• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Бәйтерек» жобасы: «Союз-5/Сұңқар» ұшырылымына соңғы дайындық жүріп жатыр

«Бәйтерек» жобасы: «Союз-5/Сұңқар» ұшырылымына соңғы дайындық жүріп жатыр

26 декабря, 2025 Басты тақырып
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Астана. 26 желтоқсан. BM.KZ – Қазақстан-Ресей бірлесіп іске асырып жатқан «Бәйтерек» жобасы аяқталу кезеңіне жақын. Қазіргі уақытта старттық кешенде «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышының алғашқы ұшырылуына дайындық аясында сынақ жалғасып жатыр.

Мамандар зымыранның барлық жүйесі мен старттық кешен элементтерінің сенімділігін растау мақсатында кеңейтілген сынақ бағдарламасын орындап жатыр. Бұл «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышын әзірлеу кезінде де, старттық кешен инфрақұрылымын құру барысында да бұрын қолданылмаған жаңа инженерлік және технологиялық шешімдердің енгізілуімен байланысты.

Қосымша тексеру барлық жүйенің штаттық және штаттан тыс режимдегі тұрақты жұмысын растауға, ұшу сынақтарын өткізуге барынша дайындықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ алғашқы ұшырылымды қауіпсіз әрі сәтті жүзеге асыру үшін оңтайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

— «Бәйтерек» — Қазкосмос пен Роскосмос арасындағы бірлескен кәсіпорын. Қазіргі уақытта ұшырылымға дайындық бойынша жұмыстардың басым бөлігі аяқталды. Бұл кезеңде технологиялық жүйелердің ғана автономды сынақтары жүргізіліп жатыр, келесі кезеңде кешенді түрде автономды сынақтарды жүргізу жоспарланған.

Зымыранды пайдалануға 40-тан астам техникалық және технологиялық жүйе тартылған. Олардың жекелеген және бірлескен сынақтары өткізіліп жатыр. Зымыран-тасығыш монтаж-сынақ кешеніне жеткізілген соң жүйелер түйістіріліп, олардың өзара үйлесімді жұмысы тексеріледі, — деп атап өтті «Бәйтерек» БК» АҚ басқарма төрағасы Айдын Айымбетов.

Жоба серіктестері алғашқы ұшырылым мерзімдерін түзету туралы шешім қабылдады. Бұл шешім техникалық сипатта және жобаның ұзақ мерзімді сенімділігіне, қауіпсіздігіне және кешенді табысты пайдалануға бағытталғанын көрсетеді.

Қазіргі уақытта барлық жұмыс технологиялық регламенттер мен сапа стандарттарын сақтай отырып, жоспарлы режимде жүргізіліп жатыр.

— Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз-5/Сұңқар» зымыранын құрастыру жұмыстары аяқталды. Жерүсті инфрақұрылымы мен зымыран алғашқы ұшырылымға дайын. Серіктестермен бірге борттық жүйелер мен жерүсті жабдықтарына қосымша тексерулер жүргізу туралы шешім қабылдадық. Бұл статистика құрастыру және ұшырылымның сенімділігі мен қауіпсіздігін қосымша растау үшін қажет. Біз ұшырылымды нақты бір күнге белгілеуді мақсат етпейміз. Басты міндет — «Бәйтерек» кешенінен «Союз-5/Сұңқар» зымыранының алғашқы сынақтық ұшырылымын сәтті өткізу, — деді «Роскосмос» бас директорының зымыран жобалары жөніндегі орынбасары Дмитрий Баранов.

Ұшырылымға дайындыққа зымыран-ғарыш технологиялары саласында тәжірибесі бар мамандар мен өндірістік командалар тартылған. Барлық қызметкерлер жаңа техникамен жұмыс істеу үшін оқудан және тәжірибелік тағылымдамадан өтті, старттық кешенге қызмет көрсетуге барлығы дайын.

Монтаж-сынақ кешеніндегі автономды сынақтар аяқталған соң зымыран транспорттық-орнатқыш агрегатқа тиеп-орнатылып, старттық кешенге жеткізіледі, онда тік орнатылады. Содан кейін соңғы тексерулер өткізіліп, олардың қорытындысы бойынша алғашқы ұшырылым күні анықталып, келісілетін болады.

«Бәйтерек» БК» АҚ — 2005 жылы Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін іске асыру үшін құрылған Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны. Компания жаңа буын зымыран-тасығыштарын ұшыруға арналған жерүсті инфрақұрылымын құруға, дамытуға және пайдалануға жауапты.

«Союз-5/Сұңқар» — Самарадағы «Прогресс» орталығы әзірлеген зымыран-тасығыш. Ол автоматты ғарыш аппараттарын әртүрлі жердің маңындағы орбиталарға, соның ішінде үдеткіш блоктарды қолдана отырып ұшыруға арналған. Бұл — сатылары тізбектей орналасқан екі сатылы зымыран. Онда ұшу барысында дәлелденген сенімді техникалық шешімдер қолданылған, сондай-ақ экологиялық таза зымыран отыны компоненттерін пайдалану арқылы жоғары экологиялық қауіпсіздікке ие.

Зымыранның артықшылығы — ұшыру құнының төмендігі және пайдалы жүктемені жоғары дәлдікпен орбитаға шығару мүмкіндігі. Старттық кешеннің ерекшелігі — дайындық пен ұшыру операцияларының автоматтандырылған режимде жүзеге асырылуы. Бұл зымыранның старт алаңында болу уақытын қысқартып, белгіленген уақытқа сай ұшырылуына мүмкіндік береді.

2025 жылдың қараша айының басында зымыран-тасығыш кешенді сынақтар жүргізу үшін «Бәйтерек» старттық кешеніндегі монтаж-сынақ корпусына жеткізілді. Сынақтар зымыранның жерүсті инфрақұрылымымен өзара әрекеттесуін, басқару, жанармай құю, қызмет көрсету және қауіпсіздік жүйелерін тексеруді қамтиды.

Жоба Ресеймен бірлесіп жүзеге асырылып отыр.

Байқоңыр ғарыш жасанды интеллект Зымыран Ресей

Оқылып жатыр

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

Жаңалықтар 7 апреля, 2026

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 4 адамды кене шақты, деп…

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026

Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: Air Astana рейстеріне өзгеріс енгізіледі

26 февраля, 2026

Алматыда 8 келі метамфетамин тәркіленіп, күдікті қамауға алынды

26 февраля, 2026

Алматыдағы даулы оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді

26 февраля, 2026

Бүгін республика жолдарындағы ахуал қандай

26 февраля, 2026

Куба жағалауында атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

26 февраля, 2026

Астанада оқушылар онлайн оқитын болады

26 февраля, 2026

–40 градусқа дейін аяз: Қазақстанда күн күрт суытады

26 февраля, 2026

Атырауда трансгендерлерге қатысты резонанс тудырған оқиға: мән-жайы айтылды

25 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.