• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Жасауыл қырғын» жырының тарихи негізі және қазіргі уақытпен байланысы

«Жасауыл қырғын» жырының тарихи негізі және қазіргі уақытпен байланысы

27 февраля, 2024 Ғылым

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті тарих
мамандығының 2 курс магистранты
Үсенқұл Шыңғыс Омарбекұлы
ғылыми жетекшісі : тарих
ғылымдарының докторы:
Дүкенбаева Задаш Оразғалиевна

 

«Жасауыл қырғын» жырының тарихи негізі және қазіргі уақытпен байланысы

         Түйіндеме : Бұл мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісін қазақ ауыз әдебиетіндегі деректермен талдап, жаңаша көзқарастар беріледі.  «Жасауыл қырғын»  жырындағы кездесетін оқиғаны архив деректерімен салыстыра отырып, тарихи шындықты айқындайды.

Түйін сөздер : Кенесары Қасымұлы, тарихи жыр, Жасауыл қырғын, ұлт-азаттық қозғалыс, Наурызбай батыр, жаппас, фольклор

 

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің тарихын зерттеуде архив құжаттарымен қатар қазақ фальклорының орны ерекше. Бұл қазақ халқының дәстүрлі формасына сай тарихымызда орын алған ірі оқиғаларды халық ауыз әдебиетінде сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан тарихи жырлар, аңыздар, дастандар т.б.  Бұл фольклорлық материалдарда қазақтың әлеуметтік-экономикалық құрылысы, тұрмыс-тіршілігі мен әдет-ғұрпы, халық өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғалар айқын көрініс тауып отырған. Қазақ қоғамының ішкі болмысын сезінуге, түсінуде фальклордың орны ерекше.
Қазіргі таңда тарих ғылымы үшін фальклордың тарихи дереккөзі ретінде пайдалану мәселесі өткір. Қазақ фальклоры негізінен суреттеп отырған оқиғаларды бірін қалдырмай баяндайтындығы, көптеген жер-су аттары мен адам есімдері кездесетіндіктен, сол жылдардың бет-бейнесін ашып көрсететіндіктен тарихшылар үшін маңызды дереккөзі бола алады.  Фальклордың маңыздылығы туралы Е.Бекмаханов «Фольклорлық материалдың маңызы сонда, ол тарихи оқиғалар мен жеке адамдарға дәл және көбінесе дұрыс бағасын береді, себебі тарихты жасаушы және суреттеліп отырған оқиғалардың тікелей қатысушысы халықтың өзі болып табылады»[1] деп түсіндіреді.  Тарихшылар үшін фальклордың екінші жағы бар, фальклорда көбінесе тарихты идеаландыру, жеке адамды асыра мақтау, батырларын мистикалық тұрғыда бейнелеу шындықтан сәл ажыратады.Қазақ фальклоры ауыздан ауызға тарап, көптеген уақытты артқа қалдыратындықтан, оны жеткізіушілер  бұрмалап жеткізетіндіктен, фальклордың бастапқы формасы өзгеріске ұшырайды. Осындай факторлар әсер ететіндіктен фальклорды дереккөзі ретінде пайдаланғанда тарихшы сыни көзбен қарап, шындықты ажырата білуі керек.

Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық соғыстың кезеңдерін, барысын, тіпті өзін халық қаһарманы ретінде берілетін қазақ ауыз әдебиетінде көптеген жырлар өте көп. Ал Кенесары ханды керісінше  даттайтын, елге жасаған зорлық істерін әшкерелейтін  тарихи жырларда кездеседі. Соның бірі мақалаға арқау болып отырған «Жасауыл қырғын» жырының тарихи шындығын ашып көрсету. «Жасауыл қырған» жырында болған оқиғаны  басқа мұрағат құжаттарымен, басқада осы оқиға кездесетін түрлі тарихи жырлармен салыстырмалы-тарихи әдістерді қолданып, болған оқиғаның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап жазу және қазіргі уақытпен байланыстыру.

