«Qarmet» кәсіпорнына қарасты өндірістік нысандардың бірінде екі жұмысшы қайтыс болды деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Кеше таңертең сағат 9-дан аса қаңылтыр илеу цехына қарасты ғимараттың шатырын демонтаждау кезінде «Казмеханомонтаж» серіктестігінің екі жұмысшысы құлаған. Зардап шеккендер 2005 және 1986 жылы туған азаматтар. Өкінішке қарай олар алған ауыр жарақаттарынан көз жұмды. Оқиғаның мән-жайын анықтау, тергеу үшін еңбек инспекциясы және компания өкілдерімен арнайы комиссия құрылды. Алдын ала болжам бойынша биікте жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік сақталмаған.