• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Өмірін еліне, халқының мұң-мұқтажына арнаған мемлекетшіл жан». Астана жұрты Сейдахмет Құттықадамды ақтық сапарға шығарып салды

«Өмірін еліне, халқының мұң-мұқтажына арнаған мемлекетшіл жан». Астана жұрты Сейдахмет Құттықадамды ақтық сапарға шығарып салды

5 марта, 2024 Қоғам

2 наурызда белгілі публицист, саясаттанушы, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бүгін Республикалық бас мешітте белгілі публицист, саясаттанушы, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамды жұртшылық ақтық сапарға шығарып салды.

Марқұмның жаназасына мемлекет және қоғам қайраткерлері жиналып, естелігін айтып берді.

Сейдахмет Рысқожаұлымен (марқұм) жақын араласқан жандардың бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның мүшесі Сабыр Қасымов ол кісіні сонау 1980-жылдардан бері білетінін айтты.

Қазақстан Тәуелсіздік алғанға дейін, алған соң да мемлекетті демократиялық өркениетті етіп, алдыңғы қатарлы басқа елдердің тәжірибесімен құруға бар күшін салған мемлекетшіл азамат. Басынан бастап өз білімін, көзінің ашықтығын пайдаланып, таза патриоттық мінезімен халқымызға зиян келтірген қоғамдағы әр түрлі күштермен күресті, — дейді ол.

Одан бөлек, Қазақстан халқы мен мемлекетімізді журналист, публицист ретінде халықаралық деңгейде таныстырғанын да атап өтті.

«Қайтар күні маған қоңырау шалып, «Сабыр, сен бір келіп кетсең» деді. Алдында жігіттер арқылы хабар берген. Комиссия жұмысымен қолым тимей жүрген. Жағдайын даусынан сездім. Бәрін тастап бардым, біраз әңгіме айтылды. Өмірмен қоштасарын өзі де сезген ғой. Бір-екі пікірін аманаттап кеткендей болды. Сондықтан бұл кісі маған дос ретінде ерекше. Тіпті, біз рухани доспыз. Көзқарасымыз бір. Мемлекет құрылысына, саясатқа көп жағдайда бір ұстанымда болдық», — деді Сабыр Қасымов.

Сейдахмет Рысқожаұлымен қызметтес болып, өмірде де жақсы араласқан серіктерінің бірі қаржыгер, экономист, Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Ғалым Байназар Арқалықта марқұммен бірге жұмыс істеген жылдарын еске алды.

«Сейдахмет – біздің бауырымыз, ініміз, туысымыз. Негізі ата-бабасы қасиетті Торғай топырағынан. Кешегі 1928-1930 жылдардағы қилы замандарда бабалары Түркістанға қоныс аударып, өзі сол жақта өмірге келген. Торғай облысы құрылған кезде біз оны Арқалыққа шақырып алдық. Сол Арқалықтың университетінде өнімді еңбек етті. Сол жерде кандидаттық диссертация қорғап, Мәскеуде аспирантура бітірді», — дейді экономист.

Кейін Торғай облысы Қостанай облысының құрамына қосылып, Сейдахмет Құттықадам Алматыға қызмет ауыстырған. Сондай-ақ, алып шаһарда жүріп мемлекеттік саясатқа, халықтың мұң-мұқтажына араласа бастаған.

«Өзі тұстас орта тапты. Сол кездегі конструктивті оппозицияның бел ортасында солардың көрнекті басшыларының, қайраткерлерінің бірі болды. Сөйтіп, бар өмірін қазақ еліне, халықтың мұң-мұқтажына жұмсады. Халқының жанашыры, жоқтаушысы, саясаткер болды. Бір жағынан ғылыммен айналысты. Көптеген салада үлкен жетістікке жетті. Журналист болды, кейін үлкен жазушы болып, артында үлкен мұра қалдырды. Бүгін Қазақстанның осындай асыл азаматымен қоштасып отырмыз», — деп еске алды Ғалым Байназар.

Ал «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай партия құруда Сейдахмет Құттықадамның ақыл-кеңесіне жүгінгенін мәлім етті.

«Байтақ» жасылдар партиясы 2016 жылы қозғалысымызды құрған кезде Сейдахмет Құттықадам ағамызды қоғам қайраткері, саясаттанушы ретінде партияға шақырып, сол кезде бірге жұмыс істегенбіз. Ол кісі бізге партия құрылымы туралы жақсы идеялар айтып, көп кеңес берді. Біз сол кісінің кеңесі бойынша жұмыс істедік. Одан кейін «Таза ел» деген өз газетімізді құрдық, соның бас редакторы болды», — деді Азаматхан Әміртай.

Сондай-ақ, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Серік Тұрғынбекұлының досы Сейдахмет Құттықадамның қазасына орай жазған «Сейдахмет, қазақтың Батырысың!» атты жоқтауы оқылды.

Сейдахмет, қазақтың Батырысың!

 

Сені ойласам, ғажайып ғайып бір ән,

Денемдегі дертімді айықтырам.

Түркістанның төрінен түлеп ұшып,

Сарыарқада самғаған

Сайыпқыран.

 

Алау жағып алдыңнан арман келген,

Жоғарыға жақпадың салған жерден.

Салауатты сөз айттың туған елге,

Аман-есен оралып самғау белден.

