• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Берденовке жасалған қастандық ісі: алдын ала тыңдау өтті

Берденовке жасалған қастандық ісі: алдын ала тыңдау өтті

28 июля, 2025 Басты тақырып

Шымкент, 28 шілде. / Әсел Мәдәліқызы/ BM.KZ – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты алдын ала тыңдау өтті. Іс қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.

Тергеу мәліметіне сәйкес, Ернар Жиембайға Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 99-баптың 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша айып тағылды. Айыптау актісі бойынша 21 сәуір күні түсте мердігерлердің жиналысы өткен. Сол жиыннан кейін күдікті Берденовтің өзін жұмыстан шығару туралы айтқан сөзін телефон арқылы естіген көрінеді.

«Шымкент қаласы әкімдігінің құрылыс нысандарының мониторинг жүргізу басқармасының бөлім басшысынан ұялы телефон арқылы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры лауазымынан өз еркімен арыз жазып кетсін деген туралы айтқанын естіп адам өлтіру, яғни, құқыққа қарсы қарақана қазаға ұшырату ойы пайда болған», — дейді мемлекеттік айыптаушы.

Мұны естіген айыпталушы алкогольдік ішімдік ішіп, қылмыстық істі жүзеге асыру мақсатында дайындалғаны белгілі болды. Айыптау актісіне сай, ол алдымен танысынан аңшылыққа баратынын айтып 12 калибрлі аңшылыққа арналған Сайга-12 қаруын алған. Кейін 9 дана патроны бар ақшылық қаруын Тұран-2 мөлтекауданы Қожаберген жырау көшесінің аяғына барып атып көрген. Өзін жол бойы алып жүрген адамға ниетін айтпай, үйге баратын кейіп танытып, қалалық әкімдікке келген.

«Жиембай 2025 жылы 21 сәуір сағат 20:55 шамасында Берденов әкімдік ғимаратының Б корпусынан шыққанын көріп, соған қарай 12 калибрлі Сайга-12 аңшылық қаруымен жүгіріп келе жатып, қолындағы ақшылық қаруын оқтап, KIA К8 мемлекеттік номерлі автокөлікті айналып қашып жүрген Берденовті қасақана өлтіру мақсатында 5 рет патронды атып, криминалистикалық сот сараптама қорытындысына сәйкес оң кеудесіне еніп, өкпенің төменгі бөлігіне өтіп көптеген жарақат салып, жәбірленушіге ауыр жарақат салған», — дейді прокурор Ерлан Сәдібеков.

Одан әрі Жиембай ойға алған әрекетін жүзеге асыру үшін жерге құлаған Берденовті атпақ болған. Алайда оқ дәрумендерінің таусылуына байланысты қару атылмай қалыпты. Оған жәбірленуші қарсы шыққанда көлікте болған куәгер, сезіктіні тоқтатып үлгерген көрінеді.

Жәбірленуші тараптың адвокаты айыптау актісіне келіспейтінін айтып, қайта тергеу жүргізіп 99-баптың 2-бөлігін де қосуды сұрады. Бірақ прокурор тергеу барысында барлық мән-жай қаралғанын айға тартты. Сондықтан сот бұл өтінішті қараусыз қалдырды.

Күдіктінің келісімімен процесс алқа билердің қатысуынсыз, жеке дара судья қарауымен өтеді. Алайда Жиембай іс кезінде суретке түсіруге келіспеді.

Алдын ала тыңдауға Берденов қатыса алмады. Судья келесі отырысқа жәбірленушінің қатысуын талап етті.

«Берденов жауап беру керек. Талап беру бойынша босатуға құқықтарымыз бар. Бірақ басында жауап беру керек», — деді судья Абинұр Қарабаев.

Сот залында Ернар Жиембай тергеу кезінде қысым көргенін айтты. Айтуынша, бұл жай айыптау емес – ол өз сөзін дәлелдермен негіздеуге әзір. Ал сот талқылауы 6 тамызға қойылды.

Айта кетейік, Жиенбай тергеу кезінде әйелімен ажырасуға арыз берген көрінеді. Ал сот басталмай тұрып, күдікті әйеліне «Балаларға қара, арыңды сақта» деп айтып, келіншегін жылатып қойған. Әйелі сотта куәгер ретінде қатыстады. Ал сезіктінің әкесі қорғаушы ретінде таныстырылды.

Берденов қылмыстық іс сот отырысы

Оқылып жатыр

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртеніп кете жаздады

Жаңалықтар 8 апреля, 2026

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Қазіргі кезде полиция қызметкерлері әкімдік ғимаратын қоршауға алған. Оқиға орнында…

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

8 апреля, 2026

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

7 апреля, 2026

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026

Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: Air Astana рейстеріне өзгеріс енгізіледі

26 февраля, 2026

Алматыда 8 келі метамфетамин тәркіленіп, күдікті қамауға алынды

26 февраля, 2026

Алматыдағы даулы оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді

26 февраля, 2026

Бүгін республика жолдарындағы ахуал қандай

26 февраля, 2026

Куба жағалауында атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

26 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.