• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Ұлттық баспасөз және Мұхтар Мағауин

Ұлттық баспасөз және Мұхтар Мағауин

28 февраля, 2024 Ғылым

Биыл қазақ қоғамы 2 ақпан күні  – Ұлттық басылым күні ретінде екінші жылын қарсы алса, ұлттың ұлы жазушысы Мұхтар Мағауин ақсақал 84 жасқа шықты.

Біз бұл мақаламызда ХХ ғасыр абсында қазақ халқының арман-мұратын биік сапаға көтерген, елдік санасын оятқан, халық теңдігі жолында империализмдермен алысып, ұлттық ояну дәуірінің үнпарағы болған «Қазақ» газетінің миссиясы және кейінгі советтік тоталитарлық биліктің күшейіп тұрған кезеңінде қаламымен ұлт рухын көтеруге қызмет еткен жазушы М. Мағауинның көсемсөздеріне қысқаша шолу жасамақпыз. 

«Бейбіт әуезді ағартушылық сарыны уақыт оза келе арқыраған күрес үніне ұласқан еді. Көзіңді аш, оян, есіңді жый деп бастап, ғылым-білімге өнер жолына үндейтін өлең жолдары енді бақыт – күресте, шын мақсат – бас бостандығы, ел еркіндігінде жатыр дейтін, заман шындығынан, халық арманы, тарихи жағдай ауқымынан туындаған жаңаша ұранға айналады», – деп жазады М. Мағауин «Шәкерім – мұра және таным» атты мақаласында. 

1905-1919 жылдар аралығындағы Алаш құбылысы расында да елді бірлікке бастап, отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлы қозғалыс болды. Шын мәнінде ұлтты отаршылдық сияқты аса қатерлі құбылысқа қарсы бағыттай алды. Қысқа уақыт ішінде жанталаса қимылдап, қоғамның барлық саласы бойынша реформаторлық жұмыстар атқарды. Ұлттық мемлекет жүйесін қалыптастырды. Руханият мәселелерін шешті. Империализмге қарсы ұлттың идентификациясын сақтау жолында арпалысты. 

Алайда империалистік үстемдік өз дегеніне жетті. Жетпіс жыл бас көтертпестен жаныштаған отаршылдық саясаттар бірінен соң бірі жүзеге асып жатты. Совет билігі кезеңінде (1920-1991) отаршылдықтың айла-шарғыларының түгелі қолданылғандықтан, әлемде жоқ сынақтарды, террорлық әрекеттер мен нәубеттерді бастан кешірді. Ақырында адам төзгісіз ауыр азаптардан соң ұлттың өне бойына империалистік сана өтіп кетті. Ғасыр басындағы азаттыққа деген ұмтылысымыз, рухымыз күл-талқан болып ойсырай жеңілді. Мұның зардабының ауырлығы соншалық, кейінгі отыз жылда бас көтермек түгілі, еңсемізді тіктей алмай, сорлы күйден арыла алмадық. 

Жазушы М. Мағауин сөз өнерінің барлық жанрында, түрлі формасында қалам тартқан, көркем прозада «Аласапыран», «Көк мұнар», «Шақан – Шері», «Сары қазақ», «Қыпшақ аруы», «Кесік бас – тірі тұлұп хикасы», «Жармақ», «Шыңғыс хан», «Алтын Орда» романдары, көсемсөзде «Ұлтсыздану ұраны», «Қазақсыз Қазақстан», «Ұлы Отанымыз – мәңгілік Тұран», «Отарлау эпопеясы», «Тәлкекке түскен тіл», «Қан төгілді!», «Жерді сату – Отанға опасыздық», «Жер қазақтікі», «Әлемдегі ең сұлу» мақалалары оқырманға жол тартты. 

