Автор: shynggys

1 наурызда азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 1 наурызда жергілікті атқарушы органдары әкімдері орынбасарларының төрағалық етуімен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды бастады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник Азамат Досымов хабарлады. «2024 жылғы 30 маусымға дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ, 18 бен 27 жас аралығындағы 20 мыңнан астам ер азамат толықтырады. Оның ішінде, Қарулы Күштерге 9 мыңнан астам, Ұлттық ұланға 6…

Толығырақ

Қазақстандықтар рубльден жаппай құтылуға жанталасып жатыр Былтырдан бері Қазақстан халқының солтүстік көршінің валютасынан арылуы тұрақты тенденцияға айналды. Бұлай бара берсе, рубль республикамызда тұтынушы таппай қалуы мүмкін. Қазірдің өзінде кейбір айырбастау пункттері әкімшілендіруге және есеп беруге адами, уақыт ресурстарын шығындамау үшін рубль сатудан бас тартуда. Сонымен, Ұлттық банктің хабарлауынша, 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылғы қаңтарда ресейлік ұлттық валютаға деген сұраныс бірден 17%-ға құлады. Бұл жерде бір қызықты құбылыс бар. Түркістан және Қызылорда облыстарының тұрғындары тарапынан өткен айда рубльге мүлдем сұраныс болмапты. Көршінің валютасын алып жүргендер – негізінен сонымен шектесетін облыстарымыздың жұртшылығы.  t.me/atamekenbusiness_qaz

Толығырақ

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады Премьер-Министр: еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы және экономиканың өсімін қамтамасыз ету жоспары туралы баяндады; отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жайында мәлімет берді: қазақстандық өнімдердің үлесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру жұмыстары басталған; Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өнеркәсіптің перспективті салаларын қарқынды түрде дамытуға ерекше назар аударылып жатқанын жеткізді. заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді. t.me/aqorda_resmi

Толығырақ

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атышулы Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Dalanews.kz. «Біздің елде цензураға тыйым салынады, ал медиа ойыншылар көбіне «тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Біз жақында журналистік этикаға арналған дөңгелек үстел өткіздік және сол жерде журналистің этикасы өз-өзін қадағалау шегінде болуы керек деген қорытындыға келдік. Бүгінде көріп отырғанымыздай, өзін-өзі қадағалау деген нәрсе көбіне жұмыс істемейді, әсіресе, ойыншыларды «қызықтыруға» болатын кезде. Біз механизмдерді түсінеміз және Бишімбаев ісінде бүгін болып жатқан медиа науқанның қалпын көріп отырмыз. Өкінішке қарай, теріс мүддені басшылыққа ала отырып, барлық қабылданған жалпыадамзаттық нормалар мен қағидаларға қайшы, өтірік әрі қоғамдық…

Толығырақ

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Сондай-ақ татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтар жан-жақты дәріптеледі. Мұның бәрі ұлтты ұйыстырудың ұтымды жолы екені сөзсіз. Халқымыздың уақыт сынынан өткен жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттері, әсіресе қиын-қыстау кездерде айқын көрінеді. Бүгінде мемлекетімізде ауқымды өзгерістер болып, Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасалып жатыр. Осындай сындарлы сәтте елдік мүддені бәрінен биік қойып, ырыс-ынтымағымызды сақтау өте маңызды. Біз озық ойлы ұлт ретінде көздеген барлық биік мақсаттарға қол жеткізетінімізге кәміл…

Толығырақ

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді өңдеу туралы тақырыптық отырыс өтті. Жиынға Мәжілістің вице-спикері Альберт Рау қатысып, комитет төрағасы Еділ Жаңбыршин жетекшілік етті. Еділ Жаңбыршин бүгінде елімізде полигондар мен қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесі өте өткір екенін айтты. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев коммуналдық қалдықтарды басқару саласының қазіргі жағдайын баяндады. Министр осы ақпан айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттар құрылысы бойынша жұмысты жандандыруды тапсырғанын атап өтті. – Қазақстанда қабылданған «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасында қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 2030 жылға дейін 40 пайызға, 2050 жылға дейін 50…

Толығырақ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз қарсыласын нокаутпен жеңді Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Ангелина Лукас (6-1-0, 3 КО) Таиландта кезекті жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын нокаутпен жеңді. @qazaqparat_kz

Толығырақ

Өңірлік кадр резервтері: кім қатыса алады Өңірлік резервке алынатын кандидаттардың санын, салалық бағыттарды өңірлік кадр комиссиялары өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтарын ескере отырып, айқындайды. Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2024 жылдың 1 наурызынан маусым айының соңына дейін жалғасады. Толығырақ ortcom.kz сайтында

Толығырақ

Сонымен, 2024 жылғы 1 наурыздан Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында UTC+5 бірыңғай сағат белдеуі енгізіледі. Алдымен сағат белдеуінің не екенін еске түсірейік. Жер өз білігінен 24 сағатта толық бір үйіріліп шығады. Демек 360 градусты 24-ке бөлсек, 1 сағатқа шеңбердің 15 градустық доғасы сәйкес келеді екен. Гринуич обсерваториясы үстімен өтетін нөлдік меридианда сағат түскі 12:00 болғанда, 15 градус шығыс бойлықта (15° ш.б.) сағат 13:00, 30° ш.б. нүктеде — 14:00, т.с.с. болады. Керісінше, 30 градус батыс бойлықта (б.б.) сағат тілі 10:00-ды, 15° батыс бойлықта — 11:00-ді көрсетеді. Қазір Гринуич меридианы уақыты (GMT) орнына онымен бірдей Дүниежүзілік уақыт (UTC) қолданылады. Жер шары бойлық бойынша…

Толығырақ

Астанадағы Достық үйінде Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғауға байланысты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шараға Астана қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Баян Жалмағанбетова, Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев, Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев, Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Мәлік, қалалық Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Марат Сатарқұлов және басқа да сала мамандары қатысты. «2023 жылы мүгедектердің құқықтарын бұзу туралы 15 өтініш қаралды. Оның ішінде медициналық қызмет көрсетудің сапасына қатысты 9 өтініш, мүгедек баланы арнайы мектеп-интернатқа қабылдау туралы 1 өтініш, тұрғын үй алу проблемаларына қатысты 3 өтініш түскен.…

Толығырақ