Автор: shynggys

Нұралы Әліп «Зенит» футбол клубы сапында 50-матчын өткізді Футболдан Ресей кубогының 1/4 финалының қарымта ойынында Санкт-Петербургтың «Зенит» командасы «Динамоны» (Мәскеу) 2:0 есебімен ұтты. Бұл матч қазақстандық футболшы, «Зениттің» орталық қорғаушысы Нұралы Әліп үшін петербургтік клуб сапындағы 50-ойын болды. Ол осы уақытқа дейін бір нәтижелі паспен көзге түсті. Сондай-ақ «Зенитпен» бірге екі рет Ресей чемпионы атанып, ел Суперкубогын екі мәрте жеңіп алды.

Толығырақ

Бас прокуратура экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваның рейдерлік әрекеті туралы арызын тіркеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап. «2024 жылғы 4 наурыздағы арыз Бас прокуратураның ақпарат кітабына тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін Қаржы мониторингі агенттігіне жолданғанын мәлімдейміз»,—делінген хабарламада. Еске сала кетейік, 28 ақпанда кәсіпкер Нұрлан Бимурзин Әлия Назарбаеваның құны 170 миллион доллар (2003 жылғы есеп бойынша) болатын жұмыс істеп тұрған бизнесін тартып алғанын айтқан еді. Сондай-ақ ол Конституциялық кеңестің бұрынғы төрағасы Игорь Роговтың әйелі Валентина Рогова мен Әлия Назарбаеваның үстінен Бас прокуратураға арыз түсіргенін мәлімдеді. «Серіктесім Медғат Қалиев екеуіміз осы сәтті 20 жыл күттік. Өйткені жиырма жыл бойы жақындарымыз…

Толығырақ

Қазақ құрылтайы – қазақтың дәстүрлі хандық заманынан бізге келіп жеткен «дала демократясының» жарқын көрінісі. Өз заманында Құрылтайдың қазақ ұлтының тұтасуына, елін‑жерін қорғауға өлшеусіз үлес қосқаны – көне тарихтан бізге белгілі. Осы дәстүрдің қазіргі Тәуелсіз Қазақстанда қайта жаңғыруы – қоғамның отыз жылдық авторитарлық құрсаудан арыла бастағанының, Қазақстан азаматтарының елдігін сезіне бастағанының ұшқыны. Бүгінгі күні оның өз жұмысын Атырау өңірінде, кезінде Алтын Орда астанасы болған Сарайшықта жалғастыруын – қазақ халқының мемлекеттік тарихының белгісі деп қабылдауға болады. ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ӨТУ РЕТІ Қазір Қазақ Елінің бір шетінен екінші шетіне жету алты айлық жол болған заман келмеске кетті. Енді, бір қиырдан екіншіге жету, ең шабан тырбаңдаған…

Толығырақ

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИННІҢ ҚОЛДАУЫ ЕРЕКШЕ ӘСЕР ЕТТІ Головкиннің қолдауы жігіттерге ерекше әсер етті. Тіпті оятты десем, артық емес. Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Ұлттық олимпиадалық комитеттің жаңа президентіне қатысты осындай пікір білдірді. Бұны да Olympic.kz сайты жариялады.

Толығырақ

Ұлттық құрылтайды өткізуге неге Атырау таңдалды? Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Нұрмұратов Атырау қаласында өттін Ұлттық құрылтайда қандай мәселелер талқылануы мүмкін екенін айтты. Атырау өңірінің оның өзінде Сарайшықты үшінші рет Ұлттық Құрылтайдың өткізілуіне таңдалуы кездейсоқ емес. Себебі, Ұлытау мен Түркістаннан кейінгі заңды таңдалған өлке. Қазақтың терең тарихына көз жіберсек кең даланың басын қосу үшін шебер дипломатия керек. Бұл таңдаудың артықшылығы Сарайшық тарихи мекенді әлемге танытудың бір жолы деп қабылдауға болады. Бұл Құрылтайда экономикалық мәселелер, цифрландыру мен құқықтық проблемалар айтылады деген ойдамын,- дейді Философия ғылымдарының докторы, профессор. @baq_kz

Толығырақ

Алматыда барахолкаға апаратын жолды «Сергек» камералары бақылайтын болады Аталған бейнебақылау камералары наурыздың аяғына дейін орнатылады. Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында осындай тапсырма берді. 2024 жылы Алматыда барлығы 10 мыңға жуық бейнебақылау камерасын орнату жоспарда.

Толығырақ

Қостанайда бұрынғы сот орындаушысы борышкерлердің 6 млн теңгесін иемденіп кеткенҚостанай облысының прокуратурасы тексеру барысында бұрынғы жеке сот орындаушысының мемлекет пен өзге де өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды ұрлау схемасын анықтады. «Бұрынғы жеке сот орындаушысы Н. лицензиясынан айырғаннан кейін өндіріп алушыларға берудің орнына 6 млн теңгеден астам ақша жеке шотына аударып алғаны анықталды.Бұл ақша қаражаты – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомасы», — делінген хабарламада. Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Толығырақ

Абай облысында 58 гектар орманды жер мемлекетке қайтарылды Абай облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы ауданы 58,32 га мемлекеттік орман қоры учаскелерін орман пайдаланушыларының нысаналы мақсатта пайдаланбай отырғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Ведомстводан хабарлағандай, бұл учаскелерге олар демалу, емделу, спортпен шұғылдану және туризм үшін жағдай жасауы керек еді. «Сонымен қатар берілген 9,82 га жер телімінің 2 учаскесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуінде орналасқаны белгілі болды, бұл Жер кодексінің талаптарына қайшы келеді. Қабылданған шаралармен сот шешімімен мемлекеттік орман қорының жер телімін пайдалану шарты бұзылып, 1,5 га жер телімі мемлекетке қайтарылды», — делінген хабарламада. Аумағы 1,9 га құрайтын 1 учаске өз…

Толығырақ

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2023 жылдың қорытындысын шығардыАлқа отырысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ведомствоның өткен жылғы жұмысының нәтижелерін айтты. Оның мәліметінше, өнеркәсіп саласында өсім 4,3% құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4,1% өсті. Өсім барлық дерлік секторларда тіркелген.

Толығырақ

2023 жылы үшінші елдермен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері арқылы 1 млн астам автомобиль өтті 2024 жылы тек қаңтар-ақпан айларында автомобиль өткізу пункттері арқылы 162 мыңнан астам автокөлік құралы өтті. «Өткізу қабілеттілігі 61% артты. 2023 жылғы 24 қарашадан бастап «Нұр Жолы» ҚХР шекарасындағы ең ірі автомобиль өткізу пункті пилоттық режимде тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды. ҚХР шекара маңындағы қалған кеден бекеттері он екі сағаттық режимге ауыстырылды», — деді ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Толығырақ