Автор: shynggys

ЕАЭО елдері ішінде Қазақстанда азық-түлік неге қымбат? Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Еуразиялық экономикалық одан елдерінің ішінде Қазақстанда азық-түлік неге қымбат екенін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. «Ақпан бойынша бізде инфляция деңгейі 9,5-9,7 пайыз болды. Оның ішінде 1,5-2 пайыз көлемінде кейбір азық-түлік тауарларының қымбаттауын байқап отырмыз. Енді мұны қалай шешуге болады десек, ол үшін бізге өзіміздің өңдеу өнеркәсібін дамытуымыз керек. Қазір Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміндегі 19 тауар түрі бойынша бағаны қадағалап, ұстап отыр. Өңірлерде жергілікті қорлар бар. Биылдың өзінде Қазақстан даму банкі және Аграрлық несие корпорациясы арқылы тамақ өңдеу өнеркәсібіне жобаларды қаржыландыру үшін 100 млрд-тан…

Толығырақ

Жер сілкінісінің алдын алу мүмкін емес – Төтенше жағдайлар министріТөтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың сөзінше, сөйлеу дабылы, сирена және жергілікті объектілер жүйелері тартылып, теле, радио каналдары арқылы жеткізу жүзеге асырылған. Ол жер сілкінісін кез-келген төтенше жағдай сияқты алдын-ала болжау мүмкін емес дейді. “Қысқа мерзімде жер сілкінісі кезіндегі азаматтардың іс-қимылдары туралы ауқымды ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, осы жолы ол нәтижесін көрсетті. Бұл жолы халықтың көп бөлігі үрейге салынған жоқ. Жедел топ 8 мыңға жуық ауланы аралап, білім беру объектілерінде 650-ден астам сабақ өткізді”, – деді министр. Министрдің сөзінше, қазір елдегі сейсмикалық жағдай тұрақты. t.me/stankznews

Толығырақ

Мемлекет басшысы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдадыМәулен Әшімбаев:Парламент Сенатының реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарының өткен айлардағы қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берді; Президенттің елімізді және өңірлерді дамытуға бағытталған тапсырмаларының жүзеге асырылуы Сенат үшін негізгі басымдық саналатынын айтты;қазіргі уақытта әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, трансферттік баға белгілеу, халықтың көші-қоны, байланыс және цифрландыру, ғылым және білім мәселелеріне қатысты заңдар сенаторлардың қарауында жатқанын жеткізді. Сенаторлар ғылым, сот жүйесін реформалау, органикалық өнімдердің айналымы, қауіпсіз еңбек жағдайын жетілдіру және жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі 10 заң жобасын Мәжілістің қарауына ұсынған;биыл Бюджет, Құрылыс, Су, Салық және Цифрлық кодекстерін,…

Толығырақ

Қарғалар «Ей, аспанда ұшып жүрген қара кітап…» Күздің қара суығында араққа сылқиып тойып алып, ауыл шетіндегі ағаштың түбінде жатқан біреуге қарап, қарсы ағаштағы қос қарға тұмсығы жыбырлап, сілекейі шұбырып, «мына неменің етін шоқып жеп бір марқайып қалсақ» деген тәтті қиялдың жетегінде тұр. Жасамыс қарға жанындағы жолдасына қарап: – Бұл адам деген мақұлықтың етінен дәмді етті жеп көргенім жоқ. Әттең тірісіне шама келмейді, өлгені – жер астында, тұмсық жетпейді, – деді күйіне сөйлеп. – Оның рас. Бірақ кезінде осы далада өліктер жер-жерде тырайып-тырайып жатты емес пе? Пах, шіркін! Сонда тек нәрестелерінің жұмсақ етін таңдап жүріп, қарным жарылғанша шоқып едім. Ғұмыры…

