- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: bukebay.dina
Енді қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді ала алады және жібере алады. Бұл «Цифрлық мәліметтер» сервисінің жаңартылуы арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды Баймедиа.кз. «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ мәліметінше, енді пайдаланушылар өздерінің әскери қызметке шақырылу мәртебесі мен әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты смартфонынан тікелей қарап, бөлісе алады. Жаңа функциялар деректерге қолжетімділікті одан әрі ыңғайлы және жеңіл етеді. Қосымшаның жаңартылған нұсқасында екі жаңа цифрлық мәліметтер қолжетімді: Әскери қызметке шақыру туралы ақпарат – азаматтың шақыру мәртебесі, сондай-ақ шақыру мерзімі туралы толық деректер; Әскери қызметке қатысуға қатысты мәліметтер – азаматтың әскери міндеттілік мәртебесі туралы өзекті ақпарат. «Азамат өз мәліметтерін ЖСН, компанияның БСН-і…
Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды; Алмұрат Асылмұратұлы Тұрғанбеков Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Жанна Ниязбекқызы Сағынова Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Money Super Market-тің Internet Accessibility Index рейтингінде ең төменгі құны 1 ГБ деректері бар елдер арасында 9-шы орынды иеленді. Қазақстандағы Интернеттің орташа бағасы 1 ГБ үшін небәрі 0,61 доллар. Әлемдік контексте Қазақстан бірқатар елдерден озып тұр. Олар: – Ресей (0,69 доллар); – Түркия (0 0,79); – Қытай (0 0,90). Жалпы, Орталық Азия елдерінде интернет қолжетімді бағада.
Төл теңгенің тарихы 1990 жылдары бұрынғы Кеңес Одағы ыдырап, әр республика өзінің тәуелсіздігін жариялаған соң, тәуелсіз елдер бірінен соң бірі ұлттық валютасын бекітіп, айналымға енгізе бастады. Аталған тарихи оқиғадан Қазақстан да қалыс қалмады. Осылайша, 1993 жылы 12 қарашада Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын айналымға енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. 1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға шықты. Бұл күн – ұлттық валюта – теңге күні саналады. Ұлттық валютаның айналымға енуіне байланысты ел тарихындағы мынадай үш маңызды датаны атап өтуге болады: 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді. Осылайша, ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы…
Таразға барған Нұрқожа Қайпановты Жамбыл облысының азаматтары құр қол жібермей, сәйгүлік сыйға тартқан, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Олар спортшыны жеңісімен құттықтап, Олимпиада чемпионы болуына тілектестік білдірді. Нұрқожа Қайпанов Тиранадағы (Албания) әлем біріншілігінде еркін күрестен 70 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған еді. Ол финалда жапон балуаны Ешиносуке Аоягимен күресіп, 5:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанған екінші қазақ балуаны атанды. Былтыр Сербия астанасы Белградта Ризабек Айтмұхан 92 кг дейінгі салмақта топ жарған еді. Нұрқожа Қайпановтың еншісінде Азия чемпионатының екі алтыны (2019, 2021), Азия біріншілігінің және әлем чемпионатының күмісі (2022, 2019) және әлем біріншілігінің алтыны (2024) бар.
Қайырымдылық қорларының айналасындағы дауға қатысты заңгер, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек пікір білдірді, деп хабарлайды Баймедиа.кз сн.кз сілтеме жасап. «Ниеті дұрыс емес адамдар жеке бас пайдасы үшін қор ашып, халыққа арзан үйлер алып беріп, қымбат үй сыйлап жатқандай көрсететін болған. Бұл дабыл қағатын дүние. Өйткені халыққа пайдасын тигізіп жатыр ма террористерді қаржылай қамтамасыз етіп жатыр ма белгісіз. Себебі мұның есебі, сұрауы болмағаннан кейін осындай жағдайлар орын алып жатыр. Қорларды бұрыннан-ақ тексеру керек еді. Тіпті қорларды ашқызуға тыйым салу керек”, – дейді президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек. Айгүл Орынбек халық әр тиынның есебін сұраған кезде…
Бұл туралы блогер Тимур Асылханов өз инстаграм парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, қазақстандық Тайландта жүргенінде түскі аш ісіп, қате ақша төлеп жіберген. Ол бір түскі асқа 3 миллион теңге төлеп кеткен. ”Тайландта түскі асқа 3 млн теңге төлеген қазақстандықты жаппай іздестіріп жатыр. Фейсбукта пост жариялап, барлығы репост жасап жатыр. Табылады деген үміттемін. Тіпті ресторан басшылығы қазақстандық банкке шығып, карта иесі туралы ақпарат сұрастырды. Ақшаны кері қайтарудың барлық жолын іздестіруде”,- деді ол.
Энергетика министрлігі дабыл қағып жатыр: бұрынғы Индустрияландырудың бесжылдықтары кезінде мұнай-газ химиясы саласында аса қымбат бірнеше жоба жүзеге асырылып, газ өңдейтін зауыт-кәсіпорындар іске қосылды. Алайда олар шикізаттың жоқтығы кесірінен, толыққанды жүктеле алмай отырған көрінеді. Бұған ведомство көгілдір отынды көп тұтынады деп халықты айыптады. «Қазіргі уақытта елдегі мұнай мен газды өңдеу тізбегі негізінен мұнай өнімдері мен газға деген халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған», – деп хабарлады министрлік. Қолданыстағы «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылардың шығарған шикі газын, сондай-ақ олар өңдеу процесінде өндірген тауарлық газын сатып алуда Қазақстан артықшылық құқыққа ие. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар ол шикізатын мемлекетке…
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың атына жазылған депутаттық сауалда мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған азаматтардың еңбек құқықтарын әлеуметтік қолдау мен реттеуде, әсіресе зейнетақымен қамтамасыз ету және мерзімінен бұрын зейнетке шығу мүмкіндігінде айтарлықтай олқылықтар бар екені айтылған. Жаңа реформа кімдерге әсер етуі мүмкін? Қазір Қазақстанда ерлер үшін зейнетке шығу жасы 63 болса, әйелдер үшін 61 жас деп белгіленген, 2031 жылға қарай әйелдер үшін оны 63 жасқа дейін арттыру жоспарланған. Зиянды өндірістерде істейтін жұмыскерлер сияқты белгілі бір санаттар үшін зейнетке ерте шығу жеңілдіктері қарастырылған, бірақ бұл мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына қолданылмайды. Мүгедектігі бар адамдар әсіресе қартайған…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысу үшін Баку олимпиадалық стадионына барды. Мемлекет басшысын Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды. Президент СOP29 саммитінің пленарлық сессиясында ең бірінші болып сөз сөйлейді.