Автор: bukebay.dina

Метеорологиялық ұйым мәліметінше, 2015 жылдан 2024 жылға дейінгі кезең тарихтағы ең жылы онжылдық болмақ. Ұйым климаттың күрт өзгеруіне байланысты «қызыл қауіп деңгейін» жариялады. Ол атмосфераға парниктік газдар шығарындыларының таралуынан жеделдеп жатыр. «Мұздықтардың еруі, теңіз деңгейінің көтерілуі және мұхиттардың жылынуы жеделдеп жатыр. Ал экстремалды ауа райы бүкіл әлем экономикасына зиянын тигізіп отыр. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығындағы орташа жаһандық жер бетінің температурасы өнеркәсіпке дейінгі деңгейден 1,54 градус Цельсий жоғары болды. Бұл Эль-Ниньо табиғи құбылысынан туындаған жылынуға көмектесті», – делінген БакудеГІ БҰҰ-ның климаттық конференциясының ашылуында. Біріккен ұлттар ұйымының мәлімдеуінше, Париж келісімінің мақсаттары орындалмауы мүмкін. «Климаттық апат халықтың денсаулығына зиянын тигізіп, теңсіздікті арттырып, тұрақты дамуға…

Толығырақ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев аймақта Жаңа жыл мен өзге де мерекелік шараларға 28 миллион теңге бөлінгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. «Облыс бойынша 12 аудан мен 1 қаладағы безендіру жұмыстарына 28 миллион теңге бөлінген. Бізде мен бұл қызметке келгенге дейін сатып алынған шыршалар бар, соларды биыл да қолданамыз. Сәйкесінше жыл сайын жаңа шырша сатып алып жүрмейміз», – деді ол. Нариман Төреғалиевтің сөзінше, жаңажылдық отшашуға биыл қосымша қаражат қарастырылмаған. «Отшашуды да осы 28 миллион теңгеге сатып аламыз. Сонымен қатар осал топтан шыққан балаларға арналған сыйлықтар алынады. Жыл сайын мұқтаж және ерекше балаларды қалаға шақырып, шара өткіземіз. 12 аудан мен…

Толығырақ

AIRАN журналистері Қуандық Бишімбаевтың Аршалы ауылындағы колонияда жоқ екенін айтты. Тілшіге колониядағылар Бишімбаевтың Аршалыда жоқ екенін, ол шілде айынан бастап қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталушының қайда екендігі туралы ақпаратты жарияламағанын және оны құпия ұстайтынын айтты. Экс-министрдің шілде айынан бері қайда екені белгісіз. Ал Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік желіде пайда болған сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты колониядан табу мүмкін болмады деген ақпаратқа түсініктеме берді. “Әлеуметтік желіде сотталып жазасын өтеп жатқан Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кетті деген ақпарат тарауда. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр”, — делінген хабарламада. Қылмыстық тергеу комитеті қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және…

Толығырақ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2025 жылы Қазақстанда төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгеретіні айтылды,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 2025 жылдың басынан бастап балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың барлық мөлшері 6,5 пайызға арттырылатын болады. Әлеуметтік кодекске сәйкес балалары бар отбасыларға республикалық бюджет қаражатынан мынадай жәрдемақылар тағайындалады: 1) баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері мынадай болады: 1-ші, 2-ші, 3-ші бала туылған кезде — 149 416 теңге (38 АЕК); 4 және одан көп бала туған кезде — 247 716 теңге (63 АЕК). 2) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оған күтім жасауға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (жұмыс істемейтін…

Толығырақ

Бұған дейін отандық БАҚ-та «зейнетке шыққан, бірақ жұмыс істеп жүрген азаматтарға зейнетақы тоқтатылуы мүмкін» деген ақпарат тараған болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова аталған мәселеге нақты жауап берді, хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. «Өткен жұмада Еңбек ресурстарын дамыту орталығында БАҚ өкілдерімен бейресми кездесу өткіздім. Бұл сауал сол кездесуде қойылды, бірақ менің жауабымнан контексті жұлып алған. Мен зейнетке шығудың 2 тәсілі барын, яғни ерте мен кеш шығу және бұл әзірге ұсыныс екенін айттым. Бұл ұсыныс қазір зейнетақы алып отырған азаматтарға ешқандай кедергі келтірмейді. Олар қалай зейнетақысын алды, қалай жұмыс істеп отыр, солай әрі қарай жалғаса береді», — деді ол Үкімет отырысынан кейінгі…

