• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Русский
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Русский
Главная страница » Қазақстанда 90 млн гектар жер деградацияға ұшыраған

Қазақстанда 90 млн гектар жер деградацияға ұшыраған

21 декабря, 2024 Ғылым
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Астанада өткен халықаралық конференцияда сарапшылар Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жерлерінің тозуы және ластануы мәселесін талқылады. Ахуалдың ушығуына жол бермеу үшін жиынға қатысушылар бірқатар ұсыныстарды алға тартты. 

Қазақстан өте ауқымды жер ресурстарына ие, бірақ ол жерлерде өте күрделі экологиялық проблемалар туындап отыр. Жерді шаруашылық мақсатында тиімсіз пайдаланудың кесірінен және климаттың өзгеруі салдарынан жер тозып барады. Сарапшылар топырақтың пестицидтермен, ауыр металлдармен бүлінуін, жердің тозуы мен шөлейтке айналып, су балансының бұзылуы сынды проблемалардың барын атап өтті. Оның үстіне жергілікті халықтың пестицидтерді шамадан тыс әрі жөнсіз пайдаланудың кесірі мен зардабы туралы мәліметтерді білмеуі, ақпараттандырудың төмендігі өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Осы тектес экологиялық проблемалар топырақтың құнарына, өнімділігіне кері әсер етіп қана қоймай, түптеп келгенде елдің азық-түлік қауіпсіздігіне және халықтың денсаулығына қатер төндіріп тұр.

Соңғы 20 жыл ішінде шөлейтті аймақтарда жердің деградацияға ұшырауы өте өткір мәселеге айналды деп атап өтті конференцияға қатысушылар.

«Қазіргі таңда ел аумағының 33% яғни, 90 млн гектар жер түрлі формада әбден тозып, құнарынан айырылған. Сондай-ақ, 29 млн гектар жер осы бастан эрозияға шалдығып, ауыл шаруашылығы үшін тиімділігі кеміп, мол өнім бере алмайтын жағдайға жеткен»,- деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару жөніндегі Комитеті басқармасының бас сарапшысы Әлішер Байсейітов.

Оның сөзінше, Қазақстан мал шаруашылығы кеңінен дамыған ел ретінде, тағы бір өзекті мәселеге тап болды. Яғни, елде жайылым алқаптары тозып барады. «Жылдар бойғы геоботаникалық ізденіс мәліметтеріне сүйенсек, елдің біраз аумағында жайылым алқаптарының сапасы төмендеп кеткен. Деградацияға ұшыраған мал өрісі 27,1 млн га, бұл елдегі жайылым жерлердің 15% құрайды»,- деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.

Сондай ақ, конференцияға қатысушылар 2024 жылы ұсынылған «Топырақты қорғау туралы» Заң жобасына қатысты да ойларын ортаға салды.

«Бізде пестицидтер мен химиялық тыңайтқыштардың топыраққа әсері өз деңгейінде қадағаланбайды, елге өте көп мөлшерде тыңайтқыштар сырттан тасымалданады, 90 пайызы – импорт. Топырақ одан сайын зардап тартпас үшін, мұның бәрі талап бойынша қатаң бақылауға алынуы тиіс. Қазіргі уақытта минералдық тыңайтқыштарды кеңінен қолданғанымызбен, топырақтың құнарсыздануы жаппай белең алды, бұл өнімділіктің төмендеуіне әкеп соқтыруда. Бірақ, тек химияға сүйеніп, біз өнім сапасын жақсартып, өнімділікті арттыра алмаймыз», — деді конференция аясында журналистердің сұрағына жауап берген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әшімбетов. Заң жобасында алқаптарды ластағаны үшін жер игерушілерді жауапкершілікке тартудың тиімді механизмдері мен жолдары қарастырылған деді халық қалаулысы.

Қазақстанда шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі ББҰ Ковенциясының үйлестірушісі, «ГИПРОЗем» РГП директорының орынбасары Айдос Әбдрахмановтың айтуынша, Қазақстан ФАО мен бірлесіп, деградацияға ұшыраған жерлерді қайта қалпына келтіру, құрғақшылыққа төзімді технологияларды енгізу бойынша және жер ресурстарын тиімді басқарудың әдістерін жетілдіру жолдарын дамыту мақсатында бірқатар жобалар іске асыруда.

«Қазақстан территориясының 11%, шамамен 29 млн га аумақ бүлінген, бұл өнімділікті азайтып, ауыл шаруашылығы әлеуетінің төмендеуіне әкеледі», — деді Айдос Әбдрахманов.

