Екі тәулік ішінде күннің екі рет қатты жарқылдауы тіркелді «10 наурызда Мәскеу уақытымен 15:13–те 3599 (S13W38) күн дақтары тобында рентген диапазонында ұзақтығы 31 минут болатын M7.4 алауы анықталды», — деп хабарлады ресейлік Қолданбалы геофизика институты R2 төмен жиілікті радио толқындарының ондаған минутқа қатып қалуын қамтиды, бұл кемелер мен ұшақтардың орналасуына және кемелер мен ұшақтармен радио байланыстың ондаған минутқа жоғалуына әсер етеді. @qazaqparat_kz
Автор: shynggys
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте (АҚШ) өткен баспасөз мәслихаты кезінде Париж олимпиадасына қатысу туралы журналистің сауалына жауап берді. Еліміздің көшбасшы теннисшісі Қазақстан үшін олимпиада медалін жеңіп алудың аса маңызды екенін айтты. — «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанғаннан кейін Қазақстан халқы үшін олимпиада медалін жеңіп алу қаншалықты маңызды? — Әрине, өте маңызды. Өткен жолы медальға қол созым жерде тоқтадым. Егер олимпиада жүлдесін жеңіп алсам, бұл — ел үшін ерекше оқиға, мен үшін және барша Қазақстан үшін үлкен жетістік болмақ. Қазақстандықтар мені белсенді түрде қолдап, барынша қолдап-көмектесіп келеді. Теннис менің өнерім арқасында Қазақстанда барған сайын кеңінен тарап жатыр, бұл тамаша. Балалар теннис ойнай бастады.…
«Оскар – 2024» сыйлығының иегерлері анықталды Салтанатты іс-шара 96-рет өтті. Негізгі номинациялар бойынша лауреаттар тізімі: Үздік фильм – «Оппенгеймер»; «Үздік актриса» — Эмма Стоун;
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы Қымбатты отандастар! Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша. Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл. Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді. Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін. Ораза қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін!
Бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін маңызы зор қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймыз. Осы күндерде адамдар бір-бірін шынайы және жылы сөздерімен, мейірімді әрекеттерімен қолдайды. Бұл – жаңару және өзара түсіністік уақыты. Жаңа мүмкіндіктердің ашылуын, уақтылы әрі қажетті шешімдердің пайда болуын тілейміз! Бұл мереке жанды бақыт пен сүйіспеншілікке бөлеп, әр отбасында қуаныш пен үйлесімділік орнатсын. Ораза қабыл болсын!
Астана уақыты бойынша 10 наурыз күні таңертең UFC 299 турнирінде қазақстандық файтер Асу Алмабаев (18-2) мен америкалық Си Джей Вергара (12-4-1) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz. Жеңіл салмақта бақ сынап жүрген қазақ спортшысы үш раундтық шайқаста төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Жекпе-жектің басынан аяғына дейін Асу қарсыласына мүмкіндік бермей, тік аяқты төбелесте де, партерде де Вергарадан басым болды. Осылайша, 30 жастағы Жамбыл облысының тумасы әлемнің үздік ұйымындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Мансабындағы он тоғызыншы ұтысын тіркеді. Соңғы рет қарсыласқа 2017 жылы есе жіберген болатын. Prosports.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурыз күндері Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барады Сапар аясында Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алғашқы отырысына қатысады.
Бүгін көрнекті жазушы Бекежан Тілегеновтың туғанына 90 жыл. Қаламгер «Лениншіл жас» газетінің редакциясында жұмыс істеді. 1975 жылы «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болды. Бекежан Исағалиұлының алғашқы кітабы — «Таң нұры» әңгімелер жинағы 1965 жылы жарияланды. Кейін «Көктемде ызғарлы», «Көктем қайталанады ма?», «Ақ қайнар» және «Уақыт» романдары, «Олар жазда кездесті» повесі және тағы басқа шығармалары жарық көрді. Жазушы Х. Назиридің «Көкарал шамдары» повесін, Д. Сивцев-Омоллонның әңгімелер жинағын қазақ тіліне аударды.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Біріккен Араб Әмірлігінде оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Ел құрамасы онда Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы қарсыласы Грекиямен ойынға қарсы кездесуге дайындалады. Футболшылар Алматыдан БАӘ-нің Дубай қаласына жеткен. Ұлттық құрамаға шақырту алған ойыншылардың басым бөлігі жиналды. Енді Түркия мен Ресей чемпионатында ойнайтын Абат Айымбетов, Бақтиер Зайнутдинов, Нұралы Әліп және Александр Зуев қатарға кейін қосылады. Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін оқу-жаттығу жиыны 19 наурызға дейін созылады. Жиын аясында 14 наурыз күні Түрікменстан құрамасымен жабық жолдастық ойын өтеді.