 

Кедергіге дес бермей, тоғанына,

Сен әйтеуір жақпадың жоғарыға.

«Оңбаған» деп айтса да кейбіреулер,

Оңдап жұмыс істедің қоғамыңа.

 

Қарсы тұрдың дәуірдің дауылына,

Жақын жүрдің үнемі тау ұлына.

Биліктегі көп адам жек көрсе де,

Тарта білді қалың ел бауырына.

 

Түскен кезде алапат басына елдің,

Алтынбектей асылдың қасына ердің.

Кейбіреулер шаттығын тойлап жатса,

Сен халықтың күйзелген жасын көрдің.

 

Қай кезде де тартады қиял-үміт,

Ұмытпайды ісіңді зиялы жұрт.

Ақ қағазға айттың сен ардың сөзін,

Қаламыңа көз жасын сия қылып.

 

Өйткені, Ер Шақшақ ұрпағысың,

Туралықтан болған жоқ бұлтарысың.

Сені қосып айтады тізіміне,

Ахмет пен Міржақып жұрт арысын.

 

Торғайыңнан тараған тектілердің,

Осы күнгі бірі сен деп білемін.

Торғай менен Түркістан бөлінбейді,

Алаулаған төсінен отты көрдім.

 

Ырза болып өзіңе осы халық,

Осы болар жөн сөздің жосығы анық.

Бүгін елден қоштасып кеткеніңмен,

Жақсыларды жата бер қасыңа алып.

 

Белгілі ғой әйтеуір кетеріміз,

Өтер бәлкім талай қыс, өтеді күз.

Бауырына басатын бөліп-жармай,

Қасиетті Жер біздің мекеніміз.

 

Сүйе білдің қазақтың қауымын шын

Алған жүктің көтердің ауырын тым.

Осы саған айтатын соңғы сөзім,

Әрі туыс, әрі дос, бауырымсың.

 

— Нағыз ақын жазықсыз күймесін деп,

Жүрдің алыс, зияным тимесін деп.

Өзің емес, сол кезде мені ойладың,

Үкіметің лайық сый берсін деп.

 

Ұмытамыз қалайша осы адамды,

Талай-талай құлатқан қашағанды.

Сейдахмет, қазақтың Батырысың,

Рухыңмен сол үшін жаса мәңгі!

 

Айта кетелік, Сейдахмет Құттықадам 1946 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Қазақ химия-технология институтын бітірген. Техника ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстанның құрметті журналисі.

Осы жылдар ішінде ол республикалық басылымдарда – «Мысль» және «Арай» журналдарында, «Время-Дәуір» және «Эпоха» газеттерінде бас редактор қызметін атқарды.

1992-993 жылдары Қазақстан Республикасының Баспа және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары болды.

«Дао Алтая» («Алтай Даосы»), «Служение нации» («Ұлтқа қызмет ету») және «Казахская драма» («Қазақ қасыреті») кітаптарының авторы.

halyq-uni.kz

Оқылып жатыр

ІІМ Автонесиелеудің қылмыстық схемасын әшкереледі

Елімізде жетім балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілер саны екі есеге азайды

Қазақстандықтарға 4 трлн 225 млрд теңге мөлшерінде зейнетақы төленді

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024839 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Оқушылар арасында әскери оқу-жаттығу жиындары өтетін болды

Ғылым 24 января, 2026

Астана. 24 қаңтар. BM.KZ — Оқу-ағарту және Қорғаныс министрліктері бірлесіп, мектеп оқушыларына арналған әскери-патриоттық бағыттағы оқу-жаттығу…

Гүлмира Сәбденбек Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысы болды

24 января, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтеді

24 января, 2026

Мемлекетке 45 млн теңге залал келтірген азамат Испаниядан экстрадициялады

24 января, 2026

ІІМ Автонесиелеудің қылмыстық схемасын әшкереледі

23 января, 2026

Президент Қысқы Олимпиада мен Паралимпиадаға қатысатын спортшыларға Мемлекеттік туды тапсырды

23 января, 2026

Биыл Ұлттық қордан әр баланың есепшотына 130 доллардан аударылады

23 января, 2026

Юлия Путинцева алғаш рет Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты

23 января, 2026

Елімізде жетім балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілер саны екі есеге азайды

23 января, 2026

«Атамекен» ҰКП президиумының жаңа төрағасы сайланды

23 января, 2026

Қарағандыда Серік Сәпиевке қатысты жанжал бойынша тергеу жүріп жатыр

23 января, 2026

Қазақстандықтарға 4 трлн 225 млрд теңге мөлшерінде зейнетақы төленді

23 января, 2026

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 млрд доллар жарна төлемейді

23 января, 2026

«Отбасы банк» жеңілдетілген тұрғын үй алу талаптарын тиімдірек етті

23 января, 2026

Астанада бірінші ауысым оқушылары онлайн оқиды

23 января, 2026

Голливудта «Оскар» номинанттары жарияланды

23 января, 2026

Жаңаөзенде заңсыз көші-қон ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

22 января, 2026

Australian Open: Елена Рыбакина үшінші айналымға өтті

22 января, 2026

Людмила Прокашева: «Нагано Олимпиадасына Медеуде, жарықсыз дайындалдым»

22 января, 2026

Шымкентте жол ортасындағы төбелес: үш қылмыстық іс қозғалды

22 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.