Мен қолымдағы нұсқа  Нұрлан Ахметбеков Жасауыл қырғын оқиғасын алғашында   1926 жылдары хатқа түсіп, 1936 жылы Ғылым акедемиясының ғылыми кітапханасында сақталған. Осы нұсқадағы «Жасауыл қырғын» жырына талдау жасап көрмекпін. Одан кейінгі нұсқалары екінші дүнижүзілік соғыстан кейінгі идеалогияның бұрмалауына байланысты түрлі өзгертулерге ұшыраған. Осы бастапқы нұсқасына тарихи талдау болмақ.[2]

vk.com

«Жасауыл қырғын» жыры Кенесары хан бастаған көтерліс барысындағы кішігірім бір оқиғаны баяндайды. Алдымен жырдың мазмұны мен жалпы сипаттамасына тоқталып, одан кейін тарихи маңыздылығын обективті түрде беруге тырысамын.

Жырда Абылай ханның ұлы Қасым сұлтаннан Кенесары хан мен Наурызбай батыр тарағандығы айтылады. Кенесары хан туған кезде уысында қан болғандығын айта келе, Кенесары хан мен оның жақтастарын айыптаудан басталады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін хан болған Кенесары елдің жағдайын ойламай тек ел тонап, халықтың малын тартып, әділетсіз патша болған.

Бір жерде салтанатты тұрағы жоқ,
Көрсоқыр, көзсіз надан шырағы жоқ,
Ел тонап, жол тосумен кәсіп еткен,
Қам еткен халық үшін бір құралы жоқ. [2]

Кенесары хан Арқалыққа келіп қазақтардың басын қосып, үш жүздің ханы екендігін, орыстармен жақындаспай, Қоқанмен қатынасты күшейту керектігін айтқанда кіші жүздің жаппас руынының Алтыбай биі бұл сөзді жаратпай Сыр бойына көшуге қамданып жатқанда, Хан Кенеге бұл хабарды жеткізеді. Бұл хабарды естіген Кенесары хан ашуланып інісі Наурызбай батыр бастаған жасауылдарын жіберіп, Алтыбай би ауылын шабады. Жырда осы жерінде Наурызбай батырдың бір сәбиді анасының құшағынан аяусыз жұлып алып, найзаға жаншып көкке көтергендігін айтылады. Жасауылдардың ауылды тонап, малдарын айдап және Алтыбайды Кене ханға әкеліп, оны өрттеп жібереді. Алтыбай жанып жатқанда Жаңғабыл деп бірнеше рет айқайлайды.Бұл өлімді көрген жұрт Кенесары ханға қарғыс жаудырып, айналып кетті.

Арқа жерініне сыйы кетіп Ұлытау жеріне қоныс аударады. Ал інісі Наурызбай батыр тоқсан жасауылымен кіші жүз жаппас руынан салық жинап, қоныс аударатын болды. Жаппас руы зекет салығын бере алмайтының айтқанда Наурызбай батыр қалың елге бас салады. Төтеп бере алмаған халық Науан батырға сый құрмет жасап, мал жинап, көңілін көтеру үшін ойын-күлкі жасап береді.Жаппас руының батыры Жаңғабыл қыстан аман-есен  шығып, Сыр бойында базарлық алып жүреді. Осы хабарды естігінен күн-түн демей ауылына келеді. Науан батырға білдіртпей өз батырларын кек алу мақсатымен жинайды. Ақылдасып он ауылға он батырдан қонақ қылып, жасауылдарды бөліп өлтірмекші болады.Қызыққа тойған жасауылдар ұйықтап жатқанда жаппас руының батырлары барлығынын қырып салды, тек Науан батыр ғана бір жасауылды қарауылға қойып, мән жайды тез біліп аман қалады. Осы оқиға тарихта Жасауыл қырғыны деген атпен қалған.

Жырдың аяғында Кенесары ханның қырғыздармен шайқасып, қаза болғандығы және  сол соғыстан тірі қалған Нысанбай жыраудың Кенесары ханды жоқтап,  жырлап қалғандығы айтылады.[2]

