• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қызылордада «Анаға тағзым» республикалық аналар форумы өтті

Қызылордада «Анаға тағзым» республикалық аналар форумы өтті

3 марта, 2024 Жаңалықтар

Қызылордада «Анаға тағзым» республикалық Аналар форумы өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов, аталған комиссияның мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, өңірлерден келген делегациялар, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, көп балалы аналар, ұстаздар, облыстың зиялы қауымы, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. 

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев форум жұмысына сәттілік тілеп, қоғамдағы аналардың рөлін ерекше атап өтті.

«Өткен жылы өңірімізге жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңадан ашылған «Анаға тағзым» орталығында болды. Мұндай орталықтардың жастарға тәлім-тәрбие берудегі маңызын айтып, жоғары бағасын берді. Сонымен қатар, бүкіл еліміздің аналары бас қосатын тәжірибе алмасу алаңының жұмысын үйлестіруді тапсырды. Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиямен бірлесіп, өткен жылдың қараша айында алғаш рет «Анаға тағзым» республикалық форумын ұйымдастырдық. Шара қонақтары бұл жиынды дәстүрлі түрде өткізуді ұсынды. Алты Алаштың анасы – қасиетті Сыр өңіріндегі тағылымды шараның жалғасын табуының, дәстүрге айналуының өзіндік символдық мәні бар деп білеміз. Бүгінгі форум Ұлттық комиссиямен бірлесіп ұйымдастырылды. Мақсаты – үйдегі берекені сақтаушы, қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысушы әйел-ананы ардақтау, ерекше мәртебесін құрметтеу сияқты мызғымас дәстүрлі құндылықтардың төңірегіне қоғамды топтастыру. Ұлы Даланың ұлы аналарының ізгі жолын дәріптеп, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру. Өткеннің тағылымын жаңа дәуірдің талабымен сабақтастырып, бүгінгі қазақ әйелінің үлгілі бейнесін қалыптастыру», – деді аймақ басшысы.

Іс-шарада ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева әйел-аналардың ел дамуы мен өркендеуіне қосқан зор үлесін атап өтті. Олардың қоғамдағы орнын, құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін айтты. Бүгінде отбасы және гендерлік теңдік институтын дамытудың қазақстандық моделі айқындалған 2030 жылға дейінгі Тұжырымдаманы іске асыру жалғасуда. Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтарға сәйкес, оның қызметі әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудағы өзекті мәселелерді пысықтауға шоғырланған.

Жиында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тіл жанашыры Асылы Осман, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанаи, республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет, «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова және жерлестеріміз, белгілі тележүргізушілер Қымбат Досжан, Дана Нұржігітова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Елена Әбдіхалықова, Елмұра Жаңабергенова, Жеңіс Ысқақова, Ұлжан Байбосынова сөз сөйледі.

Форумда Аида Балаева отбасы құндылықтарын үнемі насихаттап, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясатты белсенді іске асыруға атсалысқан қыз-келіншектерді марапаттады.

Айта кетейік, Сыр өңірінде бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Демеушілердің қолдауымен 1 млрд 700 млн теңгеге «Анаға тағзым» орталығы салынып, халық игілігіне берілді, «Отбасы орталығы» өз қызметін бастады.

Жыл басы және жаңару мезгілі – Наурыздан бастап, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, салт-дәстүрлерімізді насихаттау мақсатында 2024 жыл – «Руханият жылы» деп жариялануда. Атаулы жылда тек мәдени-көпшілік шаралар ғана емес, ауқымды жобалар жүзеге асырылады. Клубтар мен мәдениет үйлері жанынан түрлі бағыттағы шығармашылық үйірмелерді қамтитын «Адал адам» рухани-мәдени орталықтары ашылады. Онда балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім, тәрбие беріледі. Сыр өңірінің руханият кеңістігіндегі бұл бастамалар Мемлекет басшысы ұсынған, әділетті мемлекет пен біртұтас қоғамның берік негізі саналатын «Адал адам» тұжырымдамасын жүзеге асыруға зор үлесін қосады.

Биыл 7 ауданда неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар орталығы, ардагерлер мен аналар үйін біріктіретін «Руханият» орталықтары бір мезетте салынады. Ол үшін облыстық бюджеттен 11 млрд 500 млн теңге қаржы жоспарлануда. Орталықтарда аға буын мен жастар бірлескен жобаларды жүзеге асырады, жас буын үлкендердің ақылын тыңдап, тәжірибе алмасады.

 

Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында облыс орталығынан «Шығармашылық академиясы» салынуда.

Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия кешенді шаралар атқаруда. Өткен жылы комиссия мүшелері барлық аудандарды аралап, тұрғындармен кездесті, психологтардың қатысуымен тренингтер өткізді. Аналарды қолдау және адал еңбекті насихаттау мақсатында Ауыл әйелдерінің форумы ұйымдастырылды. Әкелер одағы құрылып, ер бала тәрбиесіне қатысты жүйелі шаралар атқарылуда. Облыстық Әкелер форумының қорытындысында белсенді азаматтардың пікір алаңы қалыптасты. Барлық мектептерде Әкелер, Аналар кеңестері белсенді жұмыс жасауда. Ұлттық комиссияның тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің отбасы және әйелдер істері жөніндегі уәкілі тағайындалды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025315 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.