Автор: shynggys

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қаржының игерілуін мониторингке алды«Жайлы мектеп» жобасы ел дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 37 апатты мектеп және 3 ауысымда оқитын 142 мектеп бар. Жобаны іске асыру шеңберінде 2,3 трлн теңгені игеру және 2025 жылға қарай 800 мың оқушы орнын қамтамасыз ету жоспарлануда. ortcom.kz

Толығырақ

Қызылорда облысының 98,4 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған Сыр өңірінде тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. Аймақ халқының басым бөлігі таза ауыз суға қол жеткізіп отыр. Бүгінде облысқа қарасты Қызылорда, Байқоңыр, Арал, Қазалы қалалары орталықтандырылған ауыз сумен толықтай қамтамасыз етілген. qazaqparat_kz

Толығырақ

Тоқаев ұсынған жаңа бағдарлама бойынша кімдер баспана ала алатыны мәлім болды Бағдарламаға 300 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі айтып берді. Үкімет кезекте тұрғандар, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемін 4 есе ұлғайтуды жоспарлап отыр. «Ол үшін қосымша 272 млрд теңге бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Отбасы банкімен бірлесіп, 300 млрд теңге сомасына ипотекалық қарыздар беретін жаңа бағдарлама іске қосылады. Жаңа бағдарламаға жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, банк салымшылары, моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары, оның ішінде ақша жинау бойынша міндеттемесі…

Толығырақ

Бүгін әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты Қабиболла Сыдиықұлының туғанына — 90 жыл Қабиболла Сыдиықұлы еліміздің батыс, шығыс өңірлерін аралап, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан экспедицияларына ғылыми жетекшілік етіп, ақын-жыраулар мұрасын, халық әндерін, шежірелер мен тарихи деректерді жинау жолында еңбек етті. Қаламгер әдеби, мәдени, тарихи, архитектуралық мұралар, қол өнері, халықтар достығы, Маңғыстау, Атырау тарихы хақында кітаптар, әдеби, ғылыми зерттеулер, публицистикалық мақалалар мен өлеңдер, очерк, суреттемелер, әдеби мұралар жариялады. Оның қатысуымен «Біржан сал мен ақын Сараның айтысы», «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» сынды құнды кітаптар жарық көрді. Әдебиеттанушы кітаптарға, жинақтарға енген Шалкиіз, Абыл, Махамбет, Есет сынды тарихи тұлғалар мен әдеби, мәдени мұралар хақында…

Толығырақ

Спортта үлкен жетістікке жеткен қандасымыз туралы фильм жарық көрді «Үміт сәулесі» фильмінің басты кейіпкері — Астана қаласының пара спортшысы Ерғали Шамей. Монғолияда туған қандасымыз 18 жасында ата-жұртына біржола қоныс аударып, 2015 жылы жаттықтырушының арнайы шақыртуымен спортқа бет бұрған. Айта кетелік, парадзюдодан әлем чемпионы Ерғали Шамейдің өміріне негізделген фильм биыл Францияда өтетін Паралимпиада ойындарының алдында ел спортшыларына қолдау көрсетіп, жетістіктеріне лайықты назар аударуға да септігін тигізеді.

Толығырақ

Олжас Бектенов «Шелл плс» компаниясының атқарушы вице-президенті Питер Костелломен жергілікті қамтуды арттыру мәселесін талқылады Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов «Шелл плс» концернінің атқарушы вице-президенті Питер Костелломен кездесті, онда мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысы қаралды. Қарашығанақты кеңейту жобасы бойынша мұнай мен конденсат өндіруді жылына кемінде 11 млн тонна деңгейінде ұстап тұру – басым міндеттердің бірі. Осы мақсатта тараптар шикі газды кері айдаудың қосымша компрессорларын уақтылы іске қосуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жобаның толыққанды қызметін қамтамасыз ету мақсатында акционерлердің есебінен Қарашығанақтағы қуаттылығы жылына 4 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылуда. ҚР Үкіметінің басшысы жобаларды іске асыру шеңберінде, оның ішінде Қазақстан…

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды.

Толығырақ

Қазақстан Қытаймен қалай сауда жасайды?2023 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 31,5 млрд АҚШ долларын құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 30,4%-ға көп. Бұл туралы Azattyq Ruhy Finprom.kz-ке сілтеме жасап.Тауар айналымының көп бөлігін импорт құрады: 16,8 млрд АҚШ доллары, бір жылда 52,7%-ға көп. Сонымен қатар, Қазақстаннан Аспан асты еліне экспорты бір жылда 11,7%-ға, 14,7 млрд АҚШ долларына дейін өсті.

Толығырақ