• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » БІРЫҢҒАЙ САҒАТ БЕЛДЕУІНЕ ӨТУ — ДҰРЫС, БІРАҚ ЖАРТЫКЕШ ШЕШІ

БІРЫҢҒАЙ САҒАТ БЕЛДЕУІНЕ ӨТУ — ДҰРЫС, БІРАҚ ЖАРТЫКЕШ ШЕШІ

1 марта, 2024 Жаңалықтар

Сонымен, 2024 жылғы 1 наурыздан Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында UTC+5 бірыңғай сағат белдеуі енгізіледі. Алдымен сағат белдеуінің не екенін еске түсірейік. Жер өз білігінен 24 сағатта толық бір үйіріліп шығады. Демек 360 градусты 24-ке бөлсек, 1 сағатқа шеңбердің 15 градустық доғасы сәйкес келеді екен. Гринуич обсерваториясы үстімен өтетін нөлдік меридианда сағат түскі 12:00 болғанда, 15 градус шығыс бойлықта (15° ш.б.) сағат 13:00, 30° ш.б. нүктеде — 14:00, т.с.с. болады. Керісінше, 30 градус батыс бойлықта (б.б.) сағат тілі 10:00-ды, 15° батыс бойлықта — 11:00-ді көрсетеді. Қазір Гринуич меридианы уақыты (GMT) орнына онымен бірдей Дүниежүзілік уақыт (UTC) қолданылады.

Жер шары бойлық бойынша ені 15°-тық 24 сағат белдеуіне бөлінген. 0-ші белдеу нөлдік меридианның екі жағында, 7,5° б.б.–7,5° ш.б. аралықты алып жатыр, одан әрі 1-белдеу — 7,5° ш.б.–22,5° ш.б., 2-белдеу — 22,5° ш.б.–37,5° ш.б., … –2-белдеу — 37,5° б.б.–22,5° б.б., –1-белдеу — 22,5° б.б.–7,5° б.б. арасында жатады.

Күннің шығуы мен батуының дәл ортасындағы уақыт сәтінде Күн сол тәулікте көкжиектен барынша биік көтеріледі. Бұл уақыт сәті «талтүс» деп аталады. Адамдар 24 сағаттық уақыт шкаласын талтүс тура түскі 12:00-ге келетіндей етіп белгілеген. Алайда ені 15 градустық белдеу бір уақытпен өмір сүретіндіктен, белдеудің дәл ортасында ғана талтүс 12:00-ге сәйкес болады. Ал белдеудің шығыс шекарасында 11:30-да, батыс шекарасында 12:30-да күн талтүске көтеріледі.

Бірақ талтүс жыл бойы үнемі бір уақытқа келе бермейді, талтүс уақыты жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан енді талтүс деп жылдық «орташа астрономиялық талтүс» ұғымын қолданамыз. Алдыңғы айтылғандардан шығатын қорытынды — Жер шарының кез келген нүктесінде орташа астрономиялық талтүс сағат 12:00-ден жарты сағаттан артық ауытқымауы тиіс.

46,5° және 87,3° шығыс бойлықтар арасында жатқан Қазақстан негізінен 4-ші (52,5°–67,5° ш.б.) және 5-ші (67,5°–82,5° ш.б.) сағат белдеулерінде екені белгілі. Алайда КСРО Халық комиссарлары кеңесінің 1930 жылғы 16 маусымдағы қаулысына сәйкес біздің ел UTC+5 (Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстары) және UTC+6 уақыттарымен өмір сүріп келеді. Бұл тәртіп «Декреттік уақыт» деп аталады. Соның салдарынан елімізде орташа астрономиялық талтүс табиғи уақыттан, яғни 12:00-ден өте кеш келеді. Оны мына 1-кестеден көре аласыздар.

13:46 Қостанай (UTC+6)
13:35 Ақтау (UTC+5)
13:35 Орал (UTC+5)
13:33 Атырау (UTC+5)
13:29 Жезқазған (UTC+6)
13:27 Түркістан (UTC+6)
13:23 Петропавл (UTC+6)
13:22 Көкшетау (UTC+6)
13:22 Шымкент (UTC+6)
13:15 Тараз (UTC+6)
13:14 Астана (UTC+6)
13:11 Ақтөбе (UTC+5)
13:08 Қарағанды (UTC+6)
12:52 Алматы (UTC+6)
12:52 Павлодар (UTC+6)
12:48 Талдықорған (UTC+6)
12:39 Семей (UTC+6)
12:38 Қызылорда (UTC+5)
12:30 Өскемен (UTC+6)

Ертең бірыңғай UTC+5 сағат белдеуіне өткеннен кейін жағдай біршама түзеледі. Алайда батыстағы бес облыста Декреттік уақыт сақталып қалады. Реформадан кейінгі орташа астрономиялық талтүс уақыттары 2-кестеде көрсетілген.