2022 жылдан бері ФАО мен ГЭФ салалық министрліктермен бірлесе «Орталық Азия мен Түркия елдерінде пестицидтердің өмірлік циклін басқару және құрамында ТОЛ бар пестицидтерді жою (GCP/SEC/011/GFF)» жобасын іске асырып келеді. Жоба аясында ескірген пестицидтер сараланып, бірқатар аймақтарда бүлінген аумақтарға экологиялық тұрғыда баға берілді. Сондай-ақ, бүлінген жерлерді сауықтырып ауыл шаруашылығына қайта пайдалану үшін топырақтың құнарын арттыру мақсатында биологиялық және фиторемедиация тәсілімен сынақ өткізілді. ФАО тәжірибесі дәлелдегендей, өзара ықпалдаса отырып, зиянкесерге қарсы әрекет етудің арқасында (IPM) қазақстандық шаруалар пестицидтерді қолдануды 70-80 пайызға дейін азайта алады және қосымша шығынсыз және өнімділік көрсеткішін төмендетпей- ақ экологиялық таза өнімді өндіре алады.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты “Жасыл Даму” АҚ тарихи қалдықтарды басқару департаментінің директоры Сәрсенова Анар климаттың өзгеруіне қарсы күресте және биоалуандықты сақтау үшін топырақтың күйін назарға алу өте маңызды деп атап өтті.

«Биоалуандықты сақтауда, суды фильтрлеу және көміртегіні жою мен климаттың өзгеруіне қарсы күресте топырақ аса маңызды рөл ойнайды. Алайда, қазіргі экологиялық ахуалды ескере отырып, қоқыс алаңдарындағы қауіпті қалдықтар мен ауыл шаруашылығы пластиктері мен өзге де антропогенді факторларды есепке ала отыра топырақтың жағдайына біз кең ауқымда назар аударуымыз керек », — деді ол.

Конференцияны Қазақстандағы ФАО (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен Жаһандық экологиялық қоры ұйымдастырды.

Оқылып жатыр

Мемлекет басшысы 3 Заңды өзгерту мен түзету туралы құжатқа қол қойды

Елімізде коммуналдық қызметтерге тариф бағасы өседі

Теңге одан әрі құнсызданбайды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024811 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024621 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024542 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024508 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024418 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024320 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Мемлекет басшысы 3 Заңды өзгерту мен түзету туралы құжатқа қол қойды

Басты тақырып 15 июля, 2025

Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3 бірдей Заңға қол қойды. Оның бірі «Қазақстан Республикасының кейбір…

Елімізде коммуналдық қызметтерге тариф бағасы өседі

15 июля, 2025

Теңге одан әрі құнсызданбайды

15 июля, 2025

Қазақстанда бірнеше өңірге аптап ыстық пен дауылды ескерту жарияланды

15 июля, 2025

Фермер 18 млн теңгесін өндіріп алды

14 июля, 2025

МӘМС-ке өзгеріс енді

14 июля, 2025

Президент Әбдіғали Қаймолдиннің отбасына көңіл айтты

14 июля, 2025

Сәтбаевта әкімдік қызметкері 16 млн теңгені құмар ойынға тіккен

14 июля, 2025

Перизат Қайрат сотта қорға қатысты Бауыржан Байбектің атын атады

14 июля, 2025

Алматыда «Matic Basket» атты қаржы пирамидасының жолы кесілді

14 июля, 2025

Қарапайым аула сыпырушы — Шымкенттің Құрметті тұрғыны атанды

12 июля, 2025

13 шілде білім беру грантына өтініш қабылдау басталады

12 июля, 2025

34 миллион теңге құмар ойынға кеткен: Мемқызметкер қызметінен босатылды

12 июля, 2025

61 млн теңге қарызын өтеуден қашқан борышкердің әрекеті әшкереленді

12 июля, 2025

Маңғыстауда мефедрон жарнамалағандар сотталды

11 июля, 2025

“Жабайы Арманның” сыбайласы деп күдікке ілінген азамат БАӘ-де ұсталды

11 июля, 2025

Қызылордада есепші маман медициналық кереует бағасын үш есеге өсірді деген күдікке ілінді

11 июля, 2025

Шымкентте жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатынан кейін сотталды

10 июля, 2025

Астанада құрылысы басталмаған үйге қаражат құйған 400-ден астам отбасы алданып қалған

10 июля, 2025

Ең биік, ең қауіпсіз: Шымкентте жаңа тұрғын үй кешені бой көтеруде

1 июля, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Русский
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Русский
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.