• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Бүкіл аймақ сусыз қалуы мүмкін»: Кош-Тепа каналының салынуы Қазақстанға қалай әсер етеді

«Бүкіл аймақ сусыз қалуы мүмкін»: Кош-Тепа каналының салынуы Қазақстанға қалай әсер етеді

15 мая, 2025 Басты тақырып

Ауғанстанда Кош-Тепе каналының салынуы Сырдария арқылы Қазақстанға келетін су көлемінің азаюына себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Baimedia.kz.

Астана қаласында өткен «Су қауіпсіздігі және трансшекаралық су ресурстарын пайдалану: сын-қатерлер мен шешімдер» атты халықаралық конференция барысында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов Қазақстан мен Ауғанстан арасында тікелей шекара болмағанымен, жаңа каналдың салынуы елге бәрібір әсер ететінін айтты.

«Алдағы уақытта судың күрт ауытқуы болмайды деп есептейміз. Бірақ стратегиялық тұрғыда Сырдария өзенінің ағысы азаятынын түсініп отырмыз. Бұл Аралымыздың тағдырына тікелей ықпал етеді», – деді ол.

Конференцияны Қазақстанның жасылдар партиясы — BAYTAQ ұйымдастырды. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаевтың айтуынша, болашақта Әмудария суының шамамен 25–30 пайызы Ауғанстандағы жаңа каналға бағытталуы мүмкін. Демек, Өзбекстан мен Түрікменстанға су аз түседі.

«Сәйкесінше, Өзбекстан Сырдарияның суын көбірек пайдалануы ықтимал. Бұл Қазақстанға келетін судың көлемін 30–40 пайызға дейін қысқартуы мүмкін. Біз біреуді сынау үшін емес, түсіністік орнату үшін жиналдық. Мүмкін біз Ауғанстанға жаңа технологиялармен көмектесе аламыз. Сол себепті қазақстандық және халықаралық ғалымдарды шақырдық. Олар каналдың тиімді салынуын, су шығынының аз болуын талқылап, қаржыландыру мәселесін көтерді. Green Finance Centre-ді шақырып, қаржылық қолдау жолдарын да қарастырдық. Өйткені бұл – ортақ мәселе», – деді Әміртаев.

Су ресурстары жөніндегі сарапшы Булат Есекин Кош-Тепе арнасының салынуы Орталық Азияға үлкен экологиялық қауіп төндіретінін айтты. Оның сөзінше, мәселені шешудің басқа жолын қарастыру керек. Мысалы, Ауғанстанға судан бас тартқаны үшін азық-түлік пен энергия алуға мүмкіндік беретін келісім жасау.

Есекиннің айтуынша, Дүниежүзілік банк пен БҰҰ Даму бағдарламасының осыдан он жыл бұрын жасаған бағалауы бойынша, Орталық Азия, оның ішінде Қазақстан үшін өңірлік ынтымақтастықтың әлеуеті жылына 63 миллиард доллардан асады. Ал Ауғанстан бұл арнаны салу арқылы небәрі 500 миллион доллар пайда көреміз деп отыр — бұл көрсеткіштің 1 пайызынан да аз.

«Кош-Тепе арнасының құрылысы Аралдың табытына қағылған соңғы шеге іспетті. Арал теңізінің экожүйесі қайтымсыз құлдырау шегіне жетті. Сондықтан бұл экожүйелерді сақтау үшін халықаралық ұйымдарды, делдалдарды, жекеменшік компанияларды тарту қажет. Өйткені осы экожүйелер жойылып кетсе, соның салдарынан судың табиғи қоры, соның ішінде Ауғанстанға тиесілі су ресурсы да, тез арада сарқылады. Нәтижесінде бүкіл аймақ сусыз қалуы мүмкін», — деп ескертті сарапшы.

Су тапшылығы артып келе жатқан қазіргі жағдайда мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына да назар аударылды. Әміртаев былай деді:

«Өздеріңіз де естіп жатырсыздар ғой, БАҚ-та болашақта су қақтығысы ең ірі, күрделі мәселе болады деп айтылып жатыр. Біз қарап отырмай, бүгіннен бастап келіссөздер жүргізуді бастауымыз керек. Ең бастысы — аймақтық келісімге қол жеткізу. Қазақстанға судың көп бөлігі көрші елдерден келеді. Егер сол елдермен ынтымақтастық келісімдер арқылы жұмыс істеп, жаңа технологияларды қолдана отырып, суды тиімді әрі үнемді пайдалансақ, су бәрімізге жетеді. Ол ұзақ уақытқа, тіпті жүз жылдарға жетуі мүмкін».

Конференция жұмысына мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, экологиялық партиялар мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты. Сондай-ақ гидрология, экология және халықаралық су құқығы саласындағы сарапшылар да сөз сөйледі.

«Біз Қазақ еліне тікелей шекаралас болмасақ та, біздің батыс өлкеміз сіздердің шығыстарыңызбен ұштасып жатыр. Үлкен-үлкен мәңгі қарлы таулар бір-бірімен жалғасып жатады. Соңғы кездері сол мәңгі қарлы таулардың қары азайып бара жатыр. Бұл ортақ әдемі табиғатымыздың құрғақшылыққа ұшырап жатқанын білдіреді. Қазақстан табиғатындағы өзгерістер бізге де әсер етеді. Сондықтан бұл мәселені бірігіп шешуіміз керек», – деді Моңғолия Ұлы Құрылтайының мүшесі Замира Соныбайқызы.

Аталған конференция 2026 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өтетін Орталық Азия елдерінің Өңірлік климаттық саммитіне мазмұндық және саяси негіз қалайды.

Оқылып жатыр

Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шығарады

Алдағы күндері күн күрт суытады

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шығарады

Басты тақырып 8 апреля, 2026

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Оларды неміс нумизматикалық компаниясымен серіктестікте дайындаған. Қазақстан Ұлттық Банкі «Спорт»…

Алдағы күндері күн күрт суытады

8 апреля, 2026

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

8 апреля, 2026

Британия Канье Уэстке антисемиттік әрекеттеріне байланысты елге кіруге тыйым салды

8 апреля, 2026

Астана – Омбы бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды

8 апреля, 2026

Суару маусымына дайындық: 526 шақырым канал тазартылды

8 апреля, 2026

Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде Бублик алғашқы қарсыласын ұтты

8 апреля, 2026

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртеніп кете жаздады

8 апреля, 2026

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

8 апреля, 2026

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

7 апреля, 2026

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.