Автор: shynggys

Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті Олжас Абраев басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты өз қызметінен кетті. Олжас Абраев Sport Plus Qazaqstan медиа-тобының бас директоры қызметіне сайланды. Сонымен қатар, Олжас Шәкенұлының Қазақстан футболындағы мол тәжірибесін ескере отырып, ҚФФ халықаралық жобалары бойынша Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі ретінде қызметін жалғастырады.

Толығырақ

 Әзербайжан Президенті Жоғары мемлекетаралық кеңестің алғашқы отырысының тарихи мәніне тоқталды Оның пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары мен Мемлекетаралық кеңес отырысының қорытындысы екі ел қарым-қатынасының алдағы күн тәртібін айқындайды. – Қазақстан мен Әзербайжан – бауырлас мемлекеттер. Халықтарымыз ғасырлар бойы тату, бауырлас ел ретінде ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Соңғы кездері біздің бір-бірімізге жасаған сапарымыздың жиіледі. Осыдан-ақ өзара қатынастардың қарқыны қаншалықты күшейе түскені айқын көрінеді. Біз Қазақстанның әр табысына қуанамыз. Сізді және бүкіл бауырлас Қазақстан халқын әлеуметтік-экономикалық және инновациялық даму жолындағы керемет жетістіктерімен құттықтағым келеді. Сонымен қатар біз екі елге ортақ жобалар туралы әңгімелестік. Мен Қарабақты қалпына келтіру ісіне бауырлас ел ретінде жәрдем бергені…

Толығырақ

 Президенттің пікірінше, қазақ-әзербайжан қатынастарын нығайтуға мәдениет саласындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру ісі де оң септігін тигізудеМәселен, қасиетті Түркістан мен Шуша шаһарлары, сондай-ақ Орал мен Мингечевир, Шымкент пен Гянджа қалаларының арасында бауырластық қатынас орнады. – Мен елдеріміз арасындағы мәдени байланыстарға баса мән беремін. Бұл халықтарымызды жақындату тұрғысынан өте маңызды. Сумгаит қаласындағы көшеге Ахмет Байтұрсынұлының есімімен аталды. Біз ол үшін алғыс айтамыз. Сондай-ақ Астана қаласындағы көшеге Гейдар Әлиевтің есімі берілді. Бұл екі елдің ұлы тұлғаларын ұлықтауға арналған елеулі оқиға болды. Былтыр Әзербайжанда Қазақстан мәдениетінің күндері табысты өтті. Әлгінде өзіңіз айтқандай, ертең Физули қаласында Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығын ашамыз. Бұл да біздің ықпалдастығымыз…

Толығырақ

 Мемлекет басшысы Астана мен Баку ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсетіп, бірлескен жұмыстың жаңа бағыттарын дамытып отырғанын ерекше атап өтті – Жаңа ғана біз сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастыққа, халықаралық аренадағы өзара ықпалдастыққа қатысты барлық мәселені егжей-тегжейлі талқыладық және ортақ ұйғарымға келдік. Бұл Қазақстан мен Әзербайжанның, шын мәнінде, стратегиялық серіктес, одақтас мемлекеттер екенін көрсетеді. Осы орайда екі ел үкіметтері бүгін қол қойылған құжаттар, келісімдер түріндегі уағдаластықтарды жүзеге асырумен айналысатынын ескерсек, ынтымақтастығымыздың перспективасы өте зор. Мен COP29 саммитіне қатысуға шақыруыңызды ықыласпен қабыл аламын. Мұндай шараны өткізу – Әзербайжан мемлекеті мен оның дипломатиясы үшін айтулы тарихи жетістік. Саммит қазіргі климат мәселелерін реттеу және жаһандық ынтымақтастықты нығайту…

Толығырақ

 Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты Президент өз сөзінде қонақжайлық көрсеткені үшін әзербайжан тарапына ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Гейдар оғлын Әзербайжан Республикасының Президенті сайлауында айқын жеңіске жетуімен тағы да құттықтады. Президенттің айтуынша, дауыс беру қорытындысы Әзербайжан көшбасшысының стратегиялық бағдары жалпыхалықтың қолдауына ие болғанын және оған жұртшылықтың сенімі жоғары екенін анық көрсетті. – Сізді әзербайжан халқының жалпыға бірдей танылған көшбасшысы деп білеміз және халықаралық аренада да осындай тұлға ретінде қабылдайды. Сонымен қатар Әзербайжанның өз егемендігін қалпына келтіру ісінде тарихи жеңіске жеткеніне шын жүректен қуаныштымыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Толығырақ

 Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Президенті сайлауындағы айқын жеңісімен және биыл Бакуде СОР 29 саммитін өткізу мүмкіндігіне ие болуымен құттықтады. Президент Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастығының мазмұны байып, бірлескен ірі жобалармен толыға түскенін және қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалады.  Әзербайжан Президенті Қазақстанмен арадағы бауырластық байланыстардың беки түскенін айтты. Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ цифрландыру, азық-түлік қауіпсіздігі және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ықпалдастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар екі ел экономикасының дамуына тың серпін беретін инвестициялық жобаларды іске асыру перспективасы қарастырылды.

Толығырақ

Түркістан облысы Шардара қаласында Сырдария өзені бойындағы шіркейлерді дәрілеу басталды. Мамандардың сөзінше шіркей өзен бойында тұқым сеуіп, жыл бойы осы судың жағасынан тарап отырады. Осының алдын алу үшін гидрологтар қаңтар айынан бастап жұмыс жүргізіп келеді. Дәрілейтін компания өкілінің сөзінше шіркейлер тұқымдарын жарып шығуда және күн жылыған сайын олар тез дамиды. Дәрілеу жұмыстары наурыз айында әрбір 10 күн сайын жүргізілсе, сәуір айында апта сайын қолға алынады. Айта кету керек, шәркейді дәрілеген соң толық жойдық деп айта алмайды. Бұл іспен тек олардың санының көбеймеуін қадағалайды. Самат Сапаралы

Толығырақ