Нұралы Әліп «Зенит» футбол клубы сапында 50-матчын өткізді
Футболдан Ресей кубогының 1/4 финалының қарымта ойынында Санкт-Петербургтың «Зенит» командасы «Динамоны» (Мәскеу) 2:0 есебімен ұтты. Бұл матч қазақстандық футболшы, «Зениттің» орталық қорғаушысы Нұралы Әліп үшін петербургтік клуб сапындағы 50-ойын болды. Ол осы уақытқа дейін бір нәтижелі паспен көзге түсті. Сондай-ақ «Зенитпен» бірге екі рет Ресей чемпионы атанып, ел Суперкубогын екі мәрте жеңіп алды.