• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Тұран одағын  құру  басталды  ма?

Тұран одағын  құру  басталды  ма?

9 июля, 2024 Әлем

Тұран одағын  құру  басталды  ма?

Өткен аптада  ғана  Елорда  да  Шанхай  Ынтымақтастық  ұйымының  жиынын  өткізген президент    Қасым –Жомарт  Тоқаев  әлемдік   деңгейде  ықпалы  бар  саммиттен кейін,  бірден  Әзірбайжанға  сапарлап барғаны белгілі. Онда Түркі  мемлекеттер  ұйымының бейресми  саммиті өтті. Әзірбайжан  жеріндегі  жиында  қозғалған тақырып,  түркі  бірлестігін –ынтымағын   одан  әрі  арттыру,  сауда-саттық,  рухани –мәдени   байланыс. Әсіресе түркі  мемлекеттерінің  экономикалық  интеграциясы  баса айтылды. Соның  ішінде Ресейді айналып өтетін Транскаспий  жүк  тасу дәлізі саммиттің  негізі  тақырыбына айналды  деуге  болады. Рас, өткен жылы  бұл  дәлізбен жүк  тасымалдау  65  пайызға  өсіп,  тауардың  көлемі 3 миллион  тоннаға  жеткен. Ал  Ақтау   теңіз  порты кем дегенде 300  мың  жүк контейнерлерін  қабылдауға   қауқарлы.Демек  Орталық  Азия елдері  үшін бұл транскаспий  жүк  тасымалдау  дәлізі  өте  тиімді. Қазір  соғыс жүріп  жатқан  Ресей  өз  жерінен  өтетін  жүктердің  қауіпсіздігіне  жауап  бере алмайтыны  хақ.  Оның  үстінде   Батыстың санкциясында  отыр. Осы  тұста Ресейді  басып  өтетін  тасымал  жолдарға  балама  ретінде Қазақстан  тарапы Транскаспий  бағытын  ұсынып әрі  тиімді  пайдалана бастады. Ақтау  порты  арқылы контейнерлерге  тиелген  жүк  Әзірбайжанға  одан  ары Грузия,  Түркияға  жетіп,   Еуроодақ  елдеріне  жол  тартады.  Бұл  бағыт әрі  қауіпсіз   әрі қысқа. Экономикалық  жағынан  өте  тиімді.  Содан  болар Қытай  тарапыда осы  бағытқа  назар аударып,  Еуропаға  жіберетін  жүктерін осы дәлізбен  тасымалдауды  қолға  алды. Демек ресми  Бейжінде  бұл  тасымал  жолының  нығайа  беруіне мүдделі. Саммитте Орталық  Азия басшылары ешкімге  тәуелді  болмай  тек  өз  территориясы арқылы  өтетін  жүк  жолдарының  бағыттарын көбейте  беруді  тілге  тиек етті. Тағы  бір айта кететін  бір жайт,  осы саммитте Түркі  елдерінің  экологиялық   кеңесін  құрып,  аймақтың  соның  ішінде  Арал  мәселесін  кеңірек  қолға  алу  ұсынысы,  жиынның тұздығын  артыра түсті.

Әлбетте,  айтқымыз  келгені,   жалпы  Түркі   елдерінің  бірлестігі  болғанымен,  оның  екінші бір  қырын  сөз етсек  деп едік.  Ол  әрине   бұған  дейін  өз  ішімізде  де,  әлемдік  деңгейде  де  жиі айтылып,  сарапқа салынып  жүрген  Түркі  елдерінің  әскери  одағы  мәселесі. «Түркі елдері Тұран  одағын құруы  мүмкін бе,   ол  әскери  блокқа  айнала  ма?»  деген   тақырып аузы  дуалы  талай  сарапшылардың талқысына  салынғаны белгілі. Бір  қарағанда  әрине,  бүгінгі  күні  ұзын  саны  200 миллионнан  асып  жығылатын  түркі  жұрты  әскери  одақ  құруы  әбден  мүмкін. Оған  қарым-қабілеті, қауқарыда  жеткілікті. Бірақ  дәл  қазір  әлемде  геосаяси жағдай  «күйіп»  тұрған   кезде  жаңа  бір  әскери  одақ  қажет  пе? Әгәрәки   әскери  одақ  құрыла  қалса,  ол  блок  кімге  қарсы  тұрмақ? Қаншалықты  тиімді? Әлде  бұл  одақ,  түркі  мемлекеттерінің  өзге  жұртпен экономикалық  байланыстарына  кедергі келтіре  ме? Мұның  бәрі  ұзақ сараптаудан   өтіп  барып  жасалатын  дүние  екені  анық. Өйткені  Түркиядан  өзге Қап  тауымен  Орталық  Азияда  жатқан   түркі республикалары   өзге әлемге айбат шегуге әлі қауқарсыз,  әлжуаз. Азулы  болу  үшін алдымен экономиканы  күшейту керек.  Ал  экономикасы  мықты  ел сілтесе  сойылы,  қорғанса  қалқаны  болатын  әскерінің күшейгеніне басымдық  берері  әмбеге аян. Сондықтан, әзірге  түркі жұрты   әскери  одақтан  гөрі,  экономикалық  мығым  болуына  көбірек  назар аударуда. Дегенмен,  бұл  елдер арасында өзге  жұртқа сес көрсететін,  «түбі  Тұран  әскери  одағы  құрылу  мүмкін»  деген  ойда қалдыратын,  түрлі  болжамдар  тудыратын  бірлескен  әскери  оқу-жиындары  өтіп   тұрады.  Соның  бірі  бүгін Маңқыстау  жерінде  бастау алған Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның әскери контингенттері қатысатын «Бірлестік -2024»  оқу-жаттығу  қимылы. Осының  өзі –ақ,  түбі  түркі  елдері  өзге  әлемнің  әлімжеттігіне  қарсы  бір әскери  одақ  құруы мүмкін екенінен  хабар  бергендей. Жалпы, бұл  бірлескен әскери оқу-жаттығу  жиындарын Түркі  мемлекеттері  әскери  одағының  алғашқы  кезеңі  деп  тануға  болатындай. Түбі  бір  түркі жұрты әммәндә  бірге болсын  дегім келеді!

Азаматхан  Әміртай, “БАЙТАҚ” жасылдар партиясы

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.