Толығырақ

Бүгін Әлихан Бөкейхан бабамыздың туған күні. Алаш арысы миллиондаған қазақтың жүрегінде. Жаны жаннатта болсын! Әлекеңнің айтқан сөздері: Өзіне-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу-өнер болмайды. Тірі болсақ — алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар! Талас-тартыс жоқ болса — өмір абақтыға айналар еді. Жапонда кісі қажетіне жаратылмаған алақандай жер жоқ. Онда мұндай ыждаһатты жанкештілік болмаса аштан өлесің. Әустралия қойының еті төрт ай мұхитта кемемен жүріп келіп, Петербург базарында сатылады. Малы көшіп жүр, адамы қала болып отыр. Нағыз түрік затты халық тілі – біздің қазақта. Жанайқай: қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде…

Толығырақ

Елена Рыбакина чемпиондық атағын қорғайды 6-17 наурыз аралығында теннистен Индиан-Уэллсте (АҚШ) WTA 1000 турнирі өтеді. Аталған жарыстың өткен жылғы жеңімпазы қазақстандық Елена Рыбакина аламанды 2-кезеңнен бастайды. Финалға барар жолда отандасымыз мына теннисшілермен кездесуі мүмкін: 2-кезең: Паула Бадоса 3-кезең: Анастасия Потапова 4-кезең: Жасмин Паолини ширек финал: Маркета Вондроушова жартылай финал: Ига Швёнтек Финал: Арина Соболенко Елена Рыбакинаның чемпион болу мүмкіндігі қандай? @atamekenbusiness_sport

Толығырақ

Асқазанына 1 келі героин салып алып, Қазақстанға кірген шетелдіктер ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға есірткі жеткізудің кезекті контрабандалық арнасының жолын кесті. Оларды «жұтқыштар» деп атайды. 21 ақпанда Ақтау халықаралық әуежайында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдері мен шекарашылар ЭТД қызметкерлерімен бірге есірткі тасымалдау күдігі бойынша екі шетелдік азаматты ұстады. Рентгеноскопиялық зерттеу олардың іш қуысында бөгде заттың барын көрсетті. Арнайы медициналық процедура арқылы шетелдіктердің азқазанынан героин және синтетикалық есірткі бар 30-дан астам контейнер алынды. Алынған заттың жалпы салмағы шамамен 1 кг болды. Сот шешімімен фигуранттар қамалды. kaz.inform.kz/

Толығырақ

Ташкентте дзюдодан Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күнінде Қазақстан спортшылары жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan 90 келі cалмақ дәрежесінде Құдырет Досымов, Айдар Арапов екінші кезеңде ұтылды. 100 келіде Нұрлыхан Шархан, Бекзат Шағатаев алғашқы айналымнан аса алмады. Аса ауыр салмақта Ерасыл Қажыбаев пен Ғалымжан Қырықбай да қарсыластарға есе жіберді. Осылайша бұл жарыстағы Қазақстан командасының жалғыз жүлдесі 48 келідегі Абиба Әбужақыноваға тиесілі.

Толығырақ

Алматыда 475 миллион теңге тұратын жаңа дабыл жүйесі іске қосылады Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев онлайн өткен үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, әдеттегі SMS-тен айырмашылығы, Cell Broadcast технологиясы желіге қосымша жүктеме түсірмейді және базалық станциялардың антенналарын қамту аймағында орналасқан барлық абонентке жедел және жаппай таратуды, хабарлау уақыты мен жиілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. t.me/askerenews

Толығырақ

Белгілі спорт комментаторы, ардагер журналист Рабат Жәнібеков өмірден өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Қаралы хабарды журналист Кемелбек Ойшыбаев жеткізді. Әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында: «Қазақ телевизиясының белгілі спорт журналисті, алғаш қазақ тіліндегі спорт комментаторы болған, ардагер Рабат Жәнібеков өмірден өткені туралы суық хабар таңмен келді. Рабат ағамыз туралы кішкентай кезімнен еститінмін, әкем Бақтығұл Ойшыбаев Рабат ағаймен КазГУде журналист мамандығына оқыған кезінде жатақханада бір бөлмеде тұрғанын айтып, студенттік шақтарын еске алатын. Соңғы кезде ауырып жатқаны туралы ұлы Муслим хабарлаған. Ағамыздың арты қайырлы, жаны жанната болсын», — деп көңіл айтты. Рабат Жәнібеков 1942 жылы Түркістан облысы Қазығұрт ауданында дүниеген келген. Марқұм қазақ телевизиясында…

Толығырақ