Автор: shynggys

Әзірленіп жатқан Жаңа Салық кодексі бәріне түсінікті болуы керек — Олжас Бектенов «Үкімет алдында салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру бағытында маңызды міндет тұр. Осы мақсатқа жетудің ең оңтайлы жолы – барлық процесті барынша цифрландыру. Жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Оған қойылатын талап өте қатаң. Бұған дейін ұсынылған тәсілдерге қатысты орынды сын айтылған болатын. Бизнес пен қоғам бұл құжаттан оң өзгерістер күтуде. Ең бастысы, ол ашық, бәріне түсінікті және үйлесімді болуы керек. Алайда Кодексті әзірлеу созылып барады. — Бұл жұмысты жедел аяқтауды тапсырамын. Жаңа кодексте азаматтардың мемлекеттік кірістер органдарының жұмысы мен әрекетсіздігіне, қосылған құн салығын қайтаруды кешіктіруге, мәмілелерді жарамсыз деп…

Толығырақ

Қазақстанда бизнес үшін жаңа бірыңғай цифрлық жүйе құрылады Үкімет салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрлық трансформациялау бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық ақпараттық жүйелеріне тәуелсіз IT-аудит жүргізу басталды. Оның нәтижелері бойынша жаңа ақпараттық архитектура қалыптасады. Сондай-ақ биыл салық және кедендік ақпараттық жүйелерді интеграциялау аяқталады. 14 жүйенің орнына тек 5 жүйе жұмыс істейді. «Біз түбегейлі жаңа бірыңғай цифрлық жүйені әзірлеп жатырмыз. Ол өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде бизнесті сүймелдеудің сервистік моделіне айналады және кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік жүктемені айтарлықтай азайтады», — деді қаржы министрі.

Толығырақ

Сәтбаев қаласының экс-әкімі Шапағат Әубәкір 10 миллион теңге пара алғаны үшін соталды Ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған мемлекеттік қызметте қызмет етуге өмір бойы тыйым салынды. Сот 2024 жылғы ақпанда әкім Шапағат Әубәкірдің қала әкімі бола тұра Сәтбаев қаласының жолдарын күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерден 10 млн теңге сомасында пара алғаны анықталған.

Толығырақ

Алматыда мереке күндері қатты жаңбыр жаууы мүмкін 20-22 наурыз аралығында Алматыда ауа райы нашарлап, нөсерлі жауын-шашын болады деп күтіледі. Осыған байланысты қалалық коммуналдық қызметтер дайындық жұмысын бастады. «Ауа райының нашарлауына байланысты тұрғындарға тауға барудан бас тартуға, жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты көліктерді жол жиегіне қоймауға кеңес беріледі», — деп ескертті ведомство өкілдері. Ведомство өкілдері су басуды болдырмау үшін қала тұрғындарынан арықтарға, нөсер ағындары мен каналдарға қоқыс тастамауды сұрады.

Толығырақ

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері балалардың құқықтарын қорғауға арналған заңнамадағы жаңашылдықтар туралы айтты Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан атап өткендей, қазіргі уақытта Парламентте екі маңызды заң жобасы қаралуда: білім беру және бала құқықтарын қорғау, сондай-ақ әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы. «Бірінші заң жобасы аясында Үкімет елімізде жаңа құрылым – кәсіби отбасы институтын енгізуді ұсынды. Біз үшін балалардың өз отбасыларында өсіп, тәрбиеленуі өте маңызды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заң жобасы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың көптеген түрлерін қатаңдататын, сондай-ақ балалар ортасындағы жағымсыз құбылыстардың алдын алуға, ата-аналардың жауапкершілігін…

Толығырақ

Жасөспірімдерді нашақорлықтан, вейпингтен, лудоманиядан қорғау: жол карталары мен жоспарлар іске асырылуда ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, аталған құжаттарды іске асыру аясында мынадай шаралар қабылдануда: біріншіден, балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін әдеттерден қорғау тақырыптары білім беру бағдарламаларына енгізілді; екіншіден, білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысының жоспарларына полиция және медицина қызметкерлерінің қатысуымен білім алушылар арасында түсіндіру-ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі шаралар енгізілді. «Бұл жұмысқа 90 мың маман, 8 мыңнан астам педагог-психолог және 4 мың әлеуметтік педагог тартылды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Үшіншіден, білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысының жоспарларына психоактивті заттар мен вейптерді пайдаланудың алдын алу жөніндегі шаралар да…

Толығырақ

Оқу-ағарту министрлігі: балалар мен жасөспірімдер қозғалысына 2,5 млн оқушы тартылған Тәрбие ісінде балалар мен жасөспірімдер қозғалысының, волонтерлік ұйымдардың маңызы зор. Бұл бағытта ҚР Оқу-ағарту министрлігі арнайы жол картасын әзірледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында вице-министр Еділ Оспан хабарлады. «Жол картасы аясында «Менің бауырым» жобасы іске қосылып, 3 мыңнан аса волонтер балалық шақтың бақытты өтуіне бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға кірісіп кетті. Жас еріктілердің бастамасымен «ДОСБОЛLIKE» — достық қолыңды соз» акциясы мектептерде өтті. Жалпы елімізде, «Жас сарбаз», «Жас волонтер», «Жас эколог», Жас дебатер» және т.б. балалар мен жасөспірімдер қозғалысына 2,5 млн оқушы тартылған», — деді спикер.

Толығырақ

Елімізде «Әншуақ» балалар әндерінің фестивалі өтеді Балалар әндерінің дамуына тың серпін беретін «Әншуақ» балар әндерінің фестивалі жобасы іске асырылуда. Республиканың әр түкпірінен ән құмар өрендер өз әндері мен орындауын әлеуметтік желілерге орналастырып, тыңдаушыларының дауысын жинауда. «Үздік әндер республикалық деңгейдегі фестивальге ұсынылатын болады. Қазірдің өзінде 10 мыңға жуық жас өнерпаздаз әншуақ# хэштегтегімен өз өнерлерін әлеуметтік желіге орналастырды», – деді оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Толығырақ

«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында балалар көркем әдебиеттер тізімі жасақталды Балалардың кітап оқуға құштарлығын арттыру үшін «Балалар кітапханасы» бағдарламасы әзірленіп, әдебиеттің әртүрлі кезеңдері мен жанрларын қамтитын кітаптардың 1700-ден астам аталымнан тұратын көркем әдебиеттер тізімі жасақталды. ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, тізімде балалар әдебиеті; поэзия және проза, драматургия; көркем публицистика; көркем аудармалар; ұлттық фольклор (ертегі, аңыз, айтыс) қамтылды. «Балалар кітапханасы» бағдарламасы мен көркем әдебиеттер тізімі бекітіліп әкімдіктерге іске асыру үшін жолданды. Бағдарлама шеңберінде мектеп кітапханасының қорын жыл сайын 2 млн данаға ұлғайту көзделіп отыр», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Толығырақ

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» 20 мың білім беру ұйымдарына енгізілді Мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарын күшейту. «Осы бағдарлама «Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Бірлік және Ынтымақ», «Әділдік және Жауапкершілік», «Заң және Тәртіп», «Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік», «Жасампаздық және Жаңашылдық» идеяларын білім ұйымдарында іске асырудың негізгі платформасына айналады. «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүйелі іске асыру мақсатында тәрбие ісімен шұғылданатын 90 мың педагог бағдарламаның қыр-сырын ашатын курстан өтті», – деді ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Одан бөлек, барлық мектепте «Ата-аналарды қолдау орталығы» ашылып, «ата-ана, бала, педагог» арасындағы үштік одақ жұмысы жолға қойылды.

Толығырақ