Талдықорғандық «Жетісу» өз алаңындағы алғашқы ойындарын Алматыда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. Клуб басшылығы мұндай шешімге «Жетісу» стадионында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты келді. Команда матчтарын оңтүстік астанадағы «Жас қыран» стадионында өткізеді. Наурыздың 1-і күні өтетін ҚПЛ бірінші тур ойынында «Жетісу» өз алаңында «Ақсуды» қабылдаса, 2-ші турда «Астанамен» ойнайды. prosports.kz
Автор: shynggys
Бүгін оралдық «Ақжайық» хоккейден Ресей Жоғарғы лигасының матчында «Никельщик» (Верхний Уфалей) клубынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz. Кездесу 3:5 есебімен аяқталды. Айта кетейік, «Ақжайық» наурыз айында өтетін Ресей Жоғарғы лигасының финалдық турниріне мерзімінен бұрын шықты. Күні мен орны әлі анықталған жоқ. Жоғарғы лига командалары арасындағы Ресей чемпионаты — 2023/24 Тұрақты маусым, 2-кіші топ, ерлер «Никельщик» — «Ақжайық» 5:3 https://prosports.kz/
Түркістанда дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жекелей жарыстары аяқталып, чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды. Аталған біріншілік Түркістандағы «Olympic Center» спорт кешенінде өтті. Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 820 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жекелей жарыстар нәтижесі бойынша Түркістан облысының командасы 3 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде көш бастады. Ал Жетісу облысы 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдемен екінші орынға тұрақтаса, Қызылорда облысы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдемен үздік үштікті аяқтады. Айта кетерлігі, Қазақстан чемпионаты 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында өтті. Аталған Қазақстан чемпионатының нәтижесінде…
Алматының «Хан Тәңірі» клубының баспасөз қызметі қазақстандық 24 жастағы шабуылшы Диас Қалыбаевпен келісімшартты ұзартқанын хабарлады. Қалыбаев Жетісудың түлегі. Шабуылшы өткен жылы «Хан Тәңіріге» ауысып, Бірінші лиганың 8 ойынында 4 гол соққан. prosports.kz
Қазақстандық Бейбіт Жұқаев голландиялық Гижс Брувермен жұптасып, Лилльде (Франция) өтіп жатқан жұптық халықаралық турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz. Бірінші айналымдағы кездесуде Жуқаев/Брювер жұбы С.Вандермеерш (Франция)/Р.Бертран (Франция) дуэтінен басым түсті — 6:4, 7:5. Матч 1 сағат 26 минутқа созылды. Турнирдің ширек финалында олар В.Манафов (Украина)/И.Лютаревич (Ресей) жұбымен ойнайды. https://prosports.kz/
Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатының екінші жарыс күні ел қоржынына алтын жауған күн болды. Нақтырақ айтсақ, құрлық біріншілігінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 10 жүлде жеңіп алды. Оның 8-і алтын, 2-і күміс медаль. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер: Жүзу, А тобы: Әділбек Мусин — 100 м баттерфляй — алтын Аделаида Пчелинцева — 50 м брасс — алтын Софья Сподаренко — 100 м баттерфляй — алтын Диана Тасжанова — 1500 м еркін әдіс — күміс Жүзу, В тобы: Арсен Қожахметов — 50 м брасс — алтын София Абубакирова — 50 м еркін әдіс — алтын Максим…
Кезінде ACA чемпионы титулы үшін таласқан танымал қазақстандық файтер Евгений Егембердиев (12-4) Prosports.kz сайтына Бекзат Алмаханның UFC-дегі дебюттік жекпе-жегі туралы пікір білдірді. «Бекзатқа бұл өте қиын жекпе-жек. Оған дебюттен де, қарсыластан да қысым көп. Бекзаттың мүмкіндігі өте аз. Бірақ, соған қарамастан, жекпе-жекте сәттілік тілеймін. Ол мықты жігіт, болашағы зор – дебюттегі қарсыласы салмақты. Бұл әділетсіз…», – дейді атақты файтер. OCTAGON-ның бұрынғы чемпионы 26 жастағы Алмахан (17-1) 3 наурызда UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде әйгілі Хабиб Нурмагомедовтің немере інісі 28 жастағы Умар Нурмагомедовпен (16-0) кездеседі. prosports.kz
Филиппиннің Нью-Кларк Сити қаласында су спортынан XI Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі qaz_olympics-ке сілтеме жасап. Ксения Игнатова мен Егор Попов құрлық чемпионатының рекордын жаңартып, Азия чемпиондары атанды. Жүзу. Әйелдер. А тобы. 100 м шалқалай жүзу Ксения Игнатова — 1:01.45 (Азия чемпионатының рекорды) Үндістан — 1:04.14 Таиланд — 1:04.44 Жүзу. Ерлер. В тобы. 100 м шалқалай жүзу Егор Попов — 56.00 (Азия чемпионатының рекорды) Үндістан — 57.33 Тайпей — 57.71 https://prosports.kz/
Төртжылдықтың басты бәсекесі Париж Олимпиадасы күн санап жақындап келеді. Бұған дейін дүбірлі додаға жолдама жеңіп алған спортшылар дайындығын пысықтап, қызу жаттығу жасаса, жолдамаға қол жеткізе алмағандар іріктеу турнирлеріне дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақ боксшылары арасында ерлер құрамасынан Париж Олимпиадасына алғашқы жолдаманы +92 келі салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев қана жеңіп алған болатын. Ол бұл мүмкіндікке өткен жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында қол жеткізді. Қамшыбек Олимпиада ойындарында екінші мәрте ел намысын қорғайды. Ол бірінші рет Токио Олимпиадасына қатысып, қола медаль жеңіп алған еді. Енді Қоңқабаевтың осы уақытқа дейін қандай жетістіктерге қол жеткізгеніне қысқаша шолу жасап көрейік. Аса ауыр салмақта…
Стенд атудан Катарда өтіп жатқан «Әмір Гран-приі» халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 22 ақпанда Катар астанасы Дохада басталған жарыста әлемнің 30 мемлекетінен 300-ден аса спортшы бақ сынауда. Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды. Оның біреуі — күміс, екеуі — қола жүлде. «Трап» бағдарламасы бойынша өткен жекелей сында Мария Дмитриенко күміс медаль иеленді. Ал жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Никита Моисеев пен Анита Нұрланова қола жүлдегер атанды. Қазақстан атынан жалпы есебі 36 спортшы сынға түсіп жатыр. https://prosports.kz/