13:35 Ақтау (UTC+5)
13:35 Орал (UTC+5)
13:33 Атырау (UTC+5)
13:11 Ақтөбе (UTC+5)
12:46 Қостанай (UTC+5)
12:38 Қызылорда (UTC+5)
12:29 Жезқазған (UTC+5)
12:27 Түркістан (UTC+5)
12:23 Петропавл (UTC+5)
12:22 Көкшетау (UTC+5)
12:22 Шымкент (UTC+5)
12:15 Тараз (UTC+5)
12:14 Астана (UTC+5)
12:08 Қарағанды (UTC+5)
11:52 Алматы (UTC+5)
11:52 Павлодар (UTC+5)
11:48 Талдықорған (UTC+5)
11:39 Семей (UTC+5)
11:30 Өскемен (UTC+5)

Сондықтан бұл реформаны «дұрыс, бірақ жартыкеш шешім» деп санаймыз. Айтылған бес облыс пен Қостанайда талтүстің 12:00-ден айырмасы жарты сағаттан көп болып отыр. Қостанай демекші, осы реформаны қос қолдап қолдап отырған бірден-бір аймақ — осы Қостанай облысы. Өйткені, 1-кестеден көргендеріңіздей, мұнда табиғи уақыттан ауытқу қазір 1 сағат 46 минут (!!!) болып тұр. Ертеңгі 46 минут та көп, бірақ бұрынғыдан әлдеқайда жақсы.

Және реформаға қарсы болып отырған бір аймақ бар, ол Шығыс Қазақстан облысы. Өскемендіктер, кейбіреулер сандырақтағандай, Қазақстанды мойындамағаннан не теріс пиғылдан қарсы емес, мұның заңды себебі бар. Жоғарыда айттық қой, Қазақстанның шығыс шеті 6-шы белдеуде деп, міне осы шығыстықтар 6-белдеуде тұрып, 6-шы белдеу уақытын қолданып жүр — еліміздегі табиғи уақытпен өмір сүретін жалғыз өңір! Табиғи уақытпен жасағанның пайдасын білетін олар, әрине, 5-ші белдеу уақытына өткісі келмейді. Парадокс, бірақ бұл — осы шешімнің дұрыстығының және бір дәлелі!

Жартыкеш шешім дейтініміз — батыс облыстарды да табиғи UTC+4 уақытына өткізу қажет. Ал батыс және шығыс қиырларымызға бола екі белдеуден басқа белдеу енгізу қажет емес. Және бұлар өз белдеулерінің шетінде орналасқандықтан, табиғи уақыттан айырма жарты сағаттан онша аспайды. Әрине, қазір біздің үкімет Ресейде күшінде тұрған советтік декретті жоямыз деп ашық айта алмайды. Сондықтан «шаруашылыққа қолайлы» осындай бірыңғай уақыт енгізіліп отыр. Қазақстанда Декреттік уақытты толық жою — болашақтың ісі. Әзірше халқымыздың көпшілігі табиғи уақытқа көшетініне қуанғанымыз жөн. Білместіктен не инерция бойынша қарсы шығып отырған отандастарымыз табиғи уақыттың пайдасын сезе келе пікірін өзгертер. Ал теріс пиғылды топқа не істесең де жақпайсың, сөйтіп олардың айтқанына мән бермеген абзал. Егер осы пост қолдауға ие болып жатса, реформаға қарсыларға арнайы кеңірек тоқталып өтуіміз мүмкін.

 

Оқылып жатыр

Ыбықты Сайдағы жартасты бүлдірген маңғыстаулық 25 тәулікке қамалды

Қазақстанда акушерлер, педиатрлар және анестезиологтар тапшы

Биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектардан асады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ыбықты Сайдағы жартасты бүлдірген маңғыстаулық 25 тәулікке қамалды

Басты тақырып 12 мая, 2026

Астана. 12 мамыр. BM.KZ – Маңғыстау облысында Ыбықты сай шатқалындағы вандализм дерегі бойынша қылмыстық іс…

Қазақстанда акушерлер, педиатрлар және анестезиологтар тапшы

12 мая, 2026

Биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектардан асады

12 мая, 2026

Шымкентте колледж басшылары мен бухгалтерлер 1,3 млрд бюджет қаражатын жымқырған

12 мая, 2026

ҰҚК сәуір айында ірі көлемдегі қару-жарақты қолға түсірді

12 мая, 2026

Қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,6%-ды құрады

12 мая, 2026

Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар көне қала табылды

12 мая, 2026

Рыбакина әлемнің экс 1-ракеткасын ойсырата жеңді

12 мая, 2026

Демалыс күндері Қазақстанда күн райы қандай болады

8 мая, 2026

Ақтөбеге шұғыл қонған халықаралық рейске байланысты тексеріс басталды

8 мая, 2026

Парламент «ҚР Президенті туралы» заң жобасын мақұлдады

8 мая, 2026

Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды

8 мая, 2026

Астанада 9 мамырға орай қандай іс-шаралар өтеді

8 мая, 2026

154 кг марихуана: Семей тұрғыны гаражын есірткі қоймасына айналдырған

8 мая, 2026

Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден элиталық дивизионға шықты

8 мая, 2026

Бауыржан Байбек жаңа қызметке тағайындалды

8 мая, 2026

Хантавирус анықталған лайнердегі жолаушылар саяхатты жалғастырады

7 мая, 2026

Енді әр азамат қандай жеке деректері ашық тарап кеткенін тексере алады

7 мая, 2026

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

7 мая, 2026

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

6 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.