Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ үкіметі минералдар жөніндегі жаңа келісімнің нұсқасын әзірлеп, оны жақын арада ратификациялау үшін парламентке жіберетінін мәлімдеді, деп хабарлайды “BaiMedia” ұлттық порталы. «Бұл – АҚШ тарапынан ұсынылған кеңейтілген және толыққанды келісім. Бұрынғы негіздемелік құжаттан кейін біз енді толыққанды келісім жасау кезеңіне өттік. Қазіргі таңда АҚШ бізге бірден жан-жақты келісім ұсынды», – деді Зеленский. Президенттің айтуынша, құжаттың толық мазмұны әлі жарияланбаған, алайда атом электр станцияларына қатысты ешқандай мәселе қарастырылмаған. Сонымен қатар, Зеленский Ресей атысты тоқтату режимін бұзған жағдайда, Украина АҚШ-тың нақты әрекеттерін күтетінін атап өтті: «Егер Ресей келісімді бұзса, біз президент Трамптан санкциялар енгізуді, қысым жасауды және қару-жарақ…
Автор: samat
20 желтоқсан күні ҚР жамбы ату федерациясы жыл үздіктерін марапаттау рәсімін салтанатты түрде өткізді. Бұл шарада 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Федерация президенті Еркебұлан Сайдуллаұлы жыл басында уәде еткендей Астана қаласынан пәтер, су жаңа автокөлік пен ақшалай сыйлықтар табыстады. Атап айтар болсақ, Астана қаласынан пәтерге Батыр Бексауыт ие болса, су жаңа автокөліктің иесі Ералхан Айкөз атанды. Ал 5.000.000 теңге ақшалай сыйақы Айтбек Сарыбайға табысталды. Жамбы атудан ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Бадашев те сыйлықсыз қалмады. Оған Федерация президенті жаңа автокөліктің кілтін сыйға тартты. — 2024 жыл жамбы ату үшін жемісті әрі маңызды жыл болды. Біздің спортшыларымыз тек ел…
Астанада өткен халықаралық конференцияда сарапшылар Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жерлерінің тозуы және ластануы мәселесін талқылады. Ахуалдың ушығуына жол бермеу үшін жиынға қатысушылар бірқатар ұсыныстарды алға тартты. Қазақстан өте ауқымды жер ресурстарына ие, бірақ ол жерлерде өте күрделі экологиялық проблемалар туындап отыр. Жерді шаруашылық мақсатында тиімсіз пайдаланудың кесірінен және климаттың өзгеруі салдарынан жер тозып барады. Сарапшылар топырақтың пестицидтермен, ауыр металлдармен бүлінуін, жердің тозуы мен шөлейтке айналып, су балансының бұзылуы сынды проблемалардың барын атап өтті. Оның үстіне жергілікті халықтың пестицидтерді шамадан тыс әрі жөнсіз пайдаланудың кесірі мен зардабы туралы мәліметтерді білмеуі, ақпараттандырудың төмендігі өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Осы тектес экологиялық проблемалар топырақтың…
«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяомен кездесті. Кездесу барысында екі тарап, Қазақстандағы экологиялық ахуалды жақсартуға қатысты әңгімелесті. ҚХР елшілігінде өткен кездесуде екі тарап экологиялық қоршаған ортаны қорғау, таза ауа мен таза су және Париждік келісімді орындау мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, қалдықтарды қайта өңдеу, оларды сұрыптап, пайдаға асыру проблемалары да қаралды. «Баршаға аян, Қытай елі қоқыстарды пайдаға асырып, оларға жаңа өмір сыйлауда көшбасшы елдердің қатарында, сондықтан да көрші елден үйренеріміз көп», деді Азаматхан Әміртаев. Кездесу соңында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжан Соя «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаевті аспан асты еліне шақырды. Ресми сапар жыл соңына дейін…
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының жанынан Әйелдер кеңесі құрылды. Жаңа ұйымның мақсаты елдегі экологиялық мәселелерді шешуде әйелдердің рөлін күшейту және елдің тұрақты дамуына үлес қосу. Алғашқы форумда астана қаласының әйелдері мен партияның 20 өңірінен зум арқылы жүзден астам нәзік жанды қатысты. Біздің мақсат – экология мен тұрақты дамудағы әйелдердің көшбасшылығын ынталандыру, отбасы бақыты мен бала денсаулығын сақтауда жан-жақты шешім қабылдау, — дейді олар. Шара барысында партия жанынан құрылған Әйелдер кеңесінің төрағасы ретінде Қарлығаш Жақсыбаева сайланды. Ол экологиялық саясатта әйелдердің мүдделерін, құқықтарын қорғау және оларды тұрақты дамту жолында бірқатар бастамаларды қолға алатынын айтты. Дөңгелек үстел қатысушылары қазіргі қоғамға мұндай кеңестің қажеттілігін алға…
