Арман Әшімов 37 жастағы жапониялық файтерден жеңіліп қалды Арман Әшімов (12-4-1) жапониялық промоушен Rizin-де дебют өткізді. Алғашқы қарсыласы 37 жастағы файтер Юсаку Накамура (19-10-1) болды. 3 раундқа созылған кездесуде төрешілер Накамураны жеңімпаз деп тапты.
Автор: shynggys
Нұрқанат Серікбаев Grand Slam турнирінің чемпионы атанды 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев финалда Израиль өкілі Ям Волчакты жеңді.
Ғалия Тынбаева Grand Slam турнирінің қола жүлдесін иеленді Қазақстандық дзюдошы Тбилисидегі (Грузия) жарыстың жұбаныш белдесуінде испаниялық спортшы Мирея Комас Лапуертаны уақытынан бұрын жеңді.
Жетісуда жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қайтыс болды. Оқиға Ақсу ауданындағы Алматы-Өскемен автожолының 336 шақырымында болған. Полиция мәліметінше, Lada Priora жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Toyota Windom көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі, оның екі жолаушысы, сондай-ақ Toyota Windom көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Зардап шеккендердің бесеуі аудандық ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамаларды тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.
Baza: Брянск облысында екі күдікті ұсталды, күдікті алты террористтің төртеуінің жеке басы анықталды Телеграф-арна деректері алты күдіктінің төртеуі – Тәжікстан азаматтары. Алты күдікті отырған көлік Украина мен Беларусь шекарасындағы Теплый ауылының маңында тоқтатылған. Төрт адам қашып кеткен, Тәжікстанның екі азаматы ұсталды, енді олар лаңкестік шабуылға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Телеграм-арна төрт күдіктінің аты-жөнін жазған. 1) Насридинов Махмадрасул, 37 жас 2) Исмонов Ривожидин, 51 жас 3) Сафолзода Шохинджонн, 21 жас 4) Назаров Рустам, 29 жас
«Крокус Сити Холл» кешеніндегі теракт: қазір не белгілі? Шабуылдан 60-тан астам адам қаза тапты, зардап шеккендердің саны артуы мүмкін, деп хабарлады Ресейдің Тергеу комитеті. Атыс шығарғандар 12 сағат өткенде әлі ұсталмаған. Олар ақ түсті седан көлігімен жасырынғаны хабарланды. Терактіден кейін екі адам ұсталғаны хабарланған, алайда олардың оқиғаға қатысы бар-жоғы белгісіз. Шабуылдағандар саны бесеу екені айтылған. Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің «Звезда» телеарнасы террористердің жеке басы туралы әлі күнге дейін ресми ақпарат жоқ деп хабарлады. Қылмысқа күдіктілер әлі ұсталған жоқ. Бүгінгі таңғы жағдай бойынша, Мәскеу мен Мәскеу облысының ауруханаларында 115 адам, оның ішінде бес бала жатыр, деп хабарлады губернатор Андрей Воробьев. Ресей…
Қазақстандықтардың бақыт рейтингі түсіп кетті World Population Review сайтында бақыт деңгейі бойынша әлем елдерінің жаңа рейтингі жарияланды. Қазақстан 2023 жылмен салыстырғанда бұл тізімде бес позицияға төмендеген. Рейтингті құрастырушылар мемлекеттердегі «бақыт деңгейін» алты негізгі шарт бойынша бағалайды: жан басына шаққандағы ЖІӨ; әлеуметтік қолдау сапасы; өмір сүру ұзақтығы; қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі; өмірлік таңдау және өз ойын білдіру еркіндігі; халықтың жомарттық пен мейірімділік танытуға дайындығы. 2024 жылы Қазақстан тізімде шартты көрсеткіші 6,19 ұпаймен 49-орынға ие болып, былтырмен салыстырғанда бес позицияға төмендеп отыр. Таяу елдер ішінде бақыт деңгейінен еліміз Өзбекстаннан (47-орын) қалыс қалды.
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Наурыз мейрамымен құттықтауы «Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Тіршілік атаулыны түлетіп, жер-жаһанға ізгілік нұрын себетін Әз-Наурызды еліміз дархан пейілмен, жаңаша мазмұнмен атап өтуде. Бағзыдан ырыс пен берекенің алтын арқауы, молшылық пен игіліктің қайнар бастауы болған ұлық мереке – халқымызды мұратқа жеткізер мызғымас бірліктің, іргесі берік, еңсесі биік елдіктің жаршысына айналды. Жаңарған жыл кемел келешектен үкілі үміт күткен еліміз үшін жасампаз істерге әрі табысқа толы болғай. Әр шаңырақтың ырзық-несібесі артып, арман-мақсаттары орындалсын. Рухани құндылықтарымызды дәріптейтін Наурыз мерекесі құтты болсын. Қашанда отбасыларыңыздан шаттық пен молшылық кетпесін! Ұлыс оң, ақ мол болсын!»
Бүгін әйгілі әнші, өнер зерттеушісі, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменовтың туғанына 75 жыл. Жәнібек Кәрменов қазақтың халық әндерін орындаушылар мектебінің белді өкілі еді. Ол «Асыл мұра» телебағдарламасында қазақтың халық музыкасы жайлы терең сыр шертіп, Ақан, Біржан, Мұхит әндерін асқан шеберлікпен орындады. Оның орындауында Ақтамберді, Бұқар жырау, Шәкәрім шығармалары алғаш шырқалды. Әнші сазгер ретінде де белгілі еді. Оның «Толғау», «Шыңғыстауға арнау», «Бабалар», «Ағалар-ай», Абайдың өлеңіне жазған «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» сынды әндері ұлттық өнерге қосылған өлмес мұраға айналды. Жәнібек Кәрменов КСРО Жазушылар одағының мүшесі атанып, қарымды қаламгер де болды. Ол «Ақылбайдың әні», «Махаббат әні», «Ғашықтың тілі»…
Бүгін журналист, жазушы әрі аудармашы Әбілмәжін Жұмабаевтың туғанына 95 жыл. Жазушы шығармашылық жолын 1950 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінен бастады. Кейін бөлім меңгерушісі, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. Қаламгердің «Алыптың адымы», «Қарағанды оттары», «Менің Қазақстаным» сынды кітаптары жарыққа шыққан. «Кездесу күні» кітабына жазушының соңғы жылдардағы естеліктері мен аудармалары енген. Бұдан бөлек, Әбілмәжін Жұмабаев аудармашы ретінде де еңбек етті. Ол Л.Толстой, И.Тургенев, М.Горький, К.Паустовскийдің туындыларын, «Араб жазушыларының әңгімелері» жинағын, «Үш ноян», «Граф Монте Кристо» сынды шығармаларды аударды. Жазушы әдебиет саласында ерен еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.