Ауылдағылар шулап, ел Президентіне жүгінді Ауыл кәсіпкерлері шетелдік озық техниканы субсидиядан айырмауды сұрайды. Сарапшылар ауыл шаруашылығында соңғы жылдары апаттық жағдай орын алғанын ашық айтады. Өткен жылы сала ахуалы тіпті қиындап, рецессияға ұшырады: Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында айтылғандай, АӨК жалпы ішкі өнімі -7,7%-ға құлдырады (алдыңғы жылғы көрсеткіштің небары 92,3%-ы). Осы орайда аграршылардың дабыл қағуынша, жаңа Үкімет салаға жаңа соққы жасағалы тұр: Ресей, Беларусь секілді одақтық баламасына қарағанда, өнімділігі бірнеше есе жоғары алыс шетелдің ауыл шаруашылығы техникасын әкелуге субсидия беруді доғармақ. Қауымдастықтары арқылы Үкіметті райынан қайтара алмаған соң ауыл кәсіпкерлері тікелей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеумен жүгінді. Олар Президенттен импорттық ауыл…
Автор: shynggys
Олжас Бектенов еліміздің қалаларын абаттандыру туралы: «Әкімдіктер қала орталығын ғана абаттандырумен шектелмей, шеткі аумақтарды да назардан тыс қалдырмауға тиіс. Кейбір скверлерге немесе қоғамдық орындарға “қамқорлық жасау” үшін бизнес пен ірі кәсіпорындарды тартуға болады. Шағын бизнес те іргелес жатқан аумақты күтіп-ұстауды жақсы дәстүрге айналдыруы керек».
Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобаларға салықтық жеңілдіктер беріледі Жаңа Салық кодексінің аясында Қазақстанда толығымен салық төлеушіге бағытталған сервистік әкімшілендіру моделі енгізіледі. Бұл туралы Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді. Салық төлеушіге тіркелуден бастап есептен шығарылуға дейін фискалдық көмек көрсетілетін болады. Қарызды өндіріп алу кезінде шоттарды арестке қою тетігі қайта қаралады. Салық есептілігін 30%-ға, ал төлемдерді 20%-ға қысқарту жоспарлануда. Сонымен бірге ынталандырушы және тиімді жеңілдіктер сақталады. «Мәселен, тауарлардың тізбесін оңтайландырып, есепке жатқызу әдісімен импортқа ҚҚС төлеу тәртібі сақталады. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар үшін жеңілдіктер қарастырылған. Осылайша, қолданыстағы ынталандыруларды сақтай отырып, кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа…
Биыл Қазақстанда жалпы құны 2,3 трлн теңгені құрайтын 234 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров инвестицияны қолдау мен ынталандырудың ағымдағы шаралары туралы баяндады. Вице-Премьер Үкімет алдына инвестиция тарту бойынша ауқымды міндеттер қойғанын баса айтты. ➤ Инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы аясында биыл республикада жалпы құны 2,3 трлн теңгені құрайтын 234 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. ➤ Бұл бағыттағы белсенділік еліміздің қарқынды экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие. ➤ 2024 жылы жоспар бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция 22,1 трлн теңгеге жетеді, бұл өткен жылдың қорытындысынан 22%-ға артық. «Әрбір облыс әкімі мен салалық мемлекеттік…
Үкімет отырысында Алматы қаласындағы жер сілкінісіне қатысты жағдай қаралуда.Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әріновтің баяндауыншаРеспубликалық және өңірлік жедел штабтар құрылып, 384 азаматтарды қабылдау пункті ұйымдастырылды.Тәулік бойы «жедел желі» жұмыс істеуде.Оқиға орын алған күні қабылдау пункттерінде үш мыңға жуық адам орналасты.Әкімдіктермен қираған ғимараттарды анықтау бойынша тексеру жалғасуда.Сел қаупі бар аумақтарда аэровизуалды зерттеу жүргізілді.Алгоритмге сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері тартылды.Алматы қаласы бойынша барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде.Қазіргі уақытта ел бойынша сейсмикалық жағдай тұрақты. Төтенше жағдай министрлігі профилактикалық жұмыстарды жалғастырады.
Қытай қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға мүдделі ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті. Тараптар қос мемлекет арасындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады. ortcom.kz
Су тасқыны қаупі жоғары өңірлер аталды «Қазгидромет» жауын-шашынның мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштерін, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзендердің мұз режимдерін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берген. Су тасу қаупі жоғары аумақтар: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары. Ал орташа қатер Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Ұлытау облыстарында. Су тасқынының қаупі ең аз аймақ Маңғыстау облысы саналды. Жазық өңірлердегі қар қоры аз, алайда жазғы аймақтардың бүкіл жерінде күзгі ылғалдану шамадан жоғары болып тұр. Түсінікті тілмен айтсақ, қысқа түскенге дейін жауатын жауын-шашын мөлшері нормдан жоғары, -…
ҚМДБ пітір садақа мөлшерін бекітті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, еліміз бойынша пітір мөлшері екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып бекітілді. Бидай 2 келі – 341 теңге; Ұн 2 келі – 640 теңге; Арпа 4 келі – 701 теңге; Мейіз 2 келі – 5745 теңге; Құрма 4 келі – 8536 теңге. Бай, ауқатты адамдар пітір садақаны 2 келі мейізбен (5745 теңге) немесе 4 келі құрмамен (8536 теңге) бергені жақсырақ.
Құрамында еліміздегі жастар ұйымдарының белсенді өкілдері бар Қазақстан делегациясы Ресейдегі дүниежүзілік жастар фестиваліне қатысуда. Сочи фестивалі – әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жастардың өзара сенімді байланыс құруына бағытталған халықаралық деңгейдегі ірі іс-шаралардың бірі. Бағдарлама аясында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан және Татарстан делегацияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Марат Тағаевпен кездесу барысында екінші қазақ-қырғыз жастар форумын өткізу мәселелерін талқылады. Евгений Кочетов Бүкілқытай жастар федерациясы төрағасының орынбасары Лю Каймен өмірдегі түрлі салалар бойынша жастарға тең мүмкіндіктер жасау, жастар кәсіпкерлігін қолдау мен дамыту және де жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысуын…
Президент өз міндетін ыждағаттылықпен орындап, АХҚО Сотында қаралған әр істе әділеттілікті және әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге күш салғаны үшін Соттың бұрынғы төрағасы лорд Джонатан Мансқа ризашылығын білдірді Жиыннан кейін Мемлекет басшысы шараға қатысушылармен АХҚО Сотын және Халықаралық арбитраж орталығын еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал ететін негізгі тәуелсіз институттар ретінде дамыту перспективасын талқылады. Президент дауларды шешуге қатысты халықаралық құқықтың үздік тәжірибесін енгізу, сондай-ақ заманауи технологияны, оның ішінде жасанды интеллектінің әлеуетін белсенді түрде пайдалану маңызды екенін айтты.