Ұлттық қор — балаларға»: 304 815 жасөспірім ақшасын жаратты Биыл алғашқы қадам жасалып, 6,9 млн бала 100,52 доллардан алды. Өйткені, Ұлттық қордың кірісі 1,3 млрд доллар болды. Оның жартысы – 695 млн доллар, осы қаражат бөлінді. 2024 жылы 18 жасқа толған не толатын балалар саны – 304 815. 1 наурызда олар 30 млн 640 мың доллар қаражатты алды. Ұлттық қордың кірісі артқан сайын балаларға төленетін төлем көлемі де ұлғаяды. Қаржы министрінің сөзінше, балаларға төленетін төлем үнемі 100,52 доллар болмайды, оның жоғары шегі әлі белгісіз. @baq_kz
Автор: shynggys
Мәжіліс депутаттары Су кодексінің жобасы мен су қорын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді әзірлеуге кірісті. Палатаның Аграрлық мәселелер комитетінде Серік Егізбаевтың төрағалығымен, вице-спикер Альберт Раудың қатысуымен заң жобаларының таныстырылымы өтті. Депутаттарға түзетулерді Су және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз таныстырды. Ол жаңа Кодексте елдің су-ресурстық әлеуетін қамтамасыз ету үшін су ресурстарын сарқылудан және ластанудан қорғауға баса назар аударылатынын айтты. – Жаңа Су кодексінің нормалары – жүйелі, декларативті әрі қайталанатын нормалар жоқ. Құжаттың қағидаттары мен міндеттері оларды іске асыру механизмдері арқылы нығайтылды. Сонымен қатар гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігі, ирригация және дренаж, ауыз сумен және сумен қамтамасыз ету мәселелері жеке тиісті…
Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда қалаға айналуы мүмкін ауылдардың тізімін ұсынды. Қалаға айналуы мүмкін елді мекендердің ішінде Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарындағы ауылдар бар: Қарғалы ауылы (Алматы облысы); Өтеген батыр ауылы (Алматы облысы); Боралдай ауылы (Алматы облысы); Ұзынағаш ауылы (Алматы облысы); Сарыкемер ауылы (Жамбыл облысы); Қордай ауылы (Жамбыл облысы); Жаңақорған кенті (Қызылорда облысы); Шиелі кенті (Қызылорда облысы); Әйтеке би ауылы (Қызылорда облысы); Қызылтөбе ауылы (Маңғыстау облысы); Атамекен ауылы (Маңғыстау облысы); Маңғыстау ауылы (Маңғыстау облысы); Басқұдық ауылы (Маңғыстау облысы); Рахат ауылы (Маңғыстау облысы); Бейнеу ауылы (Маңғыстау облысы); Манкент ауылы (Түркістан облысы); Ақсукент ауылы (Түркістан облысы); Қарабұлақ ауылы (Түркістан облысы). Бұған дейін…
Қазақстанның сыртқы қарызы өсіп кетті 2023 жылдың 1 қаңтарында 25,3 трлн теңге болса, қазір 27 трлн теңге. Бұл туралы үкіметтегі брифингте қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлім етті. 2023 жылдың аяғында депутат Ерлан Саиров Қаржы министрлігінің бұрынғы басшысы Ерұлан Жамаубаевқа Қазақстанның мемлекеттік қарызының мөлшеріне байланысты елімізде қаржылық проблемалар басталуы мүмкін екенін айтқан. Сол кездегі қаржы министрі мемлекеттік қарыз мәселесі мемлекеттің ерекше бақылауында деп жауап берген.
Қазақстандағы барлық мемлекеттік қызметшінің жалақысына кететін жылдық шығын белгілі болды Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлім етті. Қазақстандағы шенеуніктердің саны кейінгі жылдары өзгермегенін, ал министрліктердің ұлғаюы – бұл бұрын керісінше біріктірген ведомстволар екенін айтты. «2014 жылы бізде 21 министрлік болды, біз оларды біріктіріп, 14 министрлікке айналдырдық, оның ішінде комитеттер бар. Кез келген министрлікті алсақ, штаты 50 мың адам. Бұл жұмысқа, шешім қабылдау жылдамдығына әсер етті. Сондықтан оларды қайтадан бөлу туралы шешім қабылданды, бірақ сонымен бірге жаңа министрлік қосымады – саны сол күйі қалды», — деді Такиев. «Мен бүкіл мемлекеттік аппараттың жалақысы бойынша айта аламын: жылына 1 трлн 32 мың…
Грекия БАҚ-тың хабарлауынша, Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі Грекия мен Қазақстан құрамалары арасындағы матчқа билеттер үлкен сұранысқа ие. Ойынға үш күн қалғанда 18 мыңнан астам билет сатылды, бірақ бұл көрсеткіш түпкілікті емес, өйткені билеттер тез сатылып жатыр. Матч аншлагпен аяқталады деп күтілуде, Афинадағы «Айя-София» стадионы 30 мыңнан астам көрерменге арналған. Айтп кетейік, Грекия мен Қазақстан арасындағы кездесу наурыздың 21-нен 22-сіне қараған түні сағат 00:45-те басталады. Одан кейін жеңімпаз Еуро-2024 жолдамасы үшін ең мықты Грузия – Люксембург жұбымен ойнайды. prosports.kz
Жалғас Түкешов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды Жалғас Түкешов бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, 10 жылдан бері әуесқой бокста бапкерлік қызмет атқарады. Сондай-ақ 8 жылдан бері кәсіпқой бокста промоутерлік жұмыспен айналысып, Қазақстанда бокс кештерін ұйымдастырып жүр.
Үкімет басшысы салықтық және кедендік ақпараттық жүйелерді интеграциялауды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында салықтық және кедендік әкімшілендіру және процестерді цифрландыру шараларын жетілдіру мәселелері қаралды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады «Ақорда» резиденциясында алты мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Сенім грамоталарын Мысыр Араб Республикасының елшісі Ибтиссам Ракха Ахмед Хасан, Сербия Республикасының елшісі Владимир Йовичич, Люксембург Ұлы Герцогтігінің елшісі Томас Райзен, Австралия елшісі Джон Уильям Гиринг, Колумбия Республикасының елшісі Эктор Исидро Аренас Нейра, Сирия Араб Республикасының елшісі Башар Джафари тапсырды. Мемлекет басшысы дипломаттарды еліміздегі миссияларының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстанның бейбітсүйгіш әрі конструктивті сыртқы саясат ұстанатынына назар аударды. – Біз барлық елмен, ең алдымен, көршілес мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, жақсы қарым-қатынас жасағымыз келеді. Бұл жолдың табысты болатынына…
Үкімет отырысынан кейін баспасөз брифингінде журналистер қаржы министрі Мәди Тәкиевтен Елтаңбаны өзгертуге қанша қаржы жұмсалатынын сұрады. Айта кетейік, Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Елтаңбаны өзгерту мәселесі көптен бері талқыланып келе жатқанын, мұны қайтадан қарау керегін айтқан болатын. Бүгін БАҚ өкілдері бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиевтен: «Елтаңба өзгертіле ме, өзгертілсе, қанша қаржы жұмсалады?» деп сұрады. Мемлекет басшысы «қоғам бұл мәселеге жалпы қолдау білдірсе, оны болашақта бағалау керек» деді. Бұл мәселе оң шешімін тапқан жағдайда, оны мұқият қарастыратын арнайы комиссия құрылады. Алдымен мәселені шешіп алайық. Одан кейін қанша қаржы жұмсалатынын айта жатармыз, – деді қаржы министрі Мәди Тәкиев. Тәкиев Елтаңбаны өзгертуге әзірге…