Жырдың тарихи негізіне келетін болсақ, оқиғаның басы Алтыбай бидің қазасы болып отыр. Бұл оқиға тарихи деректерде де және басқада тарихм жырларда кездеседі. Яғни, автор бұл деректі ойдан шығармағандығы көрініп тұр.   Е.Бекмаханов өз монографиялық еңбегінде жаппас Алтыбай биді Кенесары хан өлтіргендігін жазады. [1] Бірақ, не үшін, қандай себеппен өлтіргендігі туралы ақпарат бермейді. Тағы 1943 жылы Орынбор Шекара комиссиясының есебінде Кене хан Алтыбайды қатыгездікпен өлтіргендігі туралы хабар береді. Бір қызығы, бұл архив құжатында да қандай себеппен өлтірілгендігі туралы айтылмайды. Бұл оқиғаға байланысты Кенесары ханның 1844 жылы Орынбор шекара комиссияның төрағасына берген арызында «Жаппас руынан шыққан Алтыбай Қоқонмен бірге бас қосып, шөмекей тайпасы сарқасқа руының Сарман биін өлтіріп еді. Мұның бағытында шөмекей тайпасы Алтыбай бидің ауылын шауып, өзін өлтіріпті. Осы айтылған сөздерден сіздің көңіліңізге күмән келеді-дүр. Мұнша істерді өзі қылып, басқа адамдарға айтар-дүр деп. Бұл айтылған істердің растығына әуелі Құдай, ақыры қазақ жұртының әрбір жақсыларына мағлұм-дүр.»[3] Бұны басқа да архив құжаттары дәлелдейді. Шөмекей руынан шыққан Сарман биді Қоқандықтар өлтіргенін көптеген тарихи жырларда кездеседі. Яғни, бұл жерден екі идеалогияның тартысын көруге болады. Тарихи шындықты әділ баға беру үшін жырдың жалғасы Наурызбай батырдың жаппас руының шапқандығы және Жаңғабылдың 95 жасауылдың өлтіргендігі тарихи шындық болса, бір шындықтың беті ашылғандай болады. [4] Себебі, болған оқиғаларды саралай келе, Нұрхан ақын жаппас руының батыры Жаңғабылдың жасаған іс – әрекетін ақтауға ұмтылғанын көреміз. Жасауыл қырғын жасағанын тарих алдында ақтап алуға тырысты. Тағы да айтатын мәселе Наурызбай батырдың сәбиді өлтіргенін және Алтыбай батырдың отқа жақандығы асыра сілтеу болып табылады.

e-history.kz/

 

Кенесары хан жеке тұлға ретінде және ұлт-азаттық қозғалысы қазақ тарихында алатын орны ерекше. Қазіргі қазақ қоғамында өмір сүріп жатқан адамдардан Кенесары хан туралы не ойлайтынын сұрағанымда екі адамның пікірі ерекше болды. Бірінші адамның пікір : «қазақ ұлтының тәуелсіздігін аңсап, жеке дербес мемлекет құру үшін өз өмірін құрбандыққа шалып, ата-бабамыздың қалыптастырған дәстүрлі  өмір сүру формасын қайтадан қалпына келтіруге тырысқан – ұлы тұлға» — деп аяқтады. Екінші адамның айтқан пікірі мүлдем кереғар болды. « Кенесары хан үш жүз халықты  біріктіруші емес, қайта қазақ халқын қырған  адам. Қазақ ауылдарын шауып, малдарын тартып, бермегендерді қорқытып, күшпен тартып алды. Тек «вандализм немесе бандитизммен» өмір сүрді. Үш жүзде де хан ордасын тігіп, үш жүзгеде сыймады. Ең аяғында Ұлы жүзде одан бас тартып, қырғыздың қолына қалдырып кетті».

Қазіргі таңда әлі де локальды – жергілікті жерлерде шежіренің, қазақ ауыз әдебитенің ықпалы зор. Себебі, қазақ қоғамда өмір сүріп жатқан адамдар туып-өскен ортасындағы ақпаратты қабылдайды.  Екінші адамның айтқан ойы мен «Жасауыл қырғын» жырының логикасының бір жерден шығуы осы фактордың дәлелі. Сол пікірді айтып жатқанда  «Жасауыл қырғын» жырының қаншалықты әсері болды деген сұрақ келді және бұндай пікірдіңде болуы заңды құбылыс.

Қорытыңдылай келе, уақыттың талаптарына жауап бере алмайтын методологиядан бас тартып, қоғамның сұрақтарына жауап беретін заманауи методологиямен тарих жазылуы керек. Жеке феноменді идеаландыруға, бір жақты баға беруден бас тартып, обективті баға беруміз керек.

