Биыл бюджетте 1,2 трлн теңге тапшы, деп хабарлайды Баймедиа.кз ақпараттық порталы.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, алғашқы 6 айда қазынаға 11,5 трлн теңгенің орнына 10,2 трлн теңге түскен. Биыл әсіресе, салық түсімдері азайып отыр. Жоспардағыдай 7,75 трлн теңге емес, кіріс 6 трлн теңге болған. Ал мемлекет меншігіндегі активтер мен бюджет несиесінің сыйақы мөлшері керісінше артты. Одан ел қазынасына биыл 120 млрд теңге түсуі керек еді. Алайда, оның көлемі 876 млрд теңгеден асты.