- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: bukebay.dina
Қарағанды, Балқаш, Теміртау және Шахтинск қалаларында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша 14 жоба іске асырылуда. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді. «Қарағанды облысында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қарағанды, Балқаш, Теміртау және Шахтинск қалаларында 31,5 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылуда. 17 шақырым магистральдық жылу желілері ретке келтірілді. Бұл желілердің тозуын 64,4%-ға дейін төмендетеді», — деді өңір басшысы. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында соңғы 30 жылдағы ең ірі жобалардың бірі қолға алынуда. Бұл Қарағанды қаласындағы үшінші жылу беру нүктесінің құрылысы. «Қазан айында жылу магистралі іске қосылды. Жоспар бойынша жеті жыл ішінде үшінші жылу орталығы 1,2 млн шаршы метр тұрғын үйді…
Елде 148 мың мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова хабарлады. Жұмыспен қамту бойынша ғылыми қызмет, мемлекеттік басқару, білім беру, сауда және денсаулық сақтау салалары көш бастап тұр. Кәсіптік деңгейі бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың 21 пайызы кәсіби мамандар, 19 пайызы біліктілігі жоқ қызметкерлер, 13 пайызы техниктер, ал қалған 11 пайызы басшылар мен мемлекеттік қызметкерлер және қызмет көрсету, сату салаларының мамандары.
Іс Орал қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қастандық жасау әрекеті бойынша қаралды. 40 жастағы Эльвира Еркебаева күйеуі Ербол Еркебаевты өлтіргісі келген. Кейін өзінің 33 жастағы танысы Максим Кузнецовтан қару қолданып, кісі өлтіре алатын адам тауып беруін өтінген. Ол бұл қызметке 2 миллион теңге ұсынған. Ал Кузнецов бұрын сотталған досы Галиевке осы ұсынысты айтқан. Ол келіскенімен барлығын полицияға айтып отырған. «Кісі өлтіру» Ақсайдағы «Бейбарыс» спорт кешенінің аумағында жоспарланады. Кузнецов Галиевке 1,3 миллион теңге, терезе жақтауын бұзуға арналған бұрағыш, қолғап, медициналық бетперде мен көзілдірік береді. Ал 26 ақпанда Галиев Ербол Еркебаевты өлтіргендей жалған әрекет жасайды. Содан кейін полицейлер Эльвира Еркебаева мен Кузнецовты…
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әкім Ермағанбет Бөлекпаев өңірдің ауыл шаруашылығындағы жетістіктерін айрықша атап өтті. Аграрлық салада өнім өндіру көлемі бойынша бұл облыс қазір ел аумағында 7-орында тұр. Әу бастан индустриалды орталық саналатын өңір үшін бұл – үлкен жетістік. Биыл Қарағанды облысының диқандары 13 жылдан бері рекордтық көрсеткіштегі астық жинаған – 1,3 миллион тонна. Бұдан бөлек, картоп жиыны да өте жоғары – 409 мың тонна, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 12,4%-ға артық. Әкім Мемлекет басшысы тапсырмасының аясында жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасының нақты жемісін атап көрсетті. Қарағанды облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 4,4 миллиард теңгеге 483 шағын несие берілген.…
Рейтингте 89 ел бар. Соның ішінде Қазақстан Ливан мен Кувейт арасында 22-орынға жайғасты. Ал Орталық Азия елдері арасында екінші орында. Орталық Азия бойынша Өзбекстан көш бастады. Өзбекстан әскері 19-орында. Бірінші орында Ресей Федерациясының қарулы күштері тұр. Одан кейін АҚШ әскері, ал үздік үштікті Израиль аяқтап тұр. Рейтингтің соңғы орнында Сингапур тұр екен.
Бүгінде аталған қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен мемлекеттік қызметшілерге сыйақыларды беруге тыйым салатындай негіз жоқ. Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 29 тамызындағы №1127 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады. Осы қаулы арқылы шығыс баптарының нақты тізбесі айқындалған. Олардың есебінен үнемдеу қалыптасқан жағдайда ғана сыйақы төленуі мүмкін (іссапарларға, коммуналды және көлік қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, үй-жайларды жалға алуға және т.б. шығыстар бойынша үнемдеу). «Бүгінде аталған қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен мемлекеттік қызметшілерге сыйақыларды беруге тыйым салатындай…
Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алу үстінде ұсталды. Төрағамен қоса екі адвокат ұсталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. «Уральская неделя» басылымының мәліметінше, олар айыпталушы азаматты ақтап шығу үшін 1,5 миллион теңге мөлшерінде пара алмақ болған. Жедел-тергеу амалдарын ҰҚК орталық аппаратының және БҚО бойынша департаментінің қызметкерлері жүргізді. Руслан Жұмағұлов 1980 жылы туған. 2001-2011 жылдары аралығында БҚО прокуратура органдарында жұмыс істеген. 2011-2015 жылдар аралығында адвокат болып қызмет еткен. 2015 жылы Оралдағы қалалық сотқа судья болып тағайындалып, 2019 жылы соттың төрағасы болған.
Атыраулық «Батыстың әжесі» — Хадиша Аймұхамбетова TikTok-та стримге шығып, 1 жылда 10 миллион теңге тапқан. Бұл туралы ол Хабар арнасының журналистеріне берген сұхбатында айтты. — Қарашаның төртінде TikTok-қа кіргеніме бір жыл болды. Балам «үйде бала қарап отырсың ғой, TikTok-қа шығасың ба?» деді. Ойбай, шығайын, маған да ермек керек дедім. Қалаға келгелі әңгімелесетін үлкен адам жоқ. TikTok-ты шайқап жатырмын. Мені «әжеге болсын» деп қазақтар қолдайды. Үлкен кісі деп сыйлайды, — дейді әже қуанып. TikTok-та «Батыстың әжесіне» 87 000 адам жазылған. Желі қолданушылары «Алла сізге күш-қуат берсін!», «Аман-сау жүріңіз!» деп әжені қолдап жатыр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде зейнет жасына жеткендердің көбі жұмыс істейтінін және олар зейнетақы мен жалақыны қатар алып жүргенін айтты. Олар зейнет жасына келсе де, зейнетке шықпай, жұмысын әрі қарай жалғастырып жүр. Бұл азаматтарға зейнетақысын төлемей, ол ақшаны бюджетте қалдыру ұсынылады. Ал бюджеттен төленетін төлемдерді олар зейнетке шыққанға дейін тоқтата тұру ұсынылады, — деп айтты министр. Оның айтуынша, үнемделген қаражат 55 жасында зейнетке шыққысы келетіндерге төлеуге бағытталуы мүмкін. Жақыпова айтқандай, бұл тек талқылау сатысындағы дүние. Бұл жерде зейнетке ерте шыққысы келетін азаматтардың еңбек өтілі 25 жылдан кем болмауы керек. Яғни осы уақыт бойы зейнет жарналары аударымы…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұған дейін Қарағанды облысындағы Саран қаласында тұрғындар үйлерде жылудың жоқтығына жаппай шағымданған болатын. Қала әкімі Еркін Баулықов Instagram-дағы парақшасында жағдайды түсіндіріп, тұрғындардан кешірім сұрады. Саран қаласындағы жылу жағдайына байланысты Энергетика министрі бастаған комиссия құрылды. Комиссия құрамына энергия қадағалау саласының және тиісті органдардың өкілдері кірді. Алмасадам Сәтқалиев Сарандағы қазандықтың іске қосылмауының себептерін атады.