Автор: shynggys

Париж Олимпиадасына арналған киім формасының дизайнына ашық конкурс жарияланды Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» мәлімдеді. Конкурс екі кезеңге созылады және әрбір кезең жеңімпазы ереже шарттарына сәйкес комиссия отырысында анықталады. Конкурс кезеңдері:  I кезеңде комиссия конкурсқа қатысушылар өтініштерін, материалдарын қабылдап, қарайды (2024 жылғы 28 ақпан 20:00-ден 10 наурыз сағат 18:30 дейін).  ІІ кезеңде конкурс жеңімпаздары анықталып, жарияланады (2024 жылғы 13-15 наурыз аралығы). @baq_kz

Толығырақ

Қаржылық мониторинг агенттігі 2024 жылғы 23 ақпанда броньдалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдік бойынша «Қазарнаулыэкспорт» РМК Бас директорының м.а. Аршат Аяғановтың ұсталғаны туралы хабарлайды. https://t.me/atamekenbusiness_qaz

Толығырақ

Рыбакина WTA маусымының көшбасшысы атанды Теннис матчтарындағы жойқын нәтижелерді қадағалайтын X Tennis Bakery әлеуметтік желідегі аккаунты WTA 2024 жылғы маусымда 6:0 немесе 6:1 есебімен жеңген сеттер саны бойынша теннисшілердің рейтингін ұсынды. 💪Сонымен, бұл көрсеткіш бойынша әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина көш бастады. Ол он сетте айқын басымдықпен жеңіске жеткен.

Толығырақ

Еліміздегі Пентагонның биозертханалары туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының бас директоры Зәуреш Жұмаділова мәлімдеді. Қазақстанда ешқандай да америкалық биозертхана жоқ. Біздің барлық зертханаларымыз – қазақстандық. Олар баршаға ашық, яғни онда келуге болады. Екінші мәселе, ол Қазақстан Республикасындағы биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құзыретті орган – елдегі бүкіл осындай зертханалар желісін бақылайтын Денсаулық сақтау министрлігі арқылы аккредиттеудің белгілі процедураларын өту қажет. Біз шетел азаматтарының отандық ғылыми-зерттеу нысандарымызда еркін жүруіне жол бере алмаймыз. Бұл туралы бұған дейін де бірнеше рет айтылды, алайда осы мәселе қайта-қайта көтеріле…

Толығырақ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті елімізде сапасыз косметологиялық манипуляциялар мен пластикалық операцияларға шағым айтатындардың саны өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. Ведомство мұндай орталықтарды жарнамалаудан басқа, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде біз «өзгерістердің» орнына тек ауыр жарақат алған сертификатталмаған косметологтардың қолынан адамдардың қалай зардап шеккені туралы жаңалықтарды жиі көре бастағандарын алға тартты. Мысалы, 2022 жылы республика бойынша сапасыз косметологиялық қызметтер мен пластикалық операцияларға 37 өтініш тіркелген. 2023 жылы сапасыз косметологиялық манипуляциялар мен пластикалық операцияларға (бет мезотерапиясы, диспорт, ботокс, еріннің контурлық пластикасы, смас-лифтинг, маммопластика, липосакция, блефаропластика, ринопластика, отопластика және т.б.) 68 өтініш тіркелді. Айта кетейік, мұндай орталықтарда…

Толығырақ

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады Дархан Жазықбай: ✅Агенттіктің былтырғы атқарған жұмысының есебі мен алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды; ✅мансаптық және позициялық модель элементтерінен тұратын мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастыру жұмыстары туралы баяндады; ✅ашық мемлекеттік аппарат құру, атап айтқанда, жеке сектордан білікті мамандарды тарту және жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерді төменгі лауазымдарға конкурс өткізбей-ақ тағайындау шаралары жөнінде мәлімет берді; ✅e-Qyzmet жүйесі бойынша мемлекеттік қызметке іріктеу жөніндегі пилоттық жобаның қорытындысын таныстырды. Соның нәтижесінде бос лауазымдарға орналасу үшін конкурсқа қатысушылар саны 2,7 есе артқан: 🔻биыл e-Qyzmet іріктеу жүйесін барлық мемлекеттік органға кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары басталған. ✅Агенттіктің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын…