Көсемсөзде біз атаған немесе аталмаған басқа да шығармалардың дені байқап отырсаңыздар, тақырыбының өзінен ұлттық мақсат, мұрат пен мүдде менмұндалап тұр. Қазақ тақырыбынан бір елі ажырамаған қаламгер ұлттық тақырыптарды, қоғамда орын алған маңызды, ділгір мәселелерді қозғайды. Және мұның барлығында да өзгенің емес, тек қазақтың көзімен қарап жазады. Автор өзі жариялағандай, ешқашан да Homo Soveticus (совет адамы) болмаған, әлі де сол танымнан ажырамай отырған бүгінгі замандастарынан айрықшалайтын қасиеті де осында жатыр. Жап-жақсы кеңес деген қазақ сөзін бұрмалап, мағынасын құртып, советке ауыстырып жазып көрмеген қаламгердің берік ұстанымы осыдан-ақ айғақталса керек. Дүниеге советтің немесе орыстың көзімен қарайтын аты қазақ, заты орыс қоғамы Мағауиндай ұлы жазушыны жақтырған жоқ. 

Екіншіден, бұл жазылған еңбектердің ащы сынға құрылған, қоғамда болған келеңсіз, жағымсыз құбылыстарды бұра тартпай, турасын жазған, сөйтіп бұл қоғамның қотырын қасып, қоясын ақтарған шығармаларды билігінен бастап зиялысы, көбі қабылдай алмады. Ал қаламы сертке, шындық мен адалдыққа суарылған қаламгер шындықтан ауытқымауға тиісті. «Ұлтсыздану ұранындағы» отыз жылдағы ойранның себебі, кейінгі зардабы түп-тамырымен қопарылып жазылған, ұлтқа қарсы жұмыстардың барлық механизмін ашып, әшкерелеген туынды үшін, тек 37 жыл емес, әйтпесе бас кететіндей дүние болғаны сөзсіз. Ал «Қазақсыз Қазақстан» тіпті бөлек, Абай хәкім айтқандай: «Ызалы жүрек, долы қол, // Улы сия, ащы тіл, // Не жазып кетсе жайы сол, // Жек көрсеңдер өзің біл!».

«Ауылдағы қазақ жұрты баяғы, аңыз-тарихтағы ақтабан шұбырындыдан екі жүз жетпіс жылдан кейін советтік геноцид – ғаламат ашаршылықтан алпыс жылдан соң, жау қумай, мал-басы талауға түспей-ақ жаппай жұмыссыздық, төтенше таршылық жағдайда тақау маңдағы қалаларға шұбырды. Бұл көктабан-шұбырынды уақытша жан сақтағанымен, баянды тіршілікке негіз бола алмай тұр» деп, «өзіне-өзі қасқырша шауып отырған жұрттың»  (Ә. Бөкейхан) жайын айтса, «Ұлттың ұйытқысы, ақыл-ойы мен намыс-парасатының нақты айғағы болып есептелетін, өзінің жеке көріністері арқылы әлемдік деңгейге жеткен ғылыми және шығармашылық қауым – ең бірінші кезекте құрбандыққа шалынды. …Ғылым тоқырады, әдебиет дағдарысқа түсті. Тек атақ-дәрежелі элита ғана емес, ауыл мұғалімінен қала дәрігеріне дейінгі аралықтағы бүкіл интеллигенция тұрмыс таршылығына ұшырады» деу арқылы бір мәселеден мың мәселенің балалағанын көрсетіп берді. 

Қазақтың жері, байырғы байтақ қонысы, жер асты, жер үсті қайран байлығы, халық тұрмысы, өкімет қателіктері, саясат жолы, отаршылық зардабы, жан саны, руханият, әдебиет пен мәдениет мәселелері, тарих қиянаты сияқты екінің бірі көтере алмайтын ауыр тақырыптарды өмірдегі құбылыстармен және өткен тарихи сабақтармен дәйектей отырып жеткізген. Әсіресе «Қазақтың жауы – қазақ» деген ұранның көтеріліп, екі туғанды қырқыстырып қойған оңбағыр ойынның түбін тауып, себебін көзге шұқып көрсетсе де, осы «аурудан» оңалып кеткен қоғамды көрмедік. 