Толығырақ

Жоғары сот кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенованың сөзінше, судьялар тарапынан сот ісін қарау кезінде заң талаптарын бұзу көбейген. «2024 жылдың 9 айында нақты сот ісін қарау кезінде 21 судья заң талаптарын өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Былтырғы осы кезеңде 9 судья жазаланған еді. Яғни бұл көрсеткіш 9 айда екі жарым есеге жуық өсті», – деді Сисенова. Сонымен қатар Нұрия Сисенова судьялар үшін жауапкершілік күшейтілгенін қосып өтті. Мысалы, 1 қазаннан бастап нақты істі қарау кезінде заңды өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартудың жаңа механизмі енгізілген. “Судьяларда ерекше мәртебе болғандықтан, жауапқа тарту да ерекше мәртебеге ие болады. Оған сәйкес екі шарт болуы керек, яғни судья…

Толығырақ

Грек-рим күресінен Албаниядағы олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізген Ержет Жарылқасын әлемнің ең үздік балуандарының көшін бастады. 63 келі салмақта өнер көрсететін отандасымыз Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған әлемдік рейтингінде ең үздік балуандардың алдында тұр. Ержет 47000 ұпаймен әлем чемпионатының финалында ұтылған әзірбайжандық Нихат Маммадлиді артта қалдырған. Ал үздік үштікті 31000 ұпаймен армениялық Карен Асланян қортындылап тұр.

Толығырақ

Естай көшесіндегі үйдің ауласында 67 жастағы әйелді ағаш басып қалды. Оқиға орнына жеткенше 6 минут уақыт кетті. Өлімге әкелетін жарақаттар алған әйел оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның екі аяғы, кеудесі, жамбас сүйектері мен омыртқасы сынған. Сондай-ақ ішкі ағзаларына зақым келіп, 3-4 дәрежелі травматикалық шок алған”, – делінген хабарламада. Жедел жәрдемге 7 қараша күні сағат 9.37-де қоңырау түскен. Синоптиктердің хабарлауынша, 7 қарашада Павлодар облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жел екпіні 23-28, кей жерлерде 30 және одан да көп болады. Айта кетейік, Павлодарда бірінші және екінші ауысымдағы мектепке дейінгі білім беру, 1-11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждің 1-2 курс студенттері қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.

Толығырақ

Қазақстанда коммуналдық қызметтерді тұтынудың әлеуметтік нормалары бекітілді. Енді ел тұрғындары коммуналдық қызметтерді кім және қанша тұтынатынына байланысты әртүрлі төлейді. Президент Тоқаев биыл халыққа жолдауында жыл соңына дейін энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөнінде ұлттық жобаны бекіту қажетін айтқан еді. “Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Келесі жылдан бастап “көп тұтынсаң — көп төлейсің“ қағидатын басшылыққа алып, тұтынудың нақты нормаларын енгізу қажет», – деді президент. Қазақстанда коммуналдық қызметтердің төмен тарифтерін ескергенде, энергия мен суды тұтынудың деңгейі әртүрлі. Артық көлемде тұтыну — бұл ресурстарды ысырап ету. Ендеше әлеуметтік нормаларға толығырақ тоқталайық. Сумен жабдықтау саласында тұтыну лимитіне байланысты төрт…

Толығырақ

Ақтөбе қаласындағы Смағұлов көшесіне қар жауғанда асфальт төселді. Енді әкімдік мердігерді сотқа бермек. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында көшеге асфальт төселуі тиіс болды. Тапсырыс беруші — Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімдігі. Алайда мердігер жазда емес, күз келіп, қар жауғанда асфальт төседі. Әлеуметтік желідегі бейнежазбадан асфальттың әп сәтте үгітіліп жатқанын көруге болады. — «Alau Qurylys04» ЖШС Алматы ауданына ескертпей, өз бетімен асфальт әкелген бүгін. Алматы ауданы әкімдігінен өкілдер барып, мердігерге ескерту жасады, жұмысы қабылданбайтыны, келісімшарт үзілетіні ескертілді. Сотқа беріледі, — деді Алматы ауданы әкімдігінің сектор меңгерушісі Алмас Ержанұлы. Еске салсақ, Ақтөбе қаласы Марат Оспанов көшесінде жол жөндеген мердігер жаңбыр күні жұмысын тоқтатпады. Олар…

Толығырақ