Толығырақ

Екінші дүниежүзілік соғыс – адамзат тарихындағы ең алапат қырғын болды. 1935-1945 жылдар арасында әлемнің көптеген мемлекеттері осы соғысқа қатысты. Бұл соғыстың нәтижесінде Германия мен Жапония бастаған фашистік, милитаристік режимдер жеңілді. Совет Одағы мен АҚШ қатарлы одақтастар жеңіске жетіп, әлемнің бұдан былайғы саяси жолын айқындауға мүмкіндік алды. Қазақ халқы ХІХ ғасырдан бастап Ресейдің құрамындағы ұлт болушы қазақтар тек соғыстың алдында ғана армия қатарына жаппай алына бастады. Фин соғысына алғаш Совет Армиясы құрамында қатысқан қазақтар 1941 жылы 22 маусымда басталып, төрт жылға созылған «Ұлы Отан» соғысында майданның ең күрделі шептерінде шайқасып, көптеген жігіттер мен қыздар ересен ерліктің үлгісін көрсетті. Тоқсан сегіз қазақ…

Толығырақ

1385-1395 жылдары басталған Тоқтамыс пен Әмір Темір арасындағы соғыс бүкіл Еуразия континентінің тарихына орасан зор әсер етті. Ескеретін жайт, қос билеуші де бұл қақтығысқа дейін жақын дос және жақын туыстай араласқан. Екі басшының бір-біріне өш болуының себебі не? Өкіл әке XIV ғасырдың ортасында Алтын Орда қиын кезеңдерді бастан өткерді. Мемлекеттің негізін қалаушы Бату ордасы хан Бердібек қайтыс болғаннан кейін әлсірей түсті. Орда ішінде билік үшін қанды тайталас басталды. Жалпы 20 жыл ішінде 25 қанды қақтығыс болғанын айту керек.  1376 жылға қарай ел екі жартыға бөлінді: Шығысты хан Ұрыс басқарды, ал Батыстағы билікті әскери қолбасшы Мамай қолға алды.  Осы аралықта тарих…

Толығырақ

Жалпы әлемдік тарихқа үңілсек, ең алғаш еуразиялық ауқымда империя құрған біздің бабаларымыз көшпенді ғұндар екені әмбеге аян. Қытай жазбаларында, б.з.б. 209 жылы Модун (Мүде) шаньюй (қаған) 24 тайпаның басын қосып, Ғұн ұлысының іргесін қалғаны хақында дерек бар. Ғұн елінің оңтүстік шекарасы ақ қорғанға тірелсе, солтүстігі Байқал көлінің жиегіне жетіп жығылыпты. Ал батысы Іле-Тарбағатайға тиіп жатса, шығысы Корей түбегіне иек артқан. Осы ұлыстың кіндігі – Өтукен қойнауы (Моңғол үстірті).  Қазақ ақыны Мағжан Жұмабай «Ерте күнде отты Күннен Ғұн туған, // Отты Ғұннан от боп ойнап мен туғам» дегеніндей, біздің ежелгі ата-бабамыз ғұндардан қалған мұра көп. Күллі Еуразия даласында ғұндарға тән 13 кешен…

Толығырақ

Биыл қазақ қоғамы 2 ақпан күні  – Ұлттық басылым күні ретінде екінші жылын қарсы алса, ұлттың ұлы жазушысы Мұхтар Мағауин ақсақал 84 жасқа шықты. Біз бұл мақаламызда ХХ ғасыр абсында қазақ халқының арман-мұратын биік сапаға көтерген, елдік санасын оятқан, халық теңдігі жолында империализмдермен алысып, ұлттық ояну дәуірінің үнпарағы болған «Қазақ» газетінің миссиясы және кейінгі советтік тоталитарлық биліктің күшейіп тұрған кезеңінде қаламымен ұлт рухын көтеруге қызмет еткен жазушы М. Мағауинның көсемсөздеріне қысқаша шолу жасамақпыз.  «Бейбіт әуезді ағартушылық сарыны уақыт оза келе арқыраған күрес үніне ұласқан еді. Көзіңді аш, оян, есіңді жый деп бастап, ғылым-білімге өнер жолына үндейтін өлең жолдары енді бақыт…

Толығырақ