• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Біз кешіксек, рейс кешігеді». Нұрзейнеп Пірманова 40 жылдан бері ұшақ жуып келеді

«Біз кешіксек, рейс кешігеді». Нұрзейнеп Пірманова 40 жылдан бері ұшақ жуып келеді

12 августа, 2025 Басты тақырып
Фото: BM.KZ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен 1 тамызда еліміздің көлік саласын дамытуға, қатынас жолдарының инфрақұрылымын қалыптастыруға және жаңғыртуға қосқан елеулі үлесі үшін біраз адам орден-медальдармен марапатталды. Солардың ішінде 40 жыл бойы Шымкент әуежайында еңбек етіп, ұшақ жуып келе жатқан Нұрзейнеп Пірманова ерекше назарымызды аударды. Ол «Ерен еңбегі үшін» медалін президенттің өз қолынан қуанышты жандардың бірі. BM.KZ тілшісі марапат иесін тауып, оның осынша ұзақ бойы бір жерде тапжылмай, жалықпай жұмыс істеп келе жатуының сырын сұрап білді.

Нұрзейнеп Пірманова қолына сүрткіші мен шаңсорғышын алып ұшақтардың тазалығына жауап беретін жан. Ол Шымкент әуежайында 40 жылдан аса уақыт жұмыс істесе, соның 32 жылын әуе кемелерін тазалауға арнаған.

Жұмысын мақтан тұтатын жан

Ұшу аппараттарын жуу бір қарағанда қарапайым жұмыс. Алайда атқаратын міндеті аса жауапты. Себебі Нұрзейнеп апайдың еңбегі көрінбейтін, бірақ әр сапардың қауіпсіздігіне ықпал ететін жұмыс. Бар ғұмырын осы салаға арнаған әйел үшін бұл жай ғана күнкөріс емес, өмірлік миссия. Тіпті ол бұл саладан ауысу ойына келмегенін айтады.

«Жұмысымды мақтан тұтамын. Иә, ұшақ жуамын. Бұл маған ұнайды. Адал еңбеңіммен ақша тауып жатырмын. Басқа жаққа барып жұмыс істеу ойымда жоқ. Себебі мен өз жұмысыммен мақтанамын. Шаршаған емеспін, қайта жұмысқа барғым келіп тұрады», – дейді Нұрзейнеп Пірманова.

Фото: BM.KZ

Қарапайым еңбек адамының қажырлы қызметі еленіп 1 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

«Марапат алатын кезде қобалжыдым. «Қалай болады? Не істеу керек?» деп уайымдадым. Бірақ бізді Ақордаға алып барып алдын ала дайындады. Марапатты алғанда қатты қуандым», – деп Нұрзейнеп апай әлі күнге мақтаныш сезімі басылмағанын білдірді.

Ғұмырының 40 жылын бір салаға арнаған

40 жыл – бір адамның ғұмырына тең уақыт. Осы аралықта талай мамандық ауыстыруға, түрлі салада бағын сынауға болады. Бірақ Нұрзейнеп Пірманова өзінің сүйікті ісін ешқашан ауыстырған емес.

Небәрі 20 жасында алғаш әуежай кеңістігіне аяқ басқан қыз сол күннен бастап бұл жерден алыстамады. Қыстың сықырлаған аязы, жаздың ми қайнатқан ыстығы, түнгі рейстер мен таңғы ұшулар – бәрінде Нұрзейнеп апай ұшақтардың қанаты мен әйнегін жарқыратып тазалап, жаңа сапарға аттануға дайындап отырды.

«Ұшақ болсын, тікұшақ болсын, нені жуу керек болса, қашан да дайынмын. Бізді келген рейске жібереді. Кішілерін 10 минутта, үлкендерін 15 минутта жинап шығуымыз керек. Одан кешіксек рейстің кешеуілдеуіне тура келеді. Сондықтан тез арада жуып, тазалап, шаңсорғышпен шаңын алып шығамыз», – дейді қолынан шаңсорғышын тастамаған Нұрзейнеп Пірманова.

Фото: BM.KZ

Анасының жолымен баласы да авиация саласына келді

Бар ғұмырын Шымкент қаласына қонған әуе көлігін тазалаумен айналысқан ана баласының да осы салаға қызмет ететінін айтады.

«Менің көп уақытым жұмыста өтетін. Анда-санда барып тамағын жасап, нанын жауып кетемін, балаларым өздері үй жинайтын. Өсе келе үлкен балам әуежайдың тексеру бөліміне жұмысқа кірді. Қазір бірге жұмыс істейміз», – дейді ол.

40 жылдан аса маңдай терін төгіп, үздіксіз еңбек еткен Нұрзейнеп Жаңабекқызы үшін марапат тек жеке жетістік емес. Ол тасада қалып қойған, бірақ аса маңызды жұмысты абыроймен атқарып жүрген барлық қарапайым еңбек адамына көрсетілген құрметтің белгісі деп біледі.

Әсел Мәдәліқызы,

Шымкент, BM.KZ

«Ерен еңбегі үшін» Нұрзейнеп Пірманова ұшақ ұшу аппаратын жуушы

Оқылып жатыр

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

Жаңалықтар 7 апреля, 2026

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 4 адамды кене шақты, деп…

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026

Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: Air Astana рейстеріне өзгеріс енгізіледі

26 февраля, 2026

Алматыда 8 келі метамфетамин тәркіленіп, күдікті қамауға алынды

26 февраля, 2026

Алматыдағы даулы оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді

26 февраля, 2026

Бүгін республика жолдарындағы ахуал қандай

26 февраля, 2026

Куба жағалауында атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

26 февраля, 2026

Астанада оқушылар онлайн оқитын болады

26 февраля, 2026

–40 градусқа дейін аяз: Қазақстанда күн күрт суытады

26 февраля, 2026

Атырауда трансгендерлерге қатысты резонанс тудырған оқиға: мән-жайы айтылды

25 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.