• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Зейнетақы өмір сүруге жетпейді: Жұмыс істейтін зейнеткерлерге зейнетақы төленбей ме?

Зейнетақы өмір сүруге жетпейді: Жұмыс істейтін зейнеткерлерге зейнетақы төленбей ме?

4 ноября, 2024 Басты тақырып

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде зейнет жасына жеткендердің көбі жұмыс істейтінін және олар зейнетақы мен жалақыны қатар алып жүргенін айтты.

Олар зейнет жасына келсе де, зейнетке шықпай, жұмысын әрі қарай жалғастырып жүр. Бұл азаматтарға зейнетақысын төлемей, ол ақшаны бюджетте қалдыру ұсынылады. Ал бюджеттен төленетін төлемдерді олар зейнетке шыққанға дейін тоқтата тұру ұсынылады, — деп айтты министр.

Оның айтуынша, үнемделген қаражат 55 жасында зейнетке шыққысы келетіндерге төлеуге бағытталуы мүмкін.

Жақыпова айтқандай, бұл тек талқылау сатысындағы дүние.

Бұл жерде зейнетке ерте шыққысы келетін азаматтардың еңбек өтілі 25 жылдан кем болмауы керек. Яғни осы уақыт бойы зейнет жарналары аударымы болуы қажет. Мысалы, азамат 20 жасынан бастап жұмыс істесе және тиісті жарналары уақытылы аударылып отырса, онда ол 45 жасында зейнетке ерте шыға алады.

“Өмір сүруге жетпейтін зейнетақы алады”

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов зейнетақы мәселесі өте маңызды екенін, оны талқылауға барынша жауапкершілікпен қарау керегін айтты.

Депутат атағандай, жұмыс істейтін зейнеткерлерді мемлекеттік бюджеттен берілетін зейнетақыдан айыру ұсынысына қоғам алаңдап отыр.

Бұл идея бюджетті оңтайландырудың әділетті жолдарын іздеудің орнына, мемлекеттің ең осал топтарының біріне ауыртпалық салу әрекеті сияқты көрінеді. Көп зейнеткер қазірдің өзінде лайықты өмір сүруге жетпейтін ең төменгі зейнетақы алатынын түсіну маңызды. Енді жасына байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету құқығына кепілдік беретін Конституцияның 28-бабында көрсетілген бұл аз ғана табыс та күмән тудырып отыр. Үнемдеудің жолдарын адамдар қарсы тұра алмайтын жерден іздейді деген әсер қалдырады. Алдымен онкологиялық науқастарды емдеуге бөлінетін қаражатты, содан кейін хоспистер мен ауыр науқастарға қолдауды қысқарту ұсынылды, енді жұмыс істейтін зейнеткерлерге қол созып жатыр, — дейді Аймағамбетов.

Оның ойынша, зейнеткерлер қалағаннан емес, қажеттіліктен жұмыс істеп жүр, өйткені олардың табысы негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға жетпейді. Бюджетті үнемдеу қажет, бірақ білім беру, денсаулық сақтау, зейнетақы, жәрдемақы және азаматтарымыздың еңбекақысына қол тигізуге болмайды.

Форумдар, мерекелік безендірулер, жаңа әкімшілік ғимараттардың құрылысы, қажетсіз үлкен стадиондар салу, шетелдік легионерлердің жалақылары және басқа да осындай шығындар тапшылықты толтыруға жеткілікті болар еді. Бастысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұндай бастамалардың шын мәнінде жоқ екенін, заңнамаға өзгерістер енгізу жоспарланбайтынын түсіндірді. Министрліктің айтуынша, бұл тек талқылауға ұсынылған пікір ғана болды, ал жақын арадағы жоспарға кірмейді. Соған қарамастан, бұл идеяның конституциялық және әділеттілік принциптеріне қайшы келетінін және азаматтардың алаңдауына негіз жоқ екенін айтқым келеді. Әріптестердің осындай сезімтал мәселелер бойынша ойланып, жауапкершілікпен пікір білдіруін қалаймын, өйткені қоғамда түсініспеушілік пен орынсыз алаңдаушылық туғызудың қажеті жоқ, — деп шақырды Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.

“Зейнетақы жоғары және уақытылы болуы қажет”

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров мемлекеттің проблемасының барлығын тек халықтың есебінен ғана шешуге болмайтынын айтты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда зейнетке шықса да, жұмыс істеуді жалғастыра бергісі келетін адамның мемлекеттік зейнетақысы алынып тасталуы ықтимал деген мәлімдеме жасаған болатын. Депутат осыған қатысты ойын айтты.

Бұл қабылданып қойған шешім емес. Бұл тек жария талқылау. Бірақ осы талқылаудың өзін халыққа дұрыс түсіндіруге тиіспіз. Мұндай мәселенің көтеріліп отырғанының негізгі себебі – Қазақстанның экономикасындағы бюджетті қалыптастыру проблемасы. Бүгінде Қазақстанның экономикасы минерал ресурстарды сатуға бағытталған. Әлемнің турбуленттілігіне байланысты минерал ресурстардың бағасы аумалы-төкпелі. Екіншіден, мұнай, металл, шикізаттарды жеткізудің өзі қиындап кетті. Сол себепті бүгін Қазақстанның бюджетін қалыптастыруда проблема бар, — деді Сайыров.

Оқылып жатыр

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

Пара бергені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан елге қайтарылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

Жаңалықтар 6 мая, 2026

Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Үлкен дулыға турнирлерінің сыйақы қорына…

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

6 мая, 2026

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

6 мая, 2026

Пара бергені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан елге қайтарылды

6 мая, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

6 мая, 2026

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – ІІМ

20 апреля, 2026

Үндістанда отшашу фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

20 апреля, 2026

Қазгидромет еліміздің 14 өңірінде қолайыз ауа райы болатынын ескертті

20 апреля, 2026

АҚШ-тағы атыс: сегіз баланы өлтірген күдікті олардың жетеуінің әкесі болып шықты

20 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетті

20 апреля, 2026

Қазақтың танымал ақыны Мұхтар Шаханов өмірден өтті

20 апреля, 2026

Каспийде итбалықтар қырылды

18 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

18 апреля, 2026

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

17 апреля, 2026

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 апреля, 2026

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

17 апреля, 2026

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

17 апреля, 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

17 апреля, 2026

Қарағанды облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.