Үшіншіден, «менің тілімде Абай тілінің, Әуезов тілінің мәдениеті бар» дегеніндей, ұлт тілінің бар байлығын жұмсап, мәселені жеткізіп, тақырыпты ашу үшін оқырманның санасына әсер ететіндей екпін түсіріп, дәл жазуы. Жазушының өзіне тән қолтаңбасы айқын. Қазақ қыздарына, әйелдері мен аналарына сөзден соққан ескерткіште: «Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі. 

…Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған, әлемдегі ең ізгі әйел. 

Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған, әлемдегі ең мейірбан әйел. 

Қазақ әйелі – бар бақытын некелі ерінің талайынан күткен, әлемдегі ең адал әйел. 

Ұлттың ұйтқысы. Ұрпақтың анасы.

Солай болған, солай бола беруге тиіс. Болмас қисыны жоқ, неге десеңіз, бұл әйелдің бойында сиқырлы, құтты, өзгеше қасиет бар, оның аты – Сұлулық: жан сұлулығы, тән сұлулығы… Ол рас, әлемдегі ең Сұлу – Қазақ әйелі!», – дейді автор.

Көсемсөзші М. Мағауиннің бұл тараптағы еңбектері жазушы дүниетанымын, өзі өмір сүрген қоғамның құбылыстары мен саяси-әлеуметтік проблемаларының түпкі себептерін ашып көрсетуде, сонымен бірге мәселені шешудің жолын нұсқауымен, тіпті қаламгерлік мұраты мен азаматтық ұстанымдарын көрсетумен құнды. Осы дүние оңалса екен, түзелсе екен деген жанашырлықтан туындаған, ащы айтса да ақиқатын жазған Мағауиннің көсемсөздері – заманның бедерлі таңбасы болуынан өзге ел болуға, ұлттық мүддені ойласуға шақыратын рухты шығармалар болып қала береді.

 

Автор: Заңғар Кәрімхан
e-history.kz

Оқылып жатыр

«Артемида-2» миссиясымен Айға кеткен астронавтар Жерге оралды

Наурыздағы ҰБТ нәтижесі жарияланды: 70% шекті балдан өтті

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ақтөбеде жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Жаңалықтар 11 апреля, 2026

Астана. 11 сәуір. BM.KZ — Жол-көлік оқиғасы Батыс Қытай — Батыс Еуропа халықаралық дәлізінің Ақтөбе…

Президент Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

11 апреля, 2026

«Артемида-2» миссиясымен Айға кеткен астронавтар Жерге оралды

11 апреля, 2026

«Қазгидрогеология» 700-ден астам жаңа бұлақ тапты

10 апреля, 2026

Бұршақ, қар, жаңбыр: 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамы

10 апреля, 2026

Қартаю индексі бойынша Солтүстік Қазақстан көш бастап тұр

10 апреля, 2026

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді — Президент

10 апреля, 2026

Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионы атанды

10 апреля, 2026

Ақтауда далалық жерден снаряд табылды

10 апреля, 2026

Қазақстанда электр энергиясын өндіру профициті қамтамасыз етілді

10 апреля, 2026

Путин мен Зеленский Пасха мерекесіне орай уақытша бітім жариялады

10 апреля, 2026

Ақтөбеде заңсыз көші-қонды ұйымдастырған күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)

10 апреля, 2026

Қазақстан мен Армения арасындағы әуе қатынасы жақын арада қайта жанданады

10 апреля, 2026

«Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын иеленді

10 апреля, 2026

Бублик Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде ширек финалға шықты

10 апреля, 2026

Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады

9 апреля, 2026

Дина Исламбекова Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

9 апреля, 2026

Қазақстанда халықаралық AI-фильмдер фестивалі өтеді

9 апреля, 2026

Наурыздағы ҰБТ нәтижесі жарияланды: 70% шекті балдан өтті

9 апреля, 2026

Полиция азаматтарды тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыруға шақырады

9 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.