Автор: shynggys

Zaimer.kz базасында жеке деректері таралып кеткен азаматтар не істеуі керек 2024 жылғы 5 наурызда «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ zaimer.kz («МҚҰ «Робокэш.кз» ЖШС) микроқаржы ұйымының клиенттері саналатын қазақстандықтардың 2 млн-нан астам жеке деректерінің таралуын анықтады. Осылайша, жеке деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне сүйене отырып, ЦДИАӨМ EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы азаматтарды хабардар етіп, ақпараттың шығуының жағымсыз салдарын барынша азайту мақсатында ұсыныстар жіберді. Егер сіз хабарлама алған болсаңыз және «МҚҰ Robokesh.kz» ЖШС-нің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім бермеген болсаңыз, онда бұл жағдайда кінәлі тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті шараларды толық қарастыру және қабылдау үшін Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгінуіңізді сұраймыз, — делінген…

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясына келді Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.

Толығырақ

Қазақстанға 20 градустық аяз қайта оралады Синоптиктердің хабарлауынша, 12-14 наурызы аралығында елімізде жауын-шашын жауып, қолайсыз ауа райы күтіледі. 12 наурызда Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында жаңбыр6 қар жауады. 12-13 наурыз аралығында Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында ауа райының қолайсыздығы күтіледі. Сондай-ақ жел күшейіп, тұман мен көктайғақ болады. Қазгидрометтің мәліметінше, түнде ауа температурасы 10-20, күндіз 2-10 аязға дейін төмендеуі мүмкін. Республиканың оңтүстігінде түнде 2-12 градус аяз, күндіз -6 градустан +2 градусқа дейін аяз болады. t.me/stankznews

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен келді Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Қазақстан Президентін Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды.

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардариді Пәкістан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады  Мемлекет басшысы Пәкістан Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Асиф Али Зардариге құттықтау жеделхатын жолдады. – Сіз мол өмірлік тәжірибеңіз бен көреген саясатыңыздың арқасында еліңіздің одан әрі өсіп-өркендеуіне зор үлес қосатыныңызға сенімдімін. Біз Пәкістанмен арадағы шынайы достық пен өзара құрметке негізделген берік серіктестікті жоғары бағалаймыз. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін Өзіңізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз деп үміттенемін, – деп жазылған жеделхатта. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардаридің бастамаларына табыс, ал Пәкістан халқына бақ-береке тіледі.

Толығырақ

Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Түркияда өткен халықаралық турнирде үздік үштіктен көрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Ризабек Айтмұхан Түркиядағы Яшар Догу және Вехби Эмре халықаралық турнирінде бақ сынап, қола жүлде жеңіп алды. Жаңа салмақтағы алғашқы халықаралық турнирінде өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалда әлем чемпионы Ахмед Тажудиновтан ұтылып, қола жүлдені қанағат тұтты. Айта кетейік, Яшар Догу және Вехби Эмре рейтингтік турнирінде ел намысын қорғаған еркін күрес шеберлерінің ішінен жалғыз Ризабек жүлделі орыннан көрінді. Stan.kz

Толығырақ

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарға салық салу бөлігінде қарастырылып жатқан өзгертулерге қатысты пікір білдірді. «Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың банктік есепшоттарында жүргізілетін операцияларды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылдың 29 наурызындағы №323 бұйрығымен айқындалған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызудың қолданыстағы өлшемшарттарына өзгертулер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар тұлғаларды алып бастау бөлігінде қолданыстағы өлшемшарттарға өзгертулер енгізу мәселесі пысықталып жатыр», — деп атап өтті комитеттен агенттіктің ресми сауалына орай. Өлшемшарт бойынша мынадай редакция ұсынылады: «Бір жеке тұлғаның банктік есепшотына үш ай бойы жалпы сомасы 3…

Толығырақ

«Аузы берік адам (ауыр жұмыс істеу арқылы) қатты шөл мен аштыққа шалдығып, сол үшін өмірінен не есінен айырылатындай жағдайға душар болса, онда оған оразасын бұзуға рұқсат етіледі. Кейіннен бұл күннің қазасын ғана өтейді. Тек өзін әлсіретуге өзі себепші болып, тіпті ауыз ашуға дейін алып барса, әрі бұған ешқандай зәрулік жағдай түрткі болмаса ғана кәффаратын өтейді. Сондықтан наубайшы, егінші секілді ауыр жұмыс істейтіндер оразасын аяғына дейін ұстауға кедергі келтіретіндей тым көп жұмыс істемеу керек. Рамазан күндерінде күздізгі жұмысын қысқартуы немесе түнгі уақытқа ауыстыруы қажет», — делінген ҚМДБ өкілдері келтірген жауапта. Дін саласы мамандарының айтуынша, ауыр жұмыс істейтін адамның себепсіз ораза ұстамай…

Толығырақ

Астанада 5 мешіттен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді11 наурыздан бастап қасиетті «Рамазан» айында арнайы бағдарлар жүреді«Республикалық Бас мешіт» мешітінің бағыттары:- «Целинный» Ш/А;- Есу арнасы;- Республика даңғ.«Әзірет Сұлтан» мешітінің бағыттары:- «Спутник» супермаркеті;- Теміржол вокзалы;- «Көктал-1,2» ТҮА.«Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің бағыттары:- «Көктал-1,2» ТҮА;- Теміржол вокзалы;- Мед. колледж.«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бағыттары:- «Көктал-1,2» ТҮА;- «Кирпичный» ТҮА.«Рахымқызы Райса ана» мешітінің бағыттары:- «Рахмет» СО.Бағдарлар 21:30-дан 23:00-ге дейін жүреді. Жол жүру құны 90 теңге. @baq_kz

Толығырақ