Автор: shynggys

Қытай қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға мүдделі ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті. Тараптар қос мемлекет арасындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.  ortcom.kz

Толығырақ

Су тасқыны қаупі жоғары өңірлер аталды «Қазгидромет» жауын-шашынның мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштерін, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзендердің мұз режимдерін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берген. Су тасу қаупі жоғары аумақтар: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары. Ал орташа қатер Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Ұлытау облыстарында. Су тасқынының қаупі ең аз аймақ Маңғыстау облысы саналды. Жазық өңірлердегі қар қоры аз, алайда жазғы аймақтардың бүкіл жерінде күзгі ылғалдану шамадан жоғары болып тұр. Түсінікті тілмен айтсақ, қысқа түскенге дейін жауатын жауын-шашын мөлшері нормдан жоғары, -…

Толығырақ

ҚМДБ пітір садақа мөлшерін бекітті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, еліміз бойынша пітір мөлшері екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып бекітілді. Бидай 2 келі – 341 теңге; Ұн 2 келі – 640 теңге; Арпа 4 келі – 701 теңге; Мейіз 2 келі – 5745 теңге; Құрма 4 келі – 8536 теңге. Бай, ауқатты адамдар пітір садақаны 2 келі мейізбен (5745 теңге) немесе 4 келі құрмамен (8536 теңге) бергені жақсырақ.

Толығырақ

Құрамында еліміздегі жастар ұйымдарының белсенді өкілдері бар Қазақстан делегациясы Ресейдегі дүниежүзілік жастар фестиваліне қатысуда. Сочи фестивалі – әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жастардың өзара сенімді байланыс құруына бағытталған халықаралық деңгейдегі ірі іс-шаралардың бірі. Бағдарлама аясында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан және Татарстан делегацияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Марат Тағаевпен кездесу барысында екінші қазақ-қырғыз жастар форумын өткізу мәселелерін талқылады. Евгений Кочетов Бүкілқытай жастар федерациясы төрағасының орынбасары Лю Каймен өмірдегі түрлі салалар бойынша жастарға тең мүмкіндіктер жасау, жастар кәсіпкерлігін қолдау мен дамыту және де жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысуын…

Толығырақ

Президент өз міндетін ыждағаттылықпен орындап, АХҚО Сотында қаралған әр істе әділеттілікті және әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге күш салғаны үшін Соттың бұрынғы төрағасы лорд Джонатан Мансқа ризашылығын білдірді Жиыннан кейін Мемлекет басшысы шараға қатысушылармен АХҚО Сотын және Халықаралық арбитраж орталығын еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал ететін негізгі тәуелсіз институттар ретінде дамыту перспективасын талқылады. Президент дауларды шешуге қатысты халықаралық құқықтың үздік тәжірибесін енгізу, сондай-ақ заманауи технологияны, оның ішінде жасанды интеллектінің әлеуетін белсенді түрде пайдалану маңызды екенін айтты.

Толығырақ

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығы Сот төрағасының ант беру рәсіміне қатысты Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен АХҚО Сотының жаңадан тағайындалған төрағасы лорд Ян Бернеттің ресми ант беру рәсімі өтті. Жиынға АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров, АХҚО Халықаралық арбитраж орталығының төрағасы Томас Крюммель, сондай-ақ АХҚО Сотының тіркеушісі және Халықаралық арбитраж орталығының аппарат жетекшісі Кристофер Кэмпбелл-Холт қатысты. Ресми жиында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы бұл институттың коммерциялық дауларды шешуде елеулі қызмет атқаратынын атап өтті. – «Астана» халықаралық қаржы орталығы инвесторлар сенім артатын маңызды алаң саналады. Осы орайда халықаралық стандарттарға сай тәуелсіз сот жүйесі бар АХҚО Соты негізгі рөл атқарады. Құрметті лорд Бернетт, Сізді…

Толығырақ

Алматыда жер сілкінісі тіркелді, Қалада ескерту жүйесі іске қосылды. 4 наурыз күні сағат 11:22-де Алматыда қатты жер сілкінісі болды. Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі өңделуде. Жер сілкінісінің ошағы туралы ақпарат, оның күші нақтылануда.

Толығырақ

«Спорт Шредингера» telegram-арнасы қазақстандық файтер Бекзат Алмаханның Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC Fight Night 238 турнирінде ресейлік Умар Нурмагомедовпен жекпе-жект жарақат алғанын жазды, деп хабарлайды Prosports.kz. «Бекзат Алмахан екінші раундта тізе буынынан жарақат алды. Қазақстандық UFC дебютанты үшінші раундқа шығып, шешімге дейін шыдады. Төбелестен кейін Бекзат ауруханаға жеткізілді. Жарақат ауыр емес және ол тез оралады деп үміттенеміз», — деп жазады арна. Естеріңізге сала кетейік, ресейлік файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті. prosports.kz

Толығырақ

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдадыНұрлан Ұранхаев:облыстың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады:       – былтыр өңір экономикасына 568,9 миллиард теңге инвестиция салынған. Бұл орайда өсім 132,7 пайыз болса, оның ішінде жеке инвестиция көлемі 131,5 пайызға артқан;       – жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 107,1 пайызға ұлғайып, 53,2 мыңға жеткен;       – өнеркәсіп өндірісі 105,1 пайызға, ауыл шаруашылығы өсімі 103,5 пайызға, құрылыс көлемі 119,1 пайызға артқан;Президенттің тапсырмасына сәйкес облыста Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспары іске асырылып жатқанын айтты:       – жоспарда инвестиция көлемі 1,9 триллион теңге болатын 102 жоба қамтылған;       – «Қаражыра» кен орнында көмір-химия кешенін және қуаты 1 ГВт болатын үшінші жел…

Толығырақ

«Судың да сұрауы бар» дейміз, дейміз де қоятынбыз. Бірақ судың шын сұрауы енді туғандай. Бүгінгі күнге дейін «Қазақстан болашақта су тапшылығына ұшырауы мүмкін» деген мәселені ғалымдар көтеріп келген болатын. Жалғыз біздің мемлекет емес, барлық елде суға зәрулік туындай бастады. БҰҰ мәліметінше, бүгінде әлем халқының жартысына жуығы судың жеткіліксіздігінен зардап шегуде. Сарапшылар дүние жүзі бойынша 780 миллионнан астам адам таза ауызсуға қол жеткізе алмай отырғанын, ал 1,7 млрд адам тұщы суға мұқтаж екенін айтады. Су тапшылығы қазіргі заманның жаһандық өзекті мәселесіне айналғанын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында ерекше атап өтті. 2030 жылға қарай су тапшылығының көлемі 40 пайызға жетуі мүмкін…

Толығырақ