Автор: shynggys

 Мемлекет басшысы Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсіміне қатысты Мұнда елдің азаттығы жолында, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау үшін құрбан болған әзербайжан халқының батыр ұлдары жерленген. Шаһиттер аллеясы «Нагорный» саябағының аумағында орналасқан. Мұнда 1990 жылғы қайғылы оқиғаның құрбандары мен Қарабақ үшін болған шайқастарда қаза тапқан ұлт қаһармандарының бауырластар зираты бар.

Толығырақ

 Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің келіссөзі нәтижесінде мынадай құжаттарға қол қойылды: 1. Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы Жоғары мемлекетаралық кенесінің бірінші отырысының шешімі; 2. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігі арасындағы теңіз кемелері экипаж мүшелерінің кәсіби дипломдарын өзара тану туралы келісім; 3. 2017 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде докторантураға орын бөлу туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама; 4. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігі арасындағы ғарыш кеңістігін бейбіт…

Толығырақ

 Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев мемлекеттік сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, келіссөздердің нәтижесіне көңілі толатынын жеткізді – Транскаспий көлік дәлізі – аймақтық ынтымақтастық деңгейін анықтайтын нақты бағыт. Өйткені көрші елдермен жақсы қарым-қатынас орнатпай, транзиттік елге айналу мүмкін емес. Бұл ретте Қазақстан да, Әзербайжан да өңірлік ынтымақтастыққа, көршілермен қарым-қатынасын нығайтуға бейілді екенін танытып отыр. Біздің арамызды тек Каспий теңізі ғана бөліп жатыр. Алайда бүгінде оның өзі кедергі емес. Керісінше, Каспий тек елдерімізді ғана емес, көптеген мемлекеттердің арасын жалғайтын көпір саналады. Себебі Транскаспий көлік бағыты өзінің әлеуетін толық ашуға кірісті. Бүгін Үкімет мүшелері көптеген мәселе бойынша егжей-тегжейлі баяндама жасады. Өзара ықпалдастық…

Толығырақ

 Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріне арнайы тоқталды Қазақстанның мәдениет күндерін жоғары деңгейде өткізгені үшін Әзербайжан тарапына ризашылығын білдірді. – Біз өз елімізде Әзербайжан мәдениетінің майталмандарын асыға күтеміз. Бұл іс-шараның табысты өтетініне ешқандай күмән жоқ. Өйткені Әзербайжан мәдениетіне деген қызығушылық қашанда жоғары. Турасын айтқанда, Сіздің елдің мәдениетіне Қазақстан халқының ықыласы ерекше. Біз әзербайжан өнер қайраткерлерін құшақ жая қарсы аламыз, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін айтты. – БҰҰ, ТМҰ, ЕҚЫҰ, АӨСШК, СПЕКА және ТМД сияқты аса маңызды халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығымызды айрықша атап өткім келеді. Меніңше, бұл қарым-қатынастың ауқымы кең және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастығымыз…

Толығырақ

 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді Президент Әзербайжанды Қазақстанның стратегиялық серіктесі ретінде атап өтіп, бауырлас мемлекетке жасаған сапарының мән-маңызына тоқталды. – Бұл мемлекеттік сапар елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту тұрғысынан өте маңызды. Менімен бірге үлкен делегация келді. Бұл бауырлас Әзербайжан еліне жоспарланған осы мемлекеттік сапарға мейлінше тыңғылықты дайындалғанымызды білдіреді. Бүгін біз тиісті құжаттар мен келісімдерге қол қою рәсіміне қатыстық. Ең бастысы, арадағы келісімге сәйкес, екі ел үкіметтері мен басқа да салалық ведомстволар жоғары деңгейдегі кездесулер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсайды, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Әзербайжанның ықпалдастығы…

Толығырақ

 Айбек Оралбай Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды Бұл Италия шаршы алаңындағы қазақ боксшыларының алғашқы жеңіп алған жолдамасы. Ал жалпы қазақ боксшыларынан ерлер арасындағы екінші жолдама.

Толығырақ

​​Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Депутаттар жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау, электр энергетикасы және табиғи монополиялар мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарайды. Жоба аясында Кәсіпкерлік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексіне және «Электр энергетикасы туралы», «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заңдарға түзетулер ұсынылады. Бірінші оқылымда Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша заң жобасы да қаралады. Құжат Мемлекет Басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында берген тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленді. Заң жобасын қабылдау азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқықтары мен…

Толығырақ

 Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Сиань қаласынан Апшеронға контейнерлі пойыздың келуіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысты

Толығырақ

Өрт сөндірушілер автокөліктердегі өрттерді жойды 11 наурызда Астана, Өскемен және Ақтөбе қалаларында өрт сөндірушілер жеңіл автомобильдердің жанатын бөліктерінде шыққан өртті жойды. ТЖМ есктеріңізге салады: 1. Егер өрт қозғалыс кезінде орын алса, жол жиегіне жақындап тоқтау керек. 2. Қозғалтқышты өшіріп, көлікті қол тежегішіне қою керек. 3. Барлық жолаушыларды салоннан шығарып, құжаттарды алып, өрт туралы 101 немесе 112 телефондары арқылы хабарлау қажет.

Толығырақ

Каирде (Египет) заманауи бессайыс бойынша әлем чемпионатында аралас эстафета өтті, деп хабарлайды Prosports.kz. Мексикалықтар 1350 ұпаймен жеңіске жетті. Қазақстандық спортшылар Темірлан Әбдірайымов пен Людмила Яковлева (1337) екінші орын алды. Оңтүстік Корея спортшылары үшінші болды. prosports.kz

Толығырақ