Ағымдағы жылдың басынан бері 3 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактілері анықталды. Алаяқтар әрекеттерінің салдарынан азаматтарға 4 млрд теңгеден астам шығын келтірілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында хабарлады.
«Биыл 1 мыңнан астам осындай қылмыс тіркелді. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін сізге біріншіден, тексерілген жарнама сайттарын пайдалану қажет. Екіншіден, тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісу қажет. Үшіншіден, тауардың бар екеніне көз жеткізу қажет, оның ішінде бейне қоңырау арқылы. Егер сатушы басқа қалада болса, өзіңіздің таныстарыңыз немесе туыстарыңыздан тауарды алуды, тексеруді сұрау қажет», — деді спикер.