Автор: shynggys

Сақ стиліндегі 5 мың теңгелік жаңа банкнот наурызда айналымға шығады Ұлттық банктің хабарлауынша, айналымға енгізу процесі еліміздің барлық өңіріне жеткізу, банкоматтар мен терминалдарды бейімдеу. 2025 жылдың соңына дейін барлық номиналды кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр. «Бұл ретте ескі және жаңа вексельдердің параллель айналым кезеңі белгіленеді. Бұл стандартты түрде бір жыл, бірақ Ұлттық банктің бұл мерзімді ұзартуға құқығы бар. Кейін барлық банк пен «Қазпошта» тағы үш жыл ішінде ескі үлгілерді жаңасына айырбастайды. Ал ұлттық банктің филиалдары оларды мерзімсіз қабылдайды», – делінген хабарламада. t.me/stankznews

Толығырақ

Қазақстанда 29 ақпанда 5110 адам дүниеге келген Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жазды. 29 ақпан — төрт жылда бір рет келетін күн. Қазақстанда 5110 адам 29 ақпанда дүниеге келген екен. Ер адам — 2707, әйел адам — 2403. Бұл стататистикаға тәуелсіздік алғаннан кейін туғандар енген.

Толығырақ

Қазақстандық скрипкашы халықаралық байқауда екінші орын иеленді Германияда Guadanini Foundation 2-ші Штутгарт халықаралық скрипкашылар байқауы өтті. Музыкалық беделді бәйгеде Қазақстан атынан скрипкашы Руслан Талас өнер көрсетіп, жүлделі екінші орынға ие болды. Байқауда бірінші орынды Оңтүстік Корея скрипкашысы Анна Им иеленсе, үшінші орынды америкалық Мэтью Хаккарайнен жеңіп алды. Айта кету керек, 25 жастағы отандасымыз бірнеше рет ірі халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаты және дипломанты атанған. 2022 жылы ол WorldVision-да жеңіске жетті. Руслан Латын Америкасы мен АҚШ елдерінде танымал. Ал Еуропада ол «қазақтың Паганиниі» деген лақап атқа ие. Өнер иесі Астанадағы ұлттық музыка академиясына 7 жасында қабылданған. Академиядағы оқуын бітірген соң, Мәскеудегі Орталық…

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады  Кездесуде Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің алдағы жұмысының басым бағыттарына назар аударды.  Қазақстан Президенті, ең алдымен, Халықаралық олимпиада комитеті аясындағы сенімді және тиімді қарым-қатынасты нығайту маңызды екенін айтты.  Тоқаев ұлттық құрамалардағы спортшылардың алдағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарына даярлығына қатысты зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Сонымен қатар лицензиялар санын көбейту және Париж Олимпиадасында елеулі нәтижеге қол жеткізу үшін тиімді жүйе құру маңызды міндет екеніне тоқталды.  Мемлекет басшысының айтуынша, өз әлеуетін таныту үшін спортшыларға барынша қолайлы жағдай жасап, отандық спорттың өркендеуіне кері әсер ететін жағымсыз құбылыстарды жою қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің кәсібилігі…

Толығырақ

Дохада (Катар) Стенд ату бойынша Гран-при өтіп жатыр. Қазақстандық спортшылар турнирде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz. Әйелдер арасындағы «трап»бойынша жарыста Мария Дмитриенко жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Жасөспірімдер арасындағы жарыста Никита Моисеев пен Анита Нұрланова қола жүлдені жеңіп алды. prosports.kz

Толығырақ

Табиғи байлығымыз ұзамай таусылады  «Атамекен» палатасы ұйымдастырған дөңгелек үстелде бұрыңғы министр Серікбек Дәукеев геология саласындағы биліктің әрекетсіздігін сынай отырып, алдағы 10-15 жылда жер астындағы табиғи байлықтың таусылып, елдің экономикалық дағдарысқа ұшырауы мүмкін екенін айтты. Елдің ішкі өнімінің негізін тау, кең өндірісі құрайтыны белгілі. Елімізде 8 мыңнан астам кең орындары жұмыс істейді. Табиғи байлықтарымыз бойынша әлемдегі ондыққа кіріп отырмыз. «Геология ел экономикасының 70% құрайды. Мұнымен осыдан 20 жыл жойылған геология министрлігі айналысуы керек еді. Өкінішке орай, оны таратып Комитет деңгейіне түсірді. Тіпті геология саласына нақты қаржы да  бөлінбеген. Қазіргі таңда кең орындары жабылып, жұмыс орындары қысқарып жатқанын көріп отырмыз. Бұл еліміздегі…

Толығырақ

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Төрағасы Азаматхан Әміртаев Әзірбайжанның «CBC TV Azerbaijan» халықаралық телеарнасына сұхбат берді. Бағдарлама «Әзірбайжан және эасыл энергия: СОР29 жолында» тақырыбы аясында өтті (СОР – жыл сайынғы климаттың өзгеруі туралы келіссөздер конференциясы). БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы 28-ші конференциясы Дубайда аяқталып, келесі жылы халықаралық шараны өткізу мүмкіндігі Әзірбайжанға берілді. Сондықтан қазір бұл мемлекет жасыл энергияның көздерін пайдалануды барынша қолға алмақ. Осы ретте көрші ел Қазақстанның тәжірибесіне қызығушылық танытып, «Байтақ» партиясының бағдарламалық жоспарымен танысқысы келетінін жеткізді. Азаматхан Әміртаев партияның басты мақсаты – табиғатты қорғай отырып, жасыл энегрияны дамытуға бағытталғанын айтты. Сондай-ақ, «Байтақ» партиясының бастамасымен Су министрлігі құрылғанын айтып, енді ол…

Толығырақ

Олжас Бектенов отандық өндірушілерді қолдау бөлігінде «Бәйтеректің» саясатын қайта қарауды тапсырды ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Отырыста 2023 жылға арналған Инвестициялық саясат талаптарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынылды. Есептерді тыңдаған Үкімет басшысы «Бәйтерек» сатыпалым ережелерін отандық тауарлардың үлесін түбегейлі арттыру жағына қарай қысқа мерзімде қайта қарау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындар елішілік құндылықты үнемі арттырып отыруы керек. «Біз “Бәйтерек” холдингі және басқа да даму институттары арқылы экономиканың белгілі бір кәсіпорындары мен салаларын қолдауға қомақты қаражат бөліп отырмыз. Сондықтан барлық іс-шара елішілік құндылықтың артуына ықпал етуі керек. Егер…

Толығырақ

Мемлекет басшысы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады Асхат Жұмағалидың айтуынша:  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің былтыр атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп берді;  өткен жылы жемқорлыққа қатысты 1692 қылмыс тіркеліп, 1324 адам әшкереленген. Оның 161-і түрлі деңгейдегі басшылар. 1221 іс сотқа жіберілген;  2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,02 триллион теңге (2,2 млрд АҚШ долларынан астам) көлемінде мүліктік активтер мен қаражат қайтарылған;  бірқатар қылмыстық істі тергеу барысы туралы мәлімет берді: «ӨКМ» операторы» ЖШС-не қатысты аяқталған қылмыстық істер бойынша Қостанай және Қарағанды облыстарындағы жалпы құны шамамен 20 миллиард теңге болатын 2 зауыт мемлекет меншігіне өткен; Қ.Сатыбалдыұлына қатысты…

Толығырақ

Елорданың Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Василий Левит тағайындалдыВасилий Алексеевич 1988 жылы туылған. Қостанай облысының тумасы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. 2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.@baq_kz

Толығырақ