• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » АЯҚ СУ ЖЕТКІЗУ АЯҚСЫЗ ҚАЛДЫ

АЯҚ СУ ЖЕТКІЗУ АЯҚСЫЗ ҚАЛДЫ

12 марта, 2024 Жаңалықтар
АЯҚ СУ ЖЕТКІЗУ АЯҚСЫЗ ҚАЛДЫ
Нуржан Ахатов Шиелі ауданына әкім болып сайланар алдында Қарғалы елді мекенінің халқымен кездесіп, ауылды аяқ сумен қамтимын деп уәде берген еді. Сол мақсатта «Күркіреуік» каналын қазып, тазартып, бетондай бастаған. Осы жұмыстар біткенше қол қусырып қарап отырмай, “Күркүреуікке” “напоры” күшті бір насос қондырғысын орнатамыз, сосын қарғалылықтар қарық болады деген-ді. Бірақ ауылға бір тамшы су да келмеді.
Неге? Себебі, уран өндіретін компания “ҚазАтомпром” пәленбай жылдан бері ауылға су жеткізіп тұрған, әжептеуір тарихы бар каналдың бойында “зерттеу жүргіземіз” деп, су арнасының көзін бітеп, елді несібесінен айырған. Ал оның орнына жаңадан канал қазып, бетондап береміз деген уәделері әзірге уәде күйінде қалып отыр. Мұндай шешім кезінде қалай қабылданған? Неге әуелі елді мекеннің бақша, егініне баратын баламалы су арнасын дайындап алмаған? Халықтың емес, қазба байлықты өндіретін компанияның ығына жығылып, иіліп төсек, жайылып жастық болған шенеунік кім? Сұрақ көп. Бұл өз алдына бөлек тақырып, өзекті мәселені алдағы уақытта қаламымызға арқау етерміз.
Бір анығы сол, ауылға су келмеді. Қондырған насостың игілігін ел көре алмады. Оны көшеде ойнап жүрген балаға дейін айтады. Себебі, өзінің әдепкі арнасымен ақпаған соң, канал бетондалып бітпегеннен кейін су жырылған жерлерге жайылып кеткен. Оны әкімнің жауапты замдары да, бөлім басшылары да қадағаламаған. Сөйтіп, ауыл халқының жер еміп, нәпақамызды табамыз деген үкілі үміті әдірам қалды.
Осы жерде заңды сұрақ туындайды. Әкімнің мақсаты не сонда? Анаумен сөйлестім, мынаумен сөйлестім, насос орнаттым деп, елдің көңілін аулап, құрғақ уәдемен «есегін судан өткізу» ме? Әлде халыққа жанашырлықпен қызмет етіп, ауылға шынымен су жеткізкісі келе ме? Олай болса, жұмыс нәтижесімен, уәде орындалуымен құнды емес пе?
Сонымен қатар, әкім сайлауалды кездесуінің бірінде осы ауылдың азаматтарына Қарғалы мен Шиелінің арасын жалғап тұрған паромның тұсына тағы бір насос орнатып берем деген екен. Көктем болса келді. Олар бұл уәдесі де сөз күйінде қалып қоймай ма деп алаңдап, дызақтап отыр.
Егер Ахатовтың айтқандары (немесе тұрғындардың осы екі талап-тілегі) әлдебір әкімдер мен депутаттардың сайлауалды сылдыр сөзіндей болмаса, ауылдағы ағайын оны төбесіне көтеріп, жатса-тұрса тілеуін тілейді. Ауылда “өкіметтің” жұмысы бәріне бірдей жетпейтінін ескерсек, аудан басшысы жерден несібесін тергісі келетін еңбеккерлердің билікке деген сеніміне селкеу түсірмейді деп үміттенеміз.
фото әкімнің парақшасынан алынды, уәде беріп тұрғаны сәті болса керек
журналист Дәурен Сейітжанұлының фейсбук парақшасынан

Оқылып жатыр

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

Ұлыбританиялық акционер Air Astana-дағы үлесін сатпақ

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

Жаңалықтар 17 декабря, 2025

Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды туризмді дамытуға туристерге арналған инфрақұрылымның…

Ұлыбританиялық акционер Air Astana-дағы үлесін сатпақ

17 декабря, 2025

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

17 декабря, 2025

Дәрігерді соққыға жыққандарға жаза күшейтілді — Мәжіліс

17 декабря, 2025

Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

17 декабря, 2025

Жеке меншік мектептер дауы: 60 орындық мектепке 600 оқушының ақшасы бөлініп келген

17 декабря, 2025

11 айда экономика өсімі 6,4 пайыз болды – Серік Жұманғарин

17 декабря, 2025

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 96 жасқа толды

17 декабря, 2025

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті

17 декабря, 2025

Режиссер Роб Райнер мен әйелінің өлімі: ортаншы ұлы күдікке ілінді

17 декабря, 2025

Әуеде Air Astana ұшағының салонында өрт шықты

17 декабря, 2025

Италия тауларында мыңдаған динозавр ізі табылды

17 декабря, 2025

​Атырауда қайтқан адамның сүйегі пәтерде үш апта жатып қалған

17 декабря, 2025

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

16 декабря, 2025

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.