Автор: samat

Жеке жарнамаларға арналған olx.kz сайтында жаңа және қолданылған гүлдердің сатылатыны туралы хабарландыру көп. Мәселен, сайттың орыс тіліндегі нұсқасында 1 мыңнан астам, ал қазақтілді нұсқасында 500-ден астам гүл сатылатыны туралы жарнама орналастырылған. Сатылымға шығарылған гүлдердің басым бөлігіне «қолданылған» деген белгі қойылыпты. Қолданылған гүлдердің барлығы дерлік бүгін таңертеңнен бастап сатылымға шығарылған. Олардың арасында базардан алынған гүлдермен қатар элиталы сауда орындарынан алынған букеттер де бар. Мәселен 25 тал раушан гүлі 8 теңгеге бағаланған. Ал дәл осындай букеттің бағасы кеше 20-25 мың теңге болған еді. Жалпы жарнама сайтындағы қолданылған гүлдердің бағасы — 3 мың теңге мен 35 мың теңгенің аралығында. Қазинформ …

Толығырақ

Ресей қауіпсіздік күштері террорлық шабуылдың жолы кесілгенін хабарлады. «Вилаят Хорасан» тобының (Ислам мемлекетінің тармағы) екі мүшесі Мәскеудегі синагогаға қарулы шабуыл жасауды жоспарлаған. ФҚҚ мәліметінше, жоспарланған терактіні арнайы қызметтің жедел қызметкерлері анықтап, қауіпсіздік күштері оны жасағандарды Калуга облысындағы жеке үйлердің бірінде анықтаған. Тұтқындау кезінде күдіктілер қарсылық көрсет кеткен, салдарынан ФҚҚ оларға жауап ретінде оқ жаудырған. «7 наурызда таңертең Коряково ауылында ФҚҚ мен күдікті исламшылар арасында атыс болды», деп хабарлады ASTRA ақпарат көзі. Нәтижесінде лаңкестік әрекетке дайындалып жүрген екі күдікті — Қазақстандық ер адамдар, 35 жастағы Сәбит А. және 32 жастағы Жәнібек Т. өлтірілді. Күш құрылымдарының мәліметінше, олар Ресейге биыл 28…

Толығырақ

ШҚО Глубокое ауданының Предгорное ауылындағы элеватордың кептіру бөлімінде өрт шықты. Кептіргіште шамамен 20 тонна астық бар. Өрттің алдын ала ауданы 250 ш.м. Жедел түрде ауданның күштері мен құралдары өрт орнына жөнелтілді. ТЖД 50 адам мен 10-ға жуық техника және Васкен ЖШС 6 адам мен 1 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт орнына қосымша өрт сөндіру пойызы шықты. Сағат 12-30 өрт сөндірілді. Кептіргіште шамамен 10 тонна астық болды. Өрттің ауданы 120 ш.м. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 90-ға жуық адам, 12 бірліктен астам техника, ҚТЖ 1 өрт сөндіру поезы, ТЖД және «Васкен» ЖШС қатысты. Өрттің алдын ала себептері: ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кезінде өрт…

Толығырақ

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде «Құрманғазы орман шаруашылығы» КММ аумағында Каспий теңізінің жағалауында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. Мәліметке сай, бару қиын батпақты аймақта 148 гектар аумақта қамыс жанып жатыр. Сөндіру жұмыстарына қол жетпейтін батпақты рельеф қиындатып отыр. «Өрттің жалпы аумағы 2500 гектарды құрайды, оның 277 гектары төтенше жағдайлар қызметінің күшімен сөндірілді, 2075 гектары өздігінен жойылды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті жоюға 56 адам, 9 мотопомпа, 11 моторлы қайықтан тұратын ТЖ, орман шаруашылығы, ЖАО күштері мен құралдары тартылды» Бізге жазылыңыз https://baimedia.kz/ https://www.facebook.com/baimedia.info https://t.me/baimedia

