- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: shynggys
Қашағанды қайтара аламыз ба? Еліміздің экономикасы мұнайға тәуелді.Ащы ақиқат осы. Экономиканы «әртараптандырамыз» деген әңгіме айтылғалы он шақты жыл болды. Бірақ «баяғы жартас сол жартас» қалпында қалуда. Мәселен, 2022 жылы сыртқа 84,4 млрд. доллардың өнімін шығарыппыз.Алайда оның 46,9 млрд. доллары мұнайға (55,5 пайызы) тиселі. Бұл көрсеткіш 2023 жылыда сақталыпты. Демек мұнайсыз Қазақстанның күні жоқ. Батыс аймақтарда орналасқан Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ тб. кеніштер елдегі мұнайдың 80 пайызын беріп отыр. Алайда мұнайдан түсетін пайда қазақстандықтардың аузынан ақ май ағызып, мемлекеттің қазынасын қампайтып жатыр деп айта аламыз ба? Жоқ. Әлбетте, мына деректерге көз салсақ, әлгі «жоқ» деген пікірімізге сізде қосылатыныңыз анық. Қазақстан тәуелсіздік алған…
Тұран одағын құру басталды ма? Өткен аптада ғана Елорда да Шанхай Ынтымақтастық ұйымының жиынын өткізген президент Қасым –Жомарт Тоқаев әлемдік деңгейде ықпалы бар саммиттен кейін, бірден Әзірбайжанға сапарлап барғаны белгілі. Онда Түркі мемлекеттер ұйымының бейресми саммиті өтті. Әзірбайжан жеріндегі жиында қозғалған тақырып, түркі бірлестігін –ынтымағын одан әрі арттыру, сауда-саттық, рухани –мәдени байланыс. Әсіресе түркі мемлекеттерінің экономикалық интеграциясы баса айтылды. Соның ішінде Ресейді айналып өтетін Транскаспий жүк тасу дәлізі саммиттің негізі тақырыбына айналды деуге болады. Рас, өткен жылы бұл дәлізбен жүк тасымалдау 65 пайызға өсіп, тауардың көлемі 3 миллион тоннаға жеткен. Ал Ақтау теңіз порты кем дегенде 300 мың жүк…
Си Цзиньпин қазақ жерінде құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты – Құрметті Президент мырза, қымбатты досым! Менің сапарыма мән беріп отырғаныңызға ризашылығымды білдіремін. Сіз Мемлекет басшысы қызметіне кіріскен сәттен бастап реформалар мен елдің дамуын белсенді әрі мақсатты түрде ілгерілетіп келесіз. Ішкі және сыртқы саясатта тиімді шаралардың тұтас топтамасын қабылдадыңыз. Соның нәтижесінде еліңіздің жалпы қуаты мен халықаралық беделі айтарлықтай артты. Тату көрші ретінде біз бұл жетістіктерге шын жүректен қуанамыз. Былтыр екеуіміз Сиань мен Бейжіңде екі рет кездесіп, жаңа жоспарларды белгіледік. Сондай-ақ «алтын отыз жылдықта» қытай-қазақ қатынастарын қарқынды дамытудың негізгі бағыттарын айқындадық. Қытай Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты әрдайым стратегиялық тұрғыдан және ұзақмерзімді…
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Алматыға ұшып келді Бас хатшыны сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров және БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори жылы қарсы алды. Baimedia.kz
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі, марқұм Болат Назарбаевтың артынан қалған мүлікке 14 баласы мұрагерлік құқығын талап етіп отыр. Олардың тізімін BES.media сайты жариялады, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы. 2023 жылы қарашада Болат Назарбаев қайтыс болғаннан кейін оның мүлкін бөлу процесі басталды. Мұрагерлiк құқығына өтiнiш жазғандардың бірі 1983 жылы дүниеге келген Назарбаев Нұрбол Болатұлы. Сондай-ақ, Болат Назарбаевтың жары 1986 жылы дүниеге келген Динара Кемелханқызы Назарбаева мүліктің 1/2 үлесін бөлу туралы өтініш жазған. Болат Назарбаевтың артынан қалған мүлікке мұрагер болуға оның 14 баласы өтініш жазды. Олар: Болатұлы Болатхан, 7 ақпан 2012 жыл; Назарбаев Мұхаммед Болатұлы, 21 қыркүйек 2021 жыл; Назарбаева Еркежан Болатқызы, 18…
Елордада 3 шілдеде Астана күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында Ботаникалық бақта отшашу болады Отшашу сағат 22:00-ден 22:30 аралығында болады деп жоспарланған. «Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботатинкалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет», — делінген хабарда. Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде «Ұлытау» скверінің аумағынан тамашалауға болады. Baimedia.kz
Сүйінші жаңалық: Каспи теңізі 7.4 млрд суға толып, 119см көтерілді; Балқаш көлі 3.3 млрд; Арал теңізінің солтүстік бөлігі 1.2 млрд; Биылғы жылдың жарты жылдығында өзен-көл мен теңізімізде су көлемі артуда! Берекелі болсын деп тілейік!
Қырғызстанда жүрген сел: қазақстандық екі бала қаза тапты және тағы екеуі жоғалып кетті Қырғызстанда болған жойқын селден қаза тапқандар ішінде қазақстандық екі бала бары анықталды. Сондай-ақ тағы екі бала жоғалып кеткен. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады. «28 маусымда Қырғызстанда нөсер жауын-шашын болуына байланысты Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел тасқыны өтіп, оның салдарынан тұрғындар мен туристер арасында зардап шеккендер бар. Қырғызстанның Төтенше жағдай министрлігінің алдын ала берген ақпараты бойынша, қаза тапқандардың арасында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары бар. Қазіргі таңда екі баланың денесі табылып, тағы екеуін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», — делінген хабарда. Табиғи апат орнында қырғыз тарапының құтқару…
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді Ақорда таратқан ақпаратқа сүйенсек, биылғы 2-4 шілде күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сондай-ақ ол Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-отырысына қатысады деп жоспарланып отыр. Baimedia.kz
Геннадий Головкин бокспен қош айтысу туралы сұраққа жауап берді Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин журналист Кевин Айолаға берген сұхбатында кәсіби бокстағы карьерасын аяқтауға қатысты пікірін айтты. Еске салайық, GGG соңғы рет 2022 жылдың 17 қыркүйегінде рингке шыққан. Сол кезде қазақстандық спортшы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы үшінші жекпе-жекте қазақстандық төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңілген еді. Baimedia.kz