Автор: shynggys

Мемлекет басшысы: Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу«Алматыда кейбір кітапханалар заман талабына сай жаңғыртылды. Онда жастардың шығармашылықпен айналысып, білімін ұштауына толық мүмкіндік бар. Облыс әкімдері осы жақсы тәжірибені жалғастыруы керек»

Толығырақ

Президент: Қазақ тілін дамытамыз десек, қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерді барынша тиімді пайдаланған дұрыс «Осы тұста, халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» туралы ерекше атап өткім келеді. Қазір Ұлттық Құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлы бастаған жаңа буын өкілдері ұйым тізгінін қолға алды. Мен қоғамның «Qazaq tili» эндаумент қорын құру туралы ұсынысын қолдадым. Осы жақсы бастаманы қолында қаржысы бар азаматтар жалғастырып әкетті. Тілімізге қамқорлық танытқан жандарға ерекше ризашылығымды білдіремін. Қалталы, жанашыр азаматтар қорды ұлғайтуға үлес қосады деп сенемін»

Толығырақ

Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады — Президент«Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық»,-деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Президент халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» туралы ерекше атап өтті.

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев:  Тарихымызға шынайы көзбен қарап, оны сол қалпында қабылдауымыз керек «Қазір ертеде өткен оқиғаларға, белгілі бір тұлғаларға қатысты талқылау көбейіп барады. Қаламгерлеріміз, тіпті, Шыңғыс ханның тегі кім деп, айтысып-тартысып жататын болды. Кеңес заманындағы тұлғаларды, әсіресе, Алаш көсемдері мен Кеңес қайраткерлерін салыстырып, бір-біріне қарсы қояды. Дәл осындай сөз тартыстарының ақиқатына жету қиын, жеткеннің өзінде ел ішіне іріткі салатын мұндай дау-дамайдың еш қажеті жоқ. Әр дәуірдің өз ерекшелігі бар. Әрбір тұлға өзінің көзқарасына, дүниетанымына қарай және өз қоғамының мүддесіне сәйкес елге қызмет етті. Олар, яғни, сол заманның қайраткерлері бір кездері ұстанған бағытына бола дауласса, ендігі ұрпақ кімнің ісі дұрыс, кімдікі бұрыс деп…

Толығырақ

Сарайшық – төл шежіремізде айрықша орны бар киелі шаһар – Қасым-Жомарт Тоқаев «Ең алдымен, мен баршаңызға Амал күні құтты болсын дегім келеді. Қыстан аман-есен шыққан туған-туыс, ағайын бір-бірімен қауышып жатыр. Ел арасында Амал күні еліміздің батыс аймағына тән мереке деген түсінік бар. Бірақ бұл қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрі екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан біз тұтас ел болып, Наурыз мейрамын осы күннен, яғни Амал күнінен бастап тойлағанымыз жарасымды болары сөзсіз», — деді Президент.

Толығырақ

Қазақстандық таэквондошы Батырхан Төлеуғали Олимпиада лицензиясын жеңіп алды Спортшы Тайань қаласында (Қытай) өткен іріктеу турнирінде 80 келіге дейінгі салмақта финалға шықты. Жартылай финалда Төлеуғали саудиялық Али Мабрук әл-Мабрукты жеңді.

Толығырақ

Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер елден күштеп шығарылды «Мигрант» операциясы аясында көші-қон заңнамасын бұзушыларды ел аумағынан шығару туралы 504 сот шешімі шығарылған. Тәртіпке бағынбаған 62 шетелдікті ел аумағынан күштеп шығаруға тура келген. Оларға бес жылға дейін Қазақстанға кіруге тыйым салынды. Шетелдіктерді елге шақырған ұйымдар да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 90 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Толығырақ

Түркістан облысында мақта зауыттары шаруа қожалықтарына 916 млн теңге қарыз Түркістан облысында мақта зауыттары 451 шаруа қожалығына 916 млн теңге қарыз болған. Прокуратура араласуынан кейін бұл берешек өндірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап. Ведомство хабарлауынша, облыс прокуратурасының бастамасымен жергілікті атқарушы орган, шаруа қожалықтары және зауыт өкілдерінің қатысуымен мекемеаралық жиналыс өткізілген. Оның қорытындысы бойынша шаруаларға талап арыз дайындау, сотқа беру, ескерту хаттарын жолдауға құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ тараптар арасында келісу рәсімдерін өткізу тапсырылды. Белгіленген жұмыс аясында сотқа 25 талап-арыз беруге және зауыттарға 23 ескерту хаттарын жолдауға құқықтық көмек көрсетілді. Жергілікті деңгейде сот жүйесі өкілдері және медиаторлардың қатысуымен келісу рәсімдері өткізілді. «Қабылданған…

Толығырақ

Бүгін режиссер, драматург, театр және кино актері Қанабек Байсейітовтың туғанына 119 жыл . Актер Ж. Шаниннің «Арқалық батыр» қойылымында өзінің алғашқы басты рөлін сомдады. Кейін 1927 жылы ол жұмысшы жастар театрын ұйымдастырып, сол жерде бас режиссер болды. Қанабек Байсейітов — Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының негізін қалаушыларының бірі. 1934 жылы театр М.Әуезов пен И. Коцыктың «Айман — Шолпан»қойылымымен есігін айқара ашты. Ол жерде Қанабек Байсейітов Арыстанның рөлін сомдады. Сондай-ақ, осы сахнада ол Тарғынның, батыл жауынгер Төлегеннің және басқа кейіпкерлердің қайталанбас бейнесін қалыптастырды. Кейінгі жылдары әртіс Евгений Брусиловскийдің «Қыз-Жібек», «Жалбыр» және «Ер Тарғын» операларында басты рөлдерді сомдады. Оның…

Толығырақ