Толығырақ

Қымбатты ханымдар! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сұлулық пен үйлесімді айшықтайтын шуақты көктем мерекесінде біз барша асыл жандарға ерекше құрмет көрсетіп, ықылас-ілтипат білдіреміз. Сіздер түрлі салада жемісті еңбек етіп, елімізді өркендетуге белсенді атсалысып келесіздер. Кез келген шаруаға жауапкершілікпен қарап, әрбір істің берекесін арттыруға ұйытқы болып жүрсіздер. Ардақты аналар бүкіл саналы ғұмырын баласының болашағына арнап, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп отыр. Осы мәртебелі миссиясын кәсіби қызметімен және қоғамға пайдалы жұмыстармен бірге атқарып жүрген арулар да аз емес. Әйелдерге жан-жақты жағдай жасау, олардың құқығын қорғау және отбасы институтын нығайту – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы. …

Толығырақ

2024 жылдың басында елімізде 20 млн азамат тұрады. Олардың ішінде ерекше есімді азаматтар да жоқ емес. Мәселен, қазіргі уақытта Қазақстан есімді 24 азамат тіркелген. Сонымен қатар, баласына қала аттарын беретіндер де көбейген. Яғни, елімізде Астана есімді 24 адам, 20 Алматы, 3 Шымкент, 27 Семей, 15 Атырау, 15 Түркістан, 14 Тараз, 10 Ақтау, 1 Ақтөбе және 1 Талдықорған есімді азамат тұрады. Сондай-ақ, баласын саяси тұлғалардың есімімен атағандар да кезігеді. Атап айтқанда, 12 Қасым-Жомарт, 8 Байден, 1 Трамп және 1 Путин есімді тұрғын мекендейді. Бізге жазылыңыз https://www.facebook.com/baimedia.info https://t.me/baimedia

Толығырақ

Бұл мәселеде халықаралық оң тәжрибелерді ескере отырып кешенді жұмыстар жүргізілу керек. Ең бірінші күл-қоқысты сұрыптау мен қайта өңдеуді бөліп қарастыру керек. Біріншіден, ауылдарда мал қиын қалдықсыз пайдалану құрылғыларын орнату керек.Кеңес заманындағыдай сол қиды егіс алқаптарына тасып, органикалық тыңайтқыш ретінде пайдалану қазір жоқ, сондықтан көп ауылдың ішіндде оның иісі бұрқырап тұр. Сонымен қатар, елді-мекендерде одан брикет гранулаларын шығаратын жылжымалы қондырғы орнату керек. Сонда ғана, ауыл тазарады, экология түзеледі, халыққа пайдалы іс болады.Қытайдың, Еуропаның брикет, гранула шығаратын жақсы қондырғылары бар. Олар қызуы тас көмірден кем болмайды және одан күл шықпайды.Екіншіден, аудандарда күл-қоқысты сұрыптау және жекелеген қайта өңдеу қондырғыларын орнатқан дұрыс. Сұрыпталған қалдықтар…

Толығырақ

Қызылордада «Анаға тағзым» республикалық Аналар форумы өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов, аталған комиссияның мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, өңірлерден келген делегациялар, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, көп балалы аналар, ұстаздар, облыстың зиялы қауымы, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.  Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев форум жұмысына сәттілік тілеп, қоғамдағы аналардың рөлін ерекше атап өтті. «Өткен жылы өңірімізге жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңадан ашылған «Анаға тағзым» орталығында болды. Мұндай орталықтардың жастарға тәлім-тәрбие берудегі маңызын айтып, жоғары бағасын берді.…

Толығырақ

Кеше Қызылордада жаңадан салынған «Өнер орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева және комиссия мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, өңірлерден келген делегациялар, облыстың зиялы қауымы, еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қызылордалықтарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, яғни руханиятымызға баса мән бергеніміз жөн» деген болатын. Сыр өңірі – шежіре тұнған, халықтың асыл мұралары сақталған алтын көмбелі мекен,…

Толығырақ

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы екіжақты әрі көпжоспарлы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. ▪️Тараптар Ресей Президентінің былтыр қараша айында Астанаға жасаған ресми сапары және Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Қазан қаласына жұмыс сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Сонымен қатар энергетика, транзит және логистика салаларындағы бірлескен жобаларды тиімді түрде ілгерілету маңызды екені атап өтілді. ▪️Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. baimedia.kz

Толығырақ