Арал теңізін сақтап қалу бүгінгі азаматтардың борышы және міндетіне айналуы тиіс. Осы қағиданы өмірлік мақсат еткен «Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық қорының төрағасы Жомарт Қартбаев «Байтақ» жасылдар партиясынан көмек сұрап келді. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев қоршаған ортаны қорғау — «Байтақ» партиясының ең басты міндеті екенін айтып, Арал тақырыбы, оны қорғау, дамыту мәселесі ең бірінші орында болатын жеткізді. Сондықтан да «Байтақ» партиясы Арал мәселелерін көтеруге арналған саммит ұйымдастыруды қолдайды. Айта кету керек, «Байтақ» партиясы осы күнге дейін де теңізге су тарту, оның айналасына ағаш отырғызу мәселелерін көптеп көтеріп келеді. Бұл игі іс алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
АЭС салу мәселесі бойынша өткен референдумның алғашқы нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы. Барлығы 7 820 918 қазақстандық Атом электр стансиясының құрылысына байланысты референдумға қатысып дауыс берген. Пайызға шаққанда бұл Қазақстандағы барлық сайлаушылар санының 63,87% құрайды. Орталық референдум комиссиясының айтуынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 20:00-гі жағдай бойынша азаматтардың өңірлерді азаматтардың келуі мынандай: Абай облысы 69,57% Ақмола облысы 71,63% Ақтөбе облысы 75,11% Алматы облысы 68,71% Атырау облысы 63,28% Батыс Қазақстан облысы 67,03% Жамбыл облысы 61,28% Жетісу облысы 68,01% Қарағанды облысы 72,12% Қостанай облысы 73,45% Қызылорда облысы 82,48% Маңғыстау облысы 54,03% Павлодар облысы…
6 қазан күні республикалық жалпыхалықтық референдумда «Байтақ» партиясы референдумда таңдау жасады. Таң атысымен «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев өз учаскесіне келіп, референдумда дауыс берді. Оның сөзінше бұл науқан елдің болашағына тікелей әсер етеді және оған барша қазақстандық атсалысуы керек. Одан кейін партияның орталық аппарат мүшелері, аймақтағы филиал басшылары мен жасылдар партиясының өкілдері де дауыс беруге қатысты. Осылайша түске дейін партияның орталық және филиал төрағалары, саяси кеңес және бюро мүшелері толықтай дауыс беріп үлгерді. Референдум жалпыға берілген мүмкіндік екенін жақсы білетін, табиғатқа жанашырлықпен қарайтын партия осылайша республикалық науқаннан шет қалған жоқ.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 55-ші отырысына қатысушылармен кездесті. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы. Мемлекет басшысы бұл алаңның қауіпсіздік саласындағы күш-жігерді үйлестіру тетігі ретінде танылғанын, сондай-ақ қазіргідей күрделі кезеңде Кеңестің рөлі бұрынғыдан да артып келе жатқанын атап өтті. Президент шұғыл және сараптамалық ақпаратпен дер кезінде алмасу өңірлік қауіпсіздікке төнетін қауіптер мен сын-қатерлерге қарсы тұру қабілетін арттыра түсуге және елдеріміздің ұлттық мүдделерін қорғау үшін үйлестірілген тәсілдерді дайындауға ықпал ететінін айтты. Мемлекет басшысы бұл кездесудің қорытындысы халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізіп, Достастық мемлекеттерінің арнаулы қызметтері арасындағы…
Марат Қожаев Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Ол Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы. «Мемлекет басшысының өкімімен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды», — делінген құжатта. Ол 1964 жыл 23 ақпанда дүниеге келген. 1989 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітіріп, 2001 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ академиясын заң факультетін бітірді. 1984-1985 жылы — Алматы облысы Ішкі істер департаменті Қаскелең ауданы ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысының полиция қызметкері; 1985-1989 жылдары -…