Автор: shynggys

Қазақстан мен Өзбекстан тауар айналымын арттыруға жағдай жасайды Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялады. Құжат 2022 жылы 22 желтоқсанда Ташкентте жасалған. Мақсаты – қазақ-өзбек қатынасын өзара іс-қимыл мен екіжақты ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтеру, екі мемлекеттің тәуелсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын және тұрақты экономикалық дамуын одан әрі нығайтуға жәрдемдесу. Шарт негізінде тараптар қандай да бір блоктарға немесе одақтарға қатыспау міндеттемесін растайды, сондай-ақ басқа тарапқа бағытталған қандай да бір іс-әрекеттерге қатысудан бас тартады. Құжатқа сәйкес тараптар өзара экономикалық кооперацияны тереңдету, сауда айналымын, инвестициялық қызметті, кәсіпкерлік және өзге де шаруашылық қызметті нығайту және ұлғайтуға көмектеседі. Сондай-ақ өзара байланысты көлік жүйесін…

Толығырақ

«МӘМС жүйесі қажет» – Денсаулық сақтау министрі Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС жүйесіне бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалғанын айтты. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметі азаматтарға керек көмекті өз деңгейінде көрсете алмай отыр. Осыған байланысты тиісті шараларды дайындап жатырмыз, оның ішінде заң аясында өзгертулер қажет. Себебі мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық көмек пен МӘМС жүйесіндегі қызметтердің бәрі араласып кеткен. Осының салдарынан халық пен қызметкерлердің арасында түсінпеушілік болып отыр. Сондай-ақ бұл мәселенің бәрі қаражатты тиімсіз жұмсауға алып келді, — дейді Ақмарал Әлназарова. @baq_kz Бізге жазылыңыз: https://t.me/baimedia https://www.facebook.com/profile.php?id=61556174083546

Толығырақ

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Бұл құжат жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Түзетулер 5 заңнамалық актіге, оның ішінде Жер, Орман кодекстеріне енгізілді. Түзетулердің бірінші блогы жекелеген адамдардың малын жаюға арналған жайылымдық алқаптардың тапшылығын жоюға бағытталған. Осы мақсатта Жер кодексіне және «Жайылымдар туралы» Заңға жайылымдардың жаңа түрі, яғни «қоғамдық жайылымдар» ұғымы енгізілді. Қоғамдық жайылымдар тек жергілікті тұрғындардың малын жаюға пайдаланылады. Олар жалға берілмейді. Қоғамдық жайылымға жатпайтын жайылымдардың жалға берілуі және шабындық үшін пайдаланылуы мүмкін. Қоғамдық жайылымдарды, сондай-ақ жайылымдарды ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа түрлеріне ауыстыруға…

Толығырақ

ҚМДБ намаз уақыттарын өзгерту туралы маңызды үндеу жариялады 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Осылайша, еліміздің барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуде орналасады. 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Қазақстан бойынша UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгереді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтындағы намаз кестесінен өздеріңізге қажетті ауыл мен қаладағы намаз уақыттары жайлы мәліметтерді алуға болады. Ал жұма намазына қатысты мәлімет төмендегі…

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді. Жиын барысында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған негізгі әдіс-тәсілдерді жандандыру мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал жағдайында талқыланып отырған проблематика Қазақстанның экономикалық және әскери әлеуетін нығайту тұрғысынан зор мәнге ие екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін негізгі сын-қатерлерге объективті талдау жасап, олардың алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін айтты. Президент азаматтардың және тұтас мемлекеттің қауіпсіздігі Үкімет пен барлық ведомство қызметінің басым бағыты ретінде әрдайым ерекше назарда болуға тиіс екенін атап өтті. Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ұлттық мүддені қорғау және ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға…

Толығырақ

Экологиялық қалалар және жаңа әлеуметтік нысандар: Үкімет Астана агломерациясын дамыту жоспарын қарастыруда. Қазақстанда елорда мен Ақмола облысының даму жоспарларын сәйкестендіретін бірыңғай қала құрылысы саясаты әзірленетін болады. Үкімет отырысында Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қаралып жатыр. Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша 10 жыл ішінде елорда тұрғындарының саны 46%-ға артқан. Болжам бойынша, 2035 жылға қарай Астанада 2,3 млн адам тұрады. Бізге жазылыңыз: https://t.me/baimedia https://www.facebook.com/profile.php?id=61556174083546

Толығырақ

Qarmet-тегі тексеріс нәтижесі жарияланды. Халықаралық Boston Consulting Group компаниясы былтыр желтоқсан айынан бері Qarmet-тегі көмір өндірісіне аудит жүргізді. Нәтижесінде 2021 жылдан бері шахтадағы қайғылы жағдайлардың 95%-на кен орнындағы жарылыс, өрт пен газ таралуы себеп болғаны анықталған. Бізге жазылыңыз: https://t.me/baimedia https://www.facebook.com/profile.php?id=61556174083546

Толығырақ

Ұлттық Олимпиада комитетінің құрамы белгіленді. Бас хатшы – Жанар Өтешева; Қысқы спорт түрлері бойынша вице-президент – Асқар Мамин; Жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент – Ербол Мырзабосынов; Паралимпиадалық спортты дамыту жөніндегі вице-президент – Серік Сәпиев; Спортшылар комиссиясының өкілі – Ольга Рыпакова; Ұлттық спорт түрлері федерацияларының өкілдері — Даниал Ахметов, Дмитрий Баландин, Гаджи Гаджиев, Диас Сүлейменов, Қуанышбек Есекеев, Болат Өтемұратов, Әлия Юсупова. Бізге жазылыңыз: https://t.me/baimediahttps://baimedia.kz/ https://www.facebook.com/profile.php?id=61556174083546

Толығырақ

Қазақстанның екі мыңнан астам азаматы Оңтүстік Кореядан пана сұраған, Оңтүстік Кореяда өткен жылы баспана сұраған өтініштердің саны кейінгі сегіз жылдағы ең жоғары көрсеткіш болғаны белгілі болды. Оңтүстік Кореяның иммиграциялық қызметі 2023 жылы 18 838 баспана сұрау тіркелгенін хабарлады. Қазақстандықтар 2023 жылы Оңтүстік Кореядан баспана сұрап, 2094 өтініш берген. Өтініштер бойынша Ресей азаматтары көш бастаған – 5750 өтініш.

Толығырақ

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих мамандығының 2 курс магистранты Үсенқұл Шыңғыс Омарбекұлы ғылыми жетекшісі : тарих ғылымдарының докторы: Дүкенбаева Задаш Оразғалиевна «Жасауыл қырғын» жырының тарихи негізі және қазіргі уақытпен байланысы          Түйіндеме : Бұл мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісін қазақ ауыз әдебиетіндегі деректермен талдап, жаңаша көзқарастар беріледі.  «Жасауыл қырғын»  жырындағы кездесетін оқиғаны архив деректерімен салыстыра отырып, тарихи шындықты айқындайды. Түйін сөздер : Кенесары Қасымұлы, тарихи жыр, Жасауыл қырғын, ұлт-азаттық қозғалыс, Наурызбай батыр, жаппас, фольклор Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің тарихын зерттеуде архив құжаттарымен қатар қазақ фальклорының орны ерекше. Бұл қазақ халқының дәстүрлі формасына сай тарихымызда орын алған ірі…

Толығырақ