Автор: shynggys

Бүгін әйгілі әнші, өнер зерттеушісі, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменовтың туғанына 75 жыл. Жәнібек Кәрменов қазақтың халық әндерін орындаушылар мектебінің белді өкілі еді. Ол «Асыл мұра» телебағдарламасында қазақтың халық музыкасы жайлы терең сыр шертіп, Ақан, Біржан, Мұхит әндерін асқан шеберлікпен орындады. Оның орындауында Ақтамберді, Бұқар жырау, Шәкәрім шығармалары алғаш шырқалды. Әнші сазгер ретінде де белгілі еді. Оның «Толғау», «Шыңғыстауға арнау», «Бабалар», «Ағалар-ай», Абайдың өлеңіне жазған «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» сынды әндері ұлттық өнерге қосылған өлмес мұраға айналды. Жәнібек Кәрменов КСРО Жазушылар одағының мүшесі атанып, қарымды қаламгер де болды. Ол «Ақылбайдың әні», «Махаббат әні», «Ғашықтың тілі»…

Толығырақ

Бүгін журналист, жазушы әрі аудармашы Әбілмәжін Жұмабаевтың туғанына 95 жыл. Жазушы шығармашылық жолын 1950 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінен бастады. Кейін бөлім меңгерушісі, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. Қаламгердің «Алыптың адымы», «Қарағанды оттары», «Менің Қазақстаным» сынды кітаптары жарыққа шыққан. «Кездесу күні» кітабына жазушының соңғы жылдардағы естеліктері мен аудармалары енген. Бұдан бөлек, Әбілмәжін Жұмабаев аудармашы ретінде де еңбек етті. Ол Л.Толстой, И.Тургенев, М.Горький, К.Паустовскийдің туындыларын, «Араб жазушыларының әңгімелері» жинағын, «Үш ноян», «Граф Монте Кристо» сынды шығармаларды аударды. Жазушы әдебиет саласында ерен еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

Толығырақ

Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанның Словакиядағы елшілігінде тегін қазақ тілі курстары мен қазақ әдебиеті кітапханасы ашылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі айтты. «Сабақтарды аптасына екі рет білікті мамандар – қазақ тілі мұғалімі Жазира Байжұманова мен филолог Сұлтан Қамалиден жүргізеді. Қазақ тілін үйренгісі келетіндердің барлығына ыңғайлы болу үшін курстар екі топқа бөлінеді – словак және орыс тілдерінде оқытатын топтар. Сабаққа жеке қатыса алмайтындар үшін сабақтардың онлайн трансляциясы ұйымдастырылады. Қазақстанда шыққан қазақ тілі оқулықтарын елшілік қамтамасыз етеді»,—делінген хабарламада. Ал Қазақстанның тарихы мен мәдениетімен танысқысы келетіндер үшін Қазақстанның Словакиядағы елшілігі жанынан қазақ әдебиетінің кітапханасы ашылды. Кітапхана қорында…

Толығырақ

Наурыз мейрамы құтты болсын! Жаңару  мен жаңғыру, ауызбіршілік пен ынтымақ нышаны ретінде Наурыз нағыз жалпыхалықтық мерекеге айналды,  халқымыздың болашаққа деген үкілі үміттері мен игі арман-тілектері осы мейраммен байланысты. Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толағай табыс тілейміз! Наурыз әр үйге бақыт пен қуаныш әкелсін!

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Серкебаеваны қабылдады Кездесу барысында Алматының мәдени өмірі жайында сөз қозғалып, Қазақстандағы классикалық музыканы дамыту перспективасы қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Жәмила Серкебаеваның таланты мен кәсібилігін жоғары бағалап, оның елімізді ғана емес, шетелді де мойындатқанын атап өтті. Жәмила Серкебаева музыка өнеріне қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, еліміздегі музыкалық инфрақұрылымды жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Толығырақ

Тараз қаласында биыл алғаш рет «KazАgroZhambyl-2024» халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі өтуде. Көрменің салтанатты ашылу рәсімі «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің аумағында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімдігі. Көрменің ашылу салтанатында өңір әкімі Ербол Қарашөкеев аталған форум агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мол мүмкіндік беретінін атап өтті. — Біздің облыс көпсалалы аграрлық өңір болғандықтан, өзіндік мүмкіндіктерін көрсетуге әзір. Жамбыл облысы бірқатар артықшылықтары мен қолайлы климаты бар, ауыл шаруашылығына қолайлы аймақ. Облыс халқының 60 пайызы ауылдық жерлерде шоғырланып, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға күш салуда, — деді өңі әкімі. Сондай-ақ облыс басшысы мұндай ауқымды іс-шаралар шетелдік және отандық кәсіпкерлерге ынтымақтастық орнатуға және стратегиялық…

Толығырақ

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев әйгілі америкалық ковбой Кейси Филд пен көкпардан АҚШ құрамасының капитаны Лэдд Хоуэллден құралған АҚШ делегациясымен кездесті. Кездесу барысында тараптар ат спорты түрлерін дамытуды, екі елде көкпар мен америкалық родеоны кеңінен насихаттауды, сондай-ақ биыл елімізде өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Америкалық делегация 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көкпар жарысына қатысуға дайын екендігін жеткізді. Бұған дейін АҚШ-тың көкпардан ұлттық құрамасы 2018 және 2022 жылдары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан болатын. «Көкпар – ежелгі көшпенділер ойынының бірі. Аталған спорт түрі бірнеше жүз жылдан бері ойналып келеді. Әрине, бұл – өте әсерлі ойын. Қазақстанда…

Толығырақ

Челлендж биыл осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Наурыз мейрамына арналған республикалық челлендж бүгін сағат 12:00-де еліміздің барлық білім ордаларында өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Бұл өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімдерді қалыптастыруға, балалар арасында домбыра тартуды насихаттауға бағытталған. Домбырашылар челленджінің мақсаты – балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкадағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және ұлттық аспабымыз домбыраны барынша дәріптеу. «Астана қаласындағы білім беру ұйымдарында «Күй күмбірі» атты республикалық челлендж ұйымдастырып отырмыз. Елордада 127 мыңға жуық оқушы мен студент бір уақытта Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерін орындады. Челлендждің мақсаты – ұлттық аспабымыз домбыраны барынша насихаттап, жас ұрпақ бойына сіңіру, – деді…

Толығырақ