Ақмола облысында Арнасай су қоймасында демалуға келген бүтін бір отбасы суға батып қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 716.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 5 тамыз күні түстен кейін Аршалы ауданындағы Арнасай су қоймасында болған. Астанадан келген отбасы су айдынына демалуға келген. Алайда бұл орын шомылуға арналмаған.
Демалыс кезінде қызы суға бата бастағанын көріп, ағасы мен әкесі оны құтқаруға тырысқан. Алайда бір сәтте суда болғандар дүрліге бастаған. Сол кезде отбасын құтқару үшін балалардың анасы да суға түскен. Алайда ауа-райының қолайсыздығына байланысты жел мен толқынның әсерінен бүкіл отбасы суға батып кетті.