Кенесары хан тұлғасын  негізінен қазақ  ауыз әдебиеті тұрғысынан зерттеу әлі тарихшылардың баса наза аудармаған мәселесі. Осы тұрғыдан зерттеу бұл тақырыптан көптеген жаңа нәтижелер мен қорытыңдылар шығуы тиіс. Мазмұны жағынан аз ғана «Жасауыл қырғын» жырының өзінен архив деректері айтпайтын тың ақпартты алуға болатынын дәлелдеуге тырыстым.

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Е. Бекмаханов «Казахстан в 20-40 годы XIX века»
  2. Н.Ахметбеков «Жасауыл қырған : поэмалар», Алматы – Жазушы, 1972
  3. Национально-освободительная борьба казахского народа под предводительством Кенесары Касымова (сборник документов). Алматы. 1996
  4. Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (құжаттар жинағы). Алматы, 1996

 

 

Резюме: В данной статье на основе данных казахской устной литературы анализируется восстание под руководством Кенесары Касымули и приводятся новые взгляды. Путем сопоставления событий в эпосе «Жасауыл Кыргын» с архивными данными определяется историческая правда.

Summary: This article, based on data from Kazakh oral literature, analyzes the uprising under the leadership of Kenesary Kasymuli and provides new views. By comparing the events in the epic “Zhasauyl Kyrgyn” with archival data, the historical truth is determined.

 

 

 

Оқылып жатыр

2026 жылғы ҰБТ-ның шекті балдары белгілі болды

Freedom Holding Қазақстанда 2 миллиард долларлық «тәуелсіз» жасанды интеллект орталығын салады

Лондонда Орталық Азия туралы құпия есептер сатылымға қойылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Қылмыстық құрам жоқ — Қанат Бозымбаев 12 адам опат болған өрт жайында

Басты тақырып 19 ноября, 2025

Астана. 19 қараша. BM.KZ — Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында жеке тұрғын үйде шыққан…

ШҚО тасжолында жалғыз қонжық жүр

19 ноября, 2025

«Солтүстік қазағы» лақап атымен танылған блогер ұлтаралық араздық тудырғаны үшін сотталды

19 ноября, 2025

ҚМГ «Лукойлдың» Қарашығанақ жобасындағы үлесін сатып алуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды

19 ноября, 2025

Оралда 10 жасар қызды зорлау дерегі: кент әкімдігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

19 ноября, 2025

Ақтөбеде жарылғыш зат туралы жалған хабар берген жасөспірім ұсталды

18 ноября, 2025

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы ойындары Астанада өтеді

18 ноября, 2025

БҚО-да 8 адам қаза тапқан жол апатынан аман қалғандардың жағдайы белгілі болды

18 ноября, 2025

Түркістан облысында өрттен қаза болған 12 адамды жерлеуге көмек беріледі

18 ноября, 2025

Шығын 420 млн теңге: Кореядан арзан көлік әкелемін деп елді алдаған әйел сотталды

18 ноября, 2025

Астанада тұрғын үй қасбетінің кірпіш қаптамасы құлап, жарақат алған фельдшер көз жұмды

18 ноября, 2025

Түркістан облысында полицеймен атысқан ер адам қайтыс болды

18 ноября, 2025

Түркістан облысындағы 12 адамның қазасы: Үкіметтік комиссия құрылды

18 ноября, 2025

Хаммасы якшы булади! Астана мен Ташкентке «экономикалық нәзіктік» не үшін керек?

18 ноября, 2025

Екібастұзда ер адам тізесіне салынған екпеден кейін қайтыс болды — тексеріс басталды

18 ноября, 2025

Қазақстандағы «Лукойл» активтерін Chevron компаниясы сатып алуы мүмкін

18 ноября, 2025

Қандастар қай елдерден көп келіп жатыр

18 ноября, 2025

Түркістан облысында жер үйде болған өрттен 12 адам мерт болды

18 ноября, 2025

Түркістан облысында жоғалып кеткен 15 жасар қыз Алматыдан табылды

18 ноября, 2025

Бангладештің бұрынғы премьер-министрі өлім жазасына кесілді

17 ноября, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.