жиілеп, зардап шекендер көрсеткіші рекордтық деңгейге жеткен, деп хабарлайды Баймедиа.кз стан.кз сайтына сілтеме жасап. Деректерге сенсек, жағдайлардың 96%-ында жол көлік оқиғасының кінәлілері жүргізушілер (олардың 83%-ы ер адамдар). Ал жолаушылар арасында жиі зардап шегетін әйелдер мен балалар. Жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде әлемде жол апатының құрбандарын еске алады. Биыл атаулы күн 17 қарашаға келіп тұр. Бұл күні Қазақстанда да жол апаты мен өлім-жітім мәселелеріне назар аударатын іс-шаралар өтеді. Жол апатына байланысты статистикаға сенсек, 2024 жылы елімізде көрсеткіш нашарлаған. Апаттан зардап шеккендердің саны екі есе, ал қаза тапқандар саны 9% өскен. 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында жол апатынан 29,5 мың адам зардап шеккен.…

Толығырақ

Режиссер Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» фильмі Оскар сыйлығына үміткерлер қатарына кірді, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Туынды Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген. Отандық фильм Оскардың “Шетел тіліндегі ең үздік фильм” номинациясы бойынша үміткерлер қатарынан табылды. Айта кетейік, фильм жақында «Тұлпар» ұлттық сыйлығын иеленген еді. Кейін Оскар комитетіне «International Feature Film» номинациясы бойынша Қазақстаннан ұсынылған болатын. Кинода бауырына салу дәстүріне сәйкес әжесінің тәрбиесіне берілген баланың бастан кешкені баяндалады. Әжесі дүние салғаннан кейін бала биологиялық ата-анасына қайтарылады. Алайда бала үшін олар бөтен адамдар сияқты әсер етеді. Еске салайық, Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. 9-13 желтоқсан аралығында академиктер шортлист жасақтайды,…

Толығырақ