Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турниріне қатысудан неге бас тартқанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. «Биыл денсаулық мәселесіне байланысты Индиан-Уэллс турниріне қатыса алмайтынымды үлкен өкінішпен хабарлаймын. Жақын адамдарым бұл жарыстың мен үшін қаншалықты маңызы зор екендігін, былтырғы чемпиондық атағымды қорғағым келгенін біледі. Мені қолдауға келген барлық жанкүйерлеріме ризашылығымды білдіремін. Олардың биыл менің ойынымды көре алмайтыны өкінішті. Енді мен кортқа қайта оралу үшін демалып, қалпыма келемін», – деді Рыбакина. stan.kz
Автор: shynggys
Головкин қызметіндегі алғашқы сапарымен Италияға барды Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан лицензиялық турнир өтіп жатқан Бусто-Арсициоға (Италия) ресми сапармен барды. Лицензиялық турнирде 2024 жылғы Олимпиада ойындарына барлық салмақта жолдама сарапқа салынады. Турнирге ерлер де, әйелдер де қатысып жатыр. ҰОК басшысы өзінің сапарымен шешуші жекпе-жек кезінде қазақстандық боксшыларды қолдайды. Бұл — Геннадий Головкиннің ҚР ҰОК президенті лауазымына сайланғаннан кейінгі алғашқы ресми сапары . t.me/kaznurkz
Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев жаңа қызметке тағайындалды «Мемлекет басшысының өкімімен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», — делінген өкімде. Арман Қырықбаев 1976 жылы 20 қазанда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясының түлегі. Мамандығы бойынша халықаралық экономист. Мемлекеттік қызметте, мәдениет және жастар саясаты саласында 25 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар. Бұған дейін Қырықбаев Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Қала әкімінің орынбасары қызметінде ол 2022 жылғы 12 ақпаннан бері болған. Мамандығы — халықаралық экономист. Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінде, Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеген.…
Куәгерлердің сөзінше, Джала көшесіндегі Шати босқындар лагерінде гуманитарлық көмек күткен тұрғындардың үстіне үлкен жәшіктер түскен. Салдарынан кем дегенде 5 адам көз жұмып, тағы бірнешеуі жарақат алды. Египет, БАӘ, Иордания, Катар, Оман мен Бахрейн әуе арқылы көмек жеткізу бойынша бірлескен операция жүргізіп жатыр. Бұған дейін ұшақтан тасталған көмектің бір бөлігі теңізге түсіп кеткен еді. Кейбірі гуманитарлық көмекке жету үшін шағын қайықтарды қолданса, кейбірі өздері жүзіп жетпек болған. БҰҰ мен өзге де ұйымдар Газада атысты тоқтатып, гуманитарлық көмекті көбейтуге шақырған. Себебі аймақты аштық жайлап, ауру көбейді. 7 қазаннан бері Газа секторында Израиль шабуылынан 30 800 палестиналық көз жұмды. Оның ішінде 13 430…
Абай облысында жер сілкінісі болды Бүгін таңертең Зайсан көлінің маңында Абай облысында жер сілкінісі болды. Магнитудасы 4.1 болатын орташа жер сілкінісі Семейден 120 шақырым жерде болды, деп хабарлайды Volcano Discovery порталы. Эпицентрі 10 км тереңде болды. Жойқын салдары жоқ. t.me/kaznurkz
Энтони Джошуа екінші раундта UFC-дің экс-чемпионы Фрэнсис Нгануды нокаутқа түсірді Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері камерундықты кездесудің бірінші раундында нокдаунға түсірді. Екінші раундта Джошуа тағы да қарсыласын нокдаунға түсірді, төреші екінші нокдаунда есеп ашқанымен, Нганну жекпе-жекті жалғастыруды ұйғарған. Алайда 22 секундтан кейін британдық файтерді нокаутқа түсіріп, он раундтық жекпе-жекте жеңіске жетті. Камерундық осымен бокс ережелері бойынша екінші кездесуге шыққан еді, ол бұрын Тайсон Фьюриге қарсы дебют жасаған еді. Нгану бұл кездесуде есеп айырмасымен жеңіліс тапқан болатын. Тағы да оқыңыздар: nur.kz
ҰҚК Ресейде Қазақстанның екі азаматы өлтірілгенін растап, қазір тергеу жүріп жатқанын хабарлады «БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың Қазақстандық азаматтығы және Ресейге шыққандығы расталады», — делінген хабарда. Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылып жатқаны айтылады. t.me/askerenews
Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік іріктеу турнирінің 6-жарыс күні Ұлттық құраманың 4 өкіліне жеңіс оңайшылықпен келмеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Әуелі Париж Олимпиадасының жолдамасын алуға екінші мүмкіндік алған 66 келідегі Наталья Богданова алғашқы айқасында Аргентина спортшысы Лорена Соледад Бальбуэнаға қарсы өткізіп, 4:1 есебімен ұтты. Сондай-ақ, күндізгі сессияда 80 келідегі әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 1/16 финалда қара күштің иесі, Того мемлекетінің спортшысы Прева Падабадиді техникалық шеберлігімен жеңді. Енді ол 1/8 финалда өте қиын болады. Себебі, оның қарсыласы 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алексей Алфёров (AIN) атанады. Кешкі сессияда бұған дейін ең…
Су кодексі еріккеннің ермегі емес Жыл өткен сайын тұщы су мәселесі әлем бойынша қат болып бара жатыр. Тіпті аты жер жарған аузы дуалы сарапшылардың өзі «алдағы уақытта болуы мүмкін соғыстар мұнаймен газ емес, су үшін болады» деген болжам жасауда. Жаһандағы 146 мемлекет 263 трансшекаралық өзендердің суын пайдаланатынын ескерсек, бұл болжамдардың өзегінде шындық жатқаны анық. Дәл мұндай жағдай Орталық Азия елдерінде де бар. Кезіндегі өзбек президенті Ислам ака Каримов «кіндік Азияда жатқан бес ел (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан) суға бола текетіресіп қалуы әбден мүмкін» дегенді айтқан-тұғын. Бұл сөзде жан бар. Тәңіртаудан аққан су жолдарын қырғызбен тәжіктің жолдан байлап алуы,…
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдадыЕржан Сәденов: елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді; ведомство өз қызметі барысында Мемлекет басшысының Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мәселелеріне баса мән беріп отырғанын баяндады: – соның нәтижесінде жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген; – ұрлық, тонау, қарақшылық, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық және көшеде жасалған қылмыстар, кәмелетке толмаған және бұрын сотталған азаматтар істеген қылмыстар айтарлықтай азайған; құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірыңғай заң әзірлеу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөнінде…