Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер елден күштеп шығарылды
«Мигрант» операциясы аясында көші-қон заңнамасын бұзушыларды ел аумағынан шығару туралы 504 сот шешімі шығарылған. Тәртіпке бағынбаған 62 шетелдікті ел аумағынан күштеп шығаруға тура келген. Оларға бес жылға дейін Қазақстанға кіруге тыйым салынды.
Шетелдіктерді елге шақырған ұйымдар да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 90 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.