- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: bukebay.dina
Өңірдегі инвестициялық бағдарламалар Қытай республикасының қолдауымен жүзеге асып жатыр. Жамбыл облысы балама энергия көздерінен өндірілген қуат бойынша республикада көшбасшы атанды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қытай компаниялары Қазақстанда энергетиканың осы саласын белсенді түрде дамытып жатыр. Қазақстанның бірнеше өңірлері, соның ішінде біздің облыс Қытай тарапымен жаңартылатын көздерді пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру, салу және пайдалану бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған болатын. Дегенмен, бизнес пен инвесторларды біріктіретін тек энергия ғана емес. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің Қытай орталық комитетінің Бірыңғай кеңсесінің жұмыс бөлімі министрінің орынбасары, Бүкілқытайлық өнеркәсіп және сауда федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Шэнь Инмен кездесуінде Серік Жұманғарин Қазақстан…
Жерлеу рәсімі бизнесімен айналысатын отбасын бәсекелестері былтыр желтоқсан айында бауыздап кеткен, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Ал оның кәмелетке толмаған ұлының денесі өз ауласынан табылған. Қанды қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған үш адамның екеуі ерлі-зайыптылар. Олар да бұған дейін жерлеу қызметін көрсетіп келген. Жұртты шошытқан қанды оқиға Петропавл маңындағы жеке секторда болған. Байланысқа шықпай қалған Вадим мен Юлияның денесін туыстары өз үйінен тапқан. Ал 17 жастағы ұлы мектепте жоғалып кеткен. Оның да жансыз денесі өз ауласынан табылды. Көп ұзамай күдіктілер де ұсталды. Сергей Емельянов пен 25 жастағы Данил Орлов адам өлтіру және тонау бабымен сотталып жатыр. Олар марқұмдардың үйінен 100 мың…
Антикордың мәліметінше, соңғы 5 жылда жол саласына 6 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалды, бірақ жол желісінің жай-күйі халық тарапынан шағым тудыруда. 2023-2024 жылдары мемлекеттік органдарға автомобиль жолдарының сапасыздығына қатысты 20 мыңнан астам шағым түсті. Жұртшылық мұны жемқорлықпен байланыстырады. «Биылғы жылдың басынан бері ғана Агенттік осы салада 24 қылмыстық істі тіркеді», – делінген Ақтикор мәлімдемесінде. Сыртқы талдау жоспарлаудан бастап бақылау мен күтіп ұстауға дейінгі жол құрылысы мен жөндеудің барлық кезеңдерінде жүйелі жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігін көрсетті. «Бастапқы кезеңде проблемалық учаскелер дұрыс анықталмайды, жақында салынған жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жобалау кезінде смета шамадан тыс жұмыс пен материалдардың есебінен жасанды түрде жоғарылатылады. Келісімшарттар…
Қайғылы оқиға 26 қазан күні сағат 22:00-де Шыңғыс Айтматов пен Жұбан Молдағалиев көшелерінің қиылысында болған, – деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты Aikyn.kz сілтеме жасап. Қайтыс болған бойжеткеннің туыстары қайғылы жағдай туралы түнде ғана білген. Автобус тізгінінде 68 жастағы жүргізуші болған. Марқұм Лолита Канның туыстары болған жайтқа тек жүргізуші кінәлі деп санамайды. Себебі, олар жақын маңда тұрғын үй кешені салынып жатқанын, сондықтан бұл аумақты айналып өту мүмкін болмағандықтан жаяу жүргіншілер жолға шығуға мәжбүр екенін айтты. «Балдызым жолақтан өтпеді деп жатыр. Бірақ онда басқа өтетін жол болған жоқ. Ол жолдың үстімен өтуге мәжбүр болды. Жол маңында үйлер салып жатқан құрылыс компаниясы ешқандай жағдай…
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2024 жылдың II тоқсанында елдегі үй шаруашылықтары спирттік ішімдіктерге орта есеппен 5,5 мың теңге жұмсаған. Бұл 2023 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда 8,1 пайызға көп. Ел бойынша алкогольге бәрінен көп Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары ақша жұмсаған – 9,5 мың теңге, ал жылдық өсім құндық мәнде 14,8 пайызды құрады. Осының негізінде Шығыс Қазақстан облысы еліміздің ең көп ішетін өңірі болып танылды. Мұнымен қатар ішімдік пен темекі өнімдерінен түбегейлі бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануды жөн көрген ауылдар қатары да көбейіп келеді. Солардың бірі – Жамбыл облысы Сарысу ауданына қарасты ауылдар.…
Халықаралық Lonely Planet журналы Қазақстанды жыл сайынғы Best in Travel 2025 рейтингінде саяхаттауға арналған ең үздік елдердің бірі ретінде таныды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Журнал сарапшылары жыл сайын саяхатшылар, қызметкерлер, авторлар және туризм саласындағы басқа да мамандардың ұсыныстарына негізделген бағыттарды мұқият талдап, үздіктерді анықтайды. 2025 жылғы таңдау Қазақстанға түсіп отыр. Еліміз шетелдік сала сарапшыларын бай тарихымен, алуан түрлі табиғатымен және бірегей мәдени мұрасымен баурап алған. Журнал сарапшылары жыл сайын саяхатшылар, қызметкерлер, авторлар және туризм саласындағы басқа да мамандардың ұсыныстарына негізделген бағыттарды мұқият талдап, үздіктерді анықтайды. 2025 жылғы таңдау Қазақстанға түсіп отыр. Еліміз шетелдік сала сарапшыларын бай тарихымен, алуан түрлі табиғатымен және бірегей…
Елімізде таксилерге өзін-өзі реттеу ұйымына мүше болу талабы енгізілмек. Бұл туралы Мәжілісте заң жобасын қарау кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков такси компанияларына қойылатын талап қалай қамтамасыз етілетінін сұрады. Бүгінде Қазақстанда Яндекс, InDriver, Максим, Aparu сияқты таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшалары бар. Олар өз қызметін тәуелсіз, бәсекелестік негізде жүзеге асырады. Заң жобасына сәйкес бұл қызмет пен такси қосымшалары, такси агрегаторлары автотасымалдаушылар палатасының құрамында болуы тиіс. Осыған байланысты өз-өзін реттейтін ұйымдарда міндетті мүшелік туралы талаптың орындалуын қалай қамтамасыз ету керек? – деп сұрады депутат. Көлік министрі Марат Қарабаев мәселені түсіндірді. Бізде заңда екі мәселе қарастырылған. Оның біріншісі…
Президент елімізде басымдық беріліп отырған әлеуметтік салаларға тоқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. – Биыл «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 115 жаңа медицина нысаны салынды. Отандық медицинада емдеудің инновациялық әдістері енгізіліп, онкологиялық қызметті кешенді жаңғырту жұмыстары басталды. Сала қызметкерлерін құқықтық және қаржылық тұрғыдан қорғау туралы заң қабылданды. Бұл – аталған мамандықтың мәртебесін арттыруға бағытталған қадам. Осы және басқа да жүйелі шаралардың нәтижесінде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің жақсарғаны байқалып отыр. Орташа өмір сүру ұзақтығы Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет 75 жастан асты. Ұрпаққа сапалы білім беру – маңызды міндет. Елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Соның арқасында 500 мыңға жуық бала жаңа…
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпірдің ашылуына қатысты. Жоба көлік қатынасына қатысты көп жылғы мәселені шешуге бағытталған, көпір алты ауданды – Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Көлік министрі Марат Қарабаев Премьер-министрге ұзындығы 1316 метр екі жолақты автомобиль көпірінің құрылысы аяқталғаны туралы баяндады. Көпір тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады, өткелге 18 шақырым жаңа жол тартылды. Жоба озық инженерлік технологияларды қолдана отырып және барлық сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды. Облыс тұрғындарымен кездесуде Премьер-министр жобаны…
Желіде Тоқаевтың Қостанай қаласын Санар деп ауыстырғаны туралы ақпарат тарады. Әкімдік ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Желі қолданушылары KazNews парақшасындағы жазбада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай қаласының атауын Санар деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойғанын оқып, жаңылды. Жазбада Тоқаевтың Қостанай атауының ескіргенін, оны заманауи атаумен өзгерту керегін айтқаны жазылса керек. Қостанай облысының әкімдігі тарап жатқан ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. «KazNews агенттігінің Қостанай қаласының атауын Санар деп өзгерту туралы ақпаратына қатысты басылымда сілтемелер немесе құжаттық дәлелдер жоқ, сондықтан мұның сенімсіз (жалған) деп мәлімдейміз», – деп хабарлады әкімдік. Әкімдік жалған ақпарат таратқаны үшін заңды жауапкершілік